Темірбетон иілген элементтердің көлбеу қималары бойынша жұмысы

 

Көптеген эксперименттердің нәтижесі темірбетон иілген элементтердің тіректерінің маңайында көлбеу жарықшақтардың пайда болуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Темірбетон иілген элементтердің көлбеу қималары бойынша қирауы июші моменттер мен көлденең күштердің бір мезгілде әсер етуінің салдары.

Арқалықтың қимасында июші моменттен (М)-тік кернеулер ( ), ал көлденең күштен ( ) жанама кернеулер ( ) пайда болатындығы материалдар кедергісі пәнінен белгілі.

Арқалықтың көлбеу қималарында тік және жанама кернеу арқасында басты созушы кернеулер пайда болады

 

(1)

Басты созушы немесе сығушы кернеулер бетонның есептік кедергісіне жеткенде темірбетон элементтерінің қирауы басталады.

Басты сығушы кернеу ( ) бетон үшін қауіпті емес, себебі бетон сығылуға жақсы жұмыс істейді. Осы кернеу жұқа қабырғалы ТБЭ-терге және қысқа тіреуішке (консоль) қауіпті болады.

ТБЭ-терге тым қауіпті деп басты созушы кернеу ( ) саналады. Басты созушы кернеу бетонның есептік созушы кернеуіне жеткенде ТБЭ-те көлбеу жарықшақтар пайда болады.

 

Сурет.

ТБЭ-ті жүктегенде көлбеу жарықшақтар біртіндеп ашылып және осы (І-І) көлбеу қима бойынша элемент екі бөлікке бөлінеді. Бұл екі бөлік сығылған бетон мен және көлбеу жарықшақты қиып өткен арматурамен қосылады (бойлық және көлденең стержіндер).

ТБЭ-ті одан ары жүктегенде көлденең және бойлық арматурада, сығылған бетонда кернеудің шамасы жоғарылайды. Көптеген жағдайда бірінші көлденең арматурада созылған кернеу ( ) есептік кедергісіне жетеді . Одан кейін бойлық арматурада немесе сығылған бетонда кернеудің шамасы шектік шамасына жетеді ( ). Осыған байланысты элементтің қирауы көлбеу қимада екі жағдай бойынша өтеді.

1 жағдай: ТБЭ-тер әлсіз бойлық стержіндермен арматураланған кезде бойлық және көлденең арматурада кернеудің шамасы есептік кедергісіне жетеді - . Элементтің екі бөлігі бетонның сығылған аймағының ауырлық центріне (В-нүкте) салыстырмалы өзара бұрылады ( ).

Июші момент әсер еткенде көлбеу қиманың беріктігі жеткілікті болмағанда элементтің қирауы 1 жағдай бойынша өтеді.

2 жағдай: Күшті және жақсы анкерленген бойлық арматура элементтің екі бөлігінің бұрылуына кедергі болады. Бойлық арматурада кернеу шектік шамасына жетпей тұрып ( ), сығылған аймақта бетон қирайды ( ). Сол кезде көлденең арматурада кернеудің шамасы шектік шамасына жетеді ( ).

Көлденең күш әсер еткенде көлбеу қиманың беріктігі жеткілікті болмағанда элементтің қирауы 2-жағдай бойынша өтеді.

ТБИ элементтердің көлбеу қималары бойынша беріктігін қамтамасыз ету үшін келесі есептер жасау керек:

1) Жарықшақтардың арасындағы сығылған бетонның көлбеу жолақ бойынша;

2) Көлбеу жарықшақ бойынша көлденең күштің әсеріне;

3) Көлбеу жарықшақ бойынша июші моменттің әсеріне;

4) Көлбеу жарықшақтардың дамуын шек қою шартына (көлденең арматурасыз элементтерді есептеу).

 

Темірбетон иілген элементтердің беріктігін көлденең күштердің әсерінен көлбеу жарықшақтардың арасындағы сығылған бетонның жолақ бойынша есептеу

Көлбеу жарықшақтардың арасындағы бетон жолағы екі осьтік кернеулік жағдайда болады: жол бойымен ( ) бас сығушы кернеулер әрекет етеді, ал жолаққа көлденең бағытта – созушы кернеулер көлденең арматурадан бетонға әсер береді. Осы жағдайдағы бетонның беріктігі бір осьтік сығылуға қарағанда

 

төмен болады. Сондықтан көлбеу жарықшақтар арасындағы бетонның сығылуға беріктігін қамтамасыз ету үшін келесі эмпирикалық шарт орындалуы тиіс.

 

, (2)

 

Мұндағы:

- көлденең арматураның әсерін еске алатын коэффициент;

- көлденең стерженьдер бойлық оське тік болған кезде;

- көлденең және бойлық стерженьдердің арасындағы бұрыш 450 тең болған кезде;

; ;

- көлденең стерженьдермен арматуралау коэффициенті;

- көлденең стерженьдердің адымы.

ауыр бетон үшін;

жеңіл бетон үшін;

екі осьтік кернеулік жағдайда бетонның беріктігі төмендеумен ескеретін коэффициент.

Егер (2) – шарт орындалмаса онда көлденең қиманың өлшемдерін немесе бетонның классын жоғарлату керек.








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 3214;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.