Темірбетон иілген темірбетон элементтердің көлбеу қималарын июші моменттер әсеріне есептеу
Элементтердің беріктігі азайған учаскілерінде көлбеу қима өтетін болса, бұл қиманы июші момент әсеріне есептеу керек:
- арқалықта бойлық арматура үзілген жерінде;
- элементтердің пішін үйлесімі өзгерген жерінде;
- тіреуіштің бас ұшында бойлық арматураның арнаулы анкерлері болмаған жағдайда.
ТБЭ-дің көлбеу қиманың беріктігін қамтамасыз ету үшін келесі орындалуы тиіс.
(28)
(28)-формулада оң жағы көлбеу қиманы қиып өткен бойлық, көлденең және көлбеу стержіндерден сығылған бетонның ауырлық центріне (D-нүкте) салыстырмалы моменттердің қосындысына тең.
Егер барлық бойлық арматураны жақсы арнерленген жағдайда және тіректерге дейін жеткізілген болса, онда беріктік шартты июші моменттің әсеріне барлық қимада орындалады. Бұл жағдайда көлбеу қималарын июші моменттер әсеріне есептеу қажет емес.
Арқалық конструкцияларда болат шығынын үнемдеу үшін бойлық стержіндерді тіректерге дейін жеткізбейді, есеп бойынша қажетті емес учаскілерде бойлық стержіндерді үзеді. Үзілетін стержіндерді теориялық бойынша үзу нүктесінен артына W-ұзындыққа жеткізу керек. W-ұзындығы көлденең күштің әсерінен көлбеу қиманың беріктігі шартынан табылады:
(29)
(30)
Бойлық стержіндердің теориялық әдіс бойынша үзу нүктесін графикалық немесе аналитикалық тәсілдер бойынша табуға болады.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 1449;