Инклюзивті білім беруді жетілдіру

2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік құқықтық база құрылады:

- инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленді;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленді;

- жалпы білім беретін ортада мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың тәртібі әзірленді, дамуында әртүрлі бұзушылықтары бар балалар үшін біріктірудің нысаны анықталды;

- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленді.

Мүгедек балаларға арналған 830 мектепте көтерме құрылғылар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы аспаптар, арнайы парталар, үстелдер және т.б. арнайы компенсаторлық құралдар орнату арқылы «кедергісіз аймақ» құрылады.

3030 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуға және тәрбиеленуге тең қол жеткізулері үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдедің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).

2020 жылға қарай:

Қосымша білім беру білім алушылар үшін беделге ие болады және тұлғаның кәсіби тұрғыдан қалыптасуына ықпал етеді. Қосымша білім берумен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 30-50%-ы қамтылатын болады.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған мектептердің үлесі жалпы санынан 70%-ға артты. Жалпы санынан мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізу» жағдайын жасаған мектептердің үлесі - 20%. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтамасыз етілген балалардың үлесі - 50%. Медициналық қызмет көрсету мен мектептегі тамақтанудың тиімді менеджменті ұйымдастырылатын болады.

 

 

Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:

- біріктірілген сыныптармен;

- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.

Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.

Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді» деп атап көрсетеді [1, 3].

«Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды»[2].

Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар:

1) Бастауыш шағын жинақты мектеп;

2) Негізгі шағын жинақты мектеп;

3) Орта шағын жинақты мектеп.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2846;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.