транссудациясын жасау. 7 страница
Медициналық этикада келесі принциптер қолданылады:
1. Жеке адамды құрметтеу.
Автономия.
3. Жақсылық жасау.
4. Зиян келтірмеу.
5. Шындықты айту.
6. Құпияны сақтау.
7. Әділдік.
Медициналық этиканың бір бөлігі – деонтология. Деонтология грек тілінен аударғанда - «тиісті» деген мағынаны білдіреді. Деонтология – басқа салаларға қарағанда, медицина мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласына өте тән қажетті ғылым.
Медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек науқасты емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.
Деонтологияның тараулары:
• Мейірбикемен науқастың қарым-қатынасы.
• Мейірбикемен қоғам арасындағы қарым-қатынас.
• Мейірбикемен науқастың туысқандарының ортасындағы қарым қатынасы.
• Мейірбикемен әріптестер арасындағы қарым- қатынас.
Деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы іске асыру үшін мынандай жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру, медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, ауруынан жазылатындығына иландыру.
Гиппократ: «Не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей біл... Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, достық пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да, орнықты түрде ысырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек» деген.
Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады.
Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.
Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс.
Науқастар ауруханаға түсіп, өздерінің қасына адамдар жинайды, «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды, басқа науқастарға агрессивті түрде өздерінше оңды-солды кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек.
Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады.
Эго дегеніміз :
- ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім;
- сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайлық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т.б./
Субординация –қызметіне қарай бір-біріне бағыну.
Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл –күйін, қорқыныш-уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты – дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі.
ЭТИКА – дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.
Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті оқытады. Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарын реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. “Адам адамға – дос, жолдас, бауыр” – деген ұлағатты сөз этикасының ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика – медициналық қызметкерлер жұмысындағы гуманизм көрінісі, деонтологияның теориялық негізі болып саналады.
ДЕОНТОЛОГИЯ – (гректің deon – тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы. Деонтологияның негізгі принципі – адам жеке басының қамын ойламай, өз мұддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.
Медициналық деонтология дегеніміз – медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптің парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.
Дүние жүзі, халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық діни, қоғамдық, мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен медициналық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек әртүрлі қоғамдық-экономикалы формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық - нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді.
Қай заманда болмасын дәрігерлер мен емшілерден, медицина қызметкерлерінен адамзатқа қызмет ету жолында олардың бойында адамгершіліктің, мейірімділіктің, ізгі ниеттіліктің, адамға деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын талап етіп отырған.
1.Мейірбикелік үрдіс
Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.
Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.
Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті қарастырды:
1. Тыныс алу
2. Тамақтану
3. Ішу
4. Бөліп шығару
5. Қозғалу
6. Дені сау болу
7. Дене қызуын сақтау
8. Ұйықтап, демалу
9. Киініп, шешіну
10. Таза болу
11. Қауіпсіз болу
12. Қарым – қатынас жасау
13. Өмірлік қазынаға ие болу
14. Қызмет ету, ойын ойнау, оқу
Тыныс алу қажеттілігі- оттегіні қажет ету адамның негізгі физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын түсініктер. Оттегі жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді, беткей болады, ентігу, жөтел пайда болады. Оттегінің ұлпаларда тұрақты жетіспеушілігі цианозға алып келеді, тері мен шырышты қабықтар көгереді. Бұл қажеттілікті қолдау медицина қызметкері үшін басты ауықымды (приоритетті) мәселе болуы керек. Адам бұл қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өмір сүруге қажет болған қанның газды құрамын қолдайды.
Тамақтанудың қажеттілігі -денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Рационалды және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмек береді. Мысалы жүректің ишемиялық ауруы жиі жануар майлары мен холестеринге бай тағамдарды тұрақты қабылдағанда дамиды. Тамақтың құрамында ақуыздың көп мөлшерде болуы жаралардың тез жазылуына көмектеседі. Медқызметкер науқастың тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру үшін рационалды дұрыс тамақтануды үйретіп ұсыныстар беруі қажет. Күнделікті жеміс-жидектерді, сүт өнімдерін, ботқаларды, майсыз ет, балық, құс етін қабылдау ұсынылады. Қант, тәтті тағамдар, тұздар, алкогольді ішімдіктер шектеледі. Тамақтану қажеттілігінің қанағаттанбауы адам денсаулығының бұзылуына алып келетінін ұмытпау керек.
Ішу қажеттілігі- бұл күнделікті 1,5-2 литр сұйықтықтар: су, шай, кофе, сүт, сорпа, жеміс-жидектер қабылдау. Мұндай мөлшер зәрмен, нәжіспен, терлеуде, тыныс алуда жоғалтқан сұйықтықты толтырады. Су балансын сақтау үшін адам бөліну мөлшерінен көбірек сұйықтық қабылдау қажет. Сұйықтықты аз қабылдау дененің сусыздануына, ал шамадан тыс яғни 2 литрден артық қабылдау бірнеше жүйе, ағзалардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Мейірбикенің сусыздану немесе ісіктердің пайда болу қаупін алдын ала анықтауы көптеген асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Бөліп шығару қажеттілігі-тағамның қорытылмаған бөлектері ағзадан зәр, нәжіс түрінде бөліп шығарылады. Бөліп шығару режимі әрбір адамда жекеше болып келеді. Басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруды қалдыруға мүмкін болғанымен, бөліп шығаруды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Ұйықтау, дем алу қажеттілігі- ұйқы аз болған жағдайда қандағы қант деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі нашарлап, ойлау процестері бәсеңдейді, зейін тұрақсызданады, қысқа мерзімді есте сақтау нашарлайды. Американдық ғалымдардың зерттеуі бойынша жарты түн ұйықтамаған адамда фагоцитоз үшін жауапты болған қан жасушалары 2 есе төмендейді. Науқас адамға ұйқы өте қажет, өйткені ұйқы науқас жағдайының жақсаруына алып келеді. Зерттеу барысында ұйқының бірнеше кезеңдері анықталған.
І кезең-жәй ұйқы.Ұйқы жеңіл және бірнеше минутқа ғана созылады. Бұл кезеңде ағзаның физиологиялық белсенділігі төмендейді, өмірлік маңызды мүшелердің қызметі, зат алмасу процестері бәсеңдейді. Адамды ояту оңай, егер ұйқы бөлінбесе, 15 минуттан кейін ІІ-кезең байқалады.
ІІ кезең - жәй ұйқы.Ұйқы терең емес, 10-20 минутқа созылады. Өмірлік функциялар әрі қарай әлсірейді, толық босаңсу байқалады.
ІІІ кезең-жәй ұйқы. Ең терең ұйқы кезеңі, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту қиын. Өмірлік маңызды функциялардың әлсіреуі жалғасады.
ІV кезең-жәй ұйқы.Терең ұйқы, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңде физикалық күштің қалпына келуі байқалады. Өмірлік маңызды функциялар ояу қалпына қарағанда әлсіз. ІV-кезеңнен соң 3-ші және 2-ші кезеңдер қайта байқалады, содан соң ұйқының 5-ші кезеңі байқалады.
V кезең-тез ұйқы.І-кезеңнен 50-90 минуттан соң түрлі түстер байқалады. Көздердің аз қимыл -әрекеттері, жүрек соғуы, тыныс алу жиілігі, қан қысымы өзгереді. Дене бұлшық еттерінің тонусы төмендейді. Бұл кезеңде адамның психикалық қызметтері қайта қалпына келеді, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңнің созылу уақыты –шамамен 20 минут.
V-ші кезеңнен кейін қысқа уақыттан соң 4, 3, 2 содан соң қайтадан 3, 4 және 5-ші кезеңдер яғни, ұйқының келесі циклы байқалады.
Адамның ұйқысына бірнеше факторлар әсер етеді: физикалық талығу, дәрілік заттар, есірткілер, өмір сүру қалпы, эмоционалды стресс, қоршаған орта және физикалық жүктеме. Ауырсынумен, физикалық әлсіздікпен, уайыммен, депрессиямен сипатталатын кез-келген ауру ұйқы бұзылуына алып келеді. Мейірбике науқасты тағайындалған дәрілердің жалпы және ұйқыға әсерімен таныстыруы керек.
Демалу- физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда жатып қана емес, сонымен қатар арнайы жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық, басқа адамдардың болуы демалуға кедергі жасауы мүмкін.
Қозғалу қажеттілігі –адам үшін қимыл - әрекеттердің шектелуі немесе мүлдем жоғалуы адам үшін көп мәселе тудырады. Мұндай жағдай аяқтардың жарақаттарында, созылмалы аурулардағы ауырсынумен, бас ми қан айналымы бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. Қимыл - әрекеттердің жоғалуы ойылу дамудың қауіпті факторларына жатады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылулары жүрек пен өкпе қызметіне әсер етеді. Қимыл -әрекеттердің ұзақ мерзімді жоғалуы ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерге: диспепсия, метеоризм, анорексия, іштің өтуіне, іштің қатуына алып келеді. Сонымен қатар зәр шығару қызметі бұзылып, қуық инфекциясына алып келеді. Науқастың басты мәселесі адам тұлғасының қалыптасуына елеулі әсер ететін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алмайды.
Қауіпсіз болу- көпшілік адамдар үшін қауіпсіз болу сенімділік пен жайлылықты, ыңғайлылықты білдіреді. Науқастың кереуеті немесе каталка жақсы бекітілгенде, палата едені құрғақ болғанда, онда бөтен заттар болмағанда, жарық жеткілікті болғанда, көру нашар болғанда көзілдіріктің болуы науқаста қауіпсіздік сезімін туғызады. Науқас өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар айналасындағыларға зиянын тигізбейтініне сенімді болуы керек, стресті жағдайлардан қашу керек.
Әлеуметтік қажеттіліктер -бұл жанұяға, достарына, олармен қарым-қатынасқа, қолдауға т.б. қажеттілік. Егер адам өзін қажетсіз, жалғыз, ешкімге керексіз сезінсе, демек оның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттанбаған.
Қажеттіліктерді реттей отырып сыртқы орта факторларын ескеру қажет.
Қажеттіліктерді қанағаттандырудың деңгейіне байланысты болған сыртқы факторларға адамның қоршаған орта жағдайлары жатады.
Өзгертуге болмайтын факторларға: адамның жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы жатады.
Адамның өмір сүру қалпына әсер ететін қауіп факторлары қажеттіліктерді қанағаттандыру бұзылуларына алып келуі мүмкін. Оларға: экология, гиподинамия, артық дене салмағы, зиянды әдеттер, стрестік жағдайлар т.б. жатады. Оларды төмендегідей топтауға болады:
Салалар | Денсаулық үшін маңыздылығы шамамен % | Факторлар |
Өмір сүру түрі Адам генетикасы, биологиясы Сыртқы орта, табиғи ауа райы жағдайлары Денсаулық сақтау | 49-53 % 18-22 % 17-20 % 8-10 % | -темекі тарту, арақ ішу -есірткі қабылдау -дәрілерді көп қабылдау -дәрілерден бас тарту -еңбектің зиянды жағдайлары -стрестік жағдайлар -дұрыс тамақтанбау -адинамия, гиподинамия -әлеуметтік материалды жағдайдың төмен болуы -жанұяның толық болмауы -жалғыздық -білім және мәдениет деңгейінің төмен болуы -тұқым қуалау ауруларына бейім-ділік -дегенеративті ауруларға бейімділік -ауаның канцерогендермен ласта- нуы -судың ластануы -топырақтың ластануы -атмосфералық құбылыстардың бірден өзгеруі -профилактикалық шаралардың тиімсіздігі -медициналық көмектің төмен сапасы -уақытылы медициналық көмек көрсетілмеу |
1943 жылы американдық психолог А.Маслоу адамның қымыл-әрекетін анықтайтын қажеттіліктер иерархиясы теорияларының бірін ұсынды. Бұл теория бойынша кейбір қажеттіліктер басқаларына қарағанда адам үшін маңыздырақ болып келеді. Соған сәйкес ол оларды иерархиялық жүйе бойынша жіктеді.
Пирамиданың 1-ші сатысы.
Маслоу пирамидасының 1-ші сатысынсыз өмір сүру мүмкін иемес. Бұл тірі қалу мұқтаждықтары, оған жататындар:
- Тыныс алу
- Тамақтану
- Су ішу
- Бөлу (шығару) мұқтаждықтары
Бұл мұқтаждықтар төменгі физиологиялық мұқтаждықтар деп аталады.
Пирамиданың 2-ші сатысы- қауіпсіздік мұқтаждықтары.
Адам өмір бойы өседі, дамиды, өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста болады, соған байланысты адамда өмірлік маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл мұқтаждықтар адам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар:
1. Ұйықтау, дем алу
2. Таза жүру
3. Киіну, шешіну
4. Дене қызуын бір қалыпта ұстау
5. Дені сау болу
6. Қауіптен сақтану
7. Қимылдау
Бұл 1-2-ші саты Маслоу пирамидасының іргетасын құрайды.
Пирамиданың 3-сатысы - әлеуметтік қажеттіліктер, қажет болу мұқтаждығы жатады. Адамға өмір сүру барысында қоғамға қажет болу, қоғамның қолдауы, түсінуі, қоғам қабылдауы қажет. Адамға қоршаған орта туралы мәліметтер қажет. Бұны қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру арқылы жүзеге асырады. Бұл сатыға қарым-қатынас жасау қажеттілігі жатады.
Пирамиданың 4-ші сатысы.Қоғамдаөмір сүру табысқа жету қажеттілігін тудырды. Бұл сатыға жетістіктерге жету, өмірлік қазынаға ие болу қажеттілігі жатады.
Пирамиданың 5-ші сатысы -қызмет ету мұқтаждығын қажет етеді. Адам өзінің төменгі сатылы мұқтаждықтарын қанағаттандырмайынша, жоғарғы психологиялық-әлеуметік мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды. Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі, өмір бойы қанағаттандыруға тиісті.
Медбикелік үрдіс кезеңдері
Медбикелік үрдіс 5 кезенге бөлінеді:
- Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;
- Медбикелік диагноз (диагностика);
- Күтімді жоспарлау;
- Жоспарлауды жүзеге асыру;
- Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.
Науқас туралы ақпарат көзі:
1. Емделушіден сұрастыру
2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру
3. Дәрігермен сұхбаттасу
4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу
5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.
6. Емделушінің ауру тарихымен танысу
Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.
Дәрігердің міндеті – дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.
Медбикенің міндеті – емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.
Медбикелік диагноз түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасында Америкада пайда болып, 1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді. Медбикелік диагноз – емделушінің физиологиялық және психологиялық өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық немесе синдромдық диагнозы.
Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау
Дәрігерлік диагноз | Медбикелік диагноз |
- Ағзадағы нақты аурудың патологиялық процестің негізін айқындайды - Түрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуы мен олардың себебін яғни пато-физиологиялық, патолого-анатомиялық өзгерістерін анықтау - өзгермейді | - Ағзадағы терең патологиялық процеске емделушінің сыртқы жауапты реакциясын сурет-тейді - Адамның негізгі қажеттілік-тері қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет көрсетудің бұзылуының нәтижесі ретінде, яғни ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінік - бірнеше рет өзгереді |
Медбикелік мәселелердің негізгі саласы
Медбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады. Бұл жауап:
1. физиологиялық
2. психологиялық және рухани
3. әлеуметтік болуы мүмкін
Физиологиялық медбикелік мәселелер
· созылмалы немесе жедел ауру;
· жеткіліксіз немесе артық тамақтану;
· ісіктер немесе сусыздану;
· тұншығу;
· әлсіреу;
· гигиенаның сақталмауы т.б.
Психологиялық және рухани медбикелік мәселелер
- қорқу, абыржу, тынышсыздану;
- бос уақыт тапшылығы;
- медқызметкерлерге сенбеу;
- дәрілерді қабылдаудан бас тарту;
- отбасындағы жанжал;
- өлімнен қорқу.
Әлеуметтік медициналық мәселелер
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3737;