Тас қалауының материалдары
Тас қалауының материалдары үшін салмағы 40 кг-нан аспайтын жеке тастар және зауыт жағдайында дайындалатын тас бұйымдар жасалынады – блоктар; панельдер.
Тас материалдары жасанды және табиғи түрде болады. Ауыр табиғи тас материалдар - әк тастар, құмдақ (құмтас), гранит. Осы тастардан іргетастарды және конструкциялардың беттік қаптамасы жасалынады.
Жеңіл табиғи тас материалдар – ұлутас, туф – тау жынысы және осы жеңіл табиғи тастардан қабырғалар жасалынады.
Жасанды тас материалдар кәзіргі уақытта құрылыста көп жағдайда пайданалады. Жасанды тас материалдарына жатады:
а) майда тас материалы
- керамикалық кірпіштер мен тастар (580-80 МЕУЛ «Керамикалық кірпіштер мен тастар. Техникалық шарттар»);
- силикаттық кірпіштер мен тастар (379-79 МЕУЛ «Силикаттық кірпіштер мен тастар. Техникалық шарттар»);
б) ірі тас бұйымдары:
- қабырғалық бетон тастары және блоктары (6133-84 МЕУЛ «Бетондық қабырғалық тастар»; 19010-82 МЕУЛ «Ғимараттардың сыртқы қабырғаларына арналған жеңіл бетон блоктары» Техникалық шарттар»);
- кірпіштен және керамикалық тастардан тұратын қабырғалық панельдер мен блоктар (24594-81 МЕУЛ).
Ірі кірпіш блоктарын сыртқы және ішкі қабырғаларда, жертөле, цоколь және ернеулерде (карнизде) қолданады. Олар зауыттарда немесе арнаулы жабдықталған полигондарда керамикалық кірпіштер мен тастардан тасқалауы түрінде дайындалады. Жеңілдетілген тасқалауының блоктарындағы қуыстарды толтыру үшін бетондар қолданылады (тығыздығы ; сығылуға беріктігі 1б5 МПа кем емес).
Керамикалық кірпіш пен тастан тұратын панельдер:
- конструкциясы бойынша бірқабатты және көпқабатты;
- тағайындалуы бойынша сыртқы және ішкі панельдерге, қалқаларға;
- күшсалмақтардың түрлері бойынша көтергіш, өзін-өзі көтеретін және көтермейтін (көтергіш емес, ілінетін) болып бөлінеді.
Панельдерді дайындау үшін маркасы М75, 100, 125, 150, 200, 250 керамикалық және силикаттық кірпіштен тастарды пайдаланады, ал құрылыс ерітінділер ретінде қолданылатын маркасы М75,100,150,200.
Панельдердің жылытқыш есебінде пайдаланатын материалдар:
- синтетикалық және битумдық байламдағы минералдық мақтадан жасалынған қатаң плита;
- кеуек пластмассадан жасалынған блоктар мен плиталар;
- фибролиттен және ұялы бетоннан жасалынған плиталар.
Тұтас кірпіштен дайындалған бірқабатты панельдерді тік және горизонталь бағытта орналасқан стержіндік немесе сымдық арматурамен арматуралайды. Бірқабатты панельдерді жылытылмайтын бөлмелердің сыртқы қабырғаларының, көпқабатты ғимараттардың ішкі көтергіш қабырғаларының және өндірістік, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардың қалқаларының тасқалауларында қолданады. Ғимараттың ілінетін және өзін-өзі көтеретін сыртқы қабырғаларында көп қабатты кірпіш панельдер қолданады және олар екіқабатты, үшқабатты болып бөлінеді.
Екіқабатты қабырға панельдерінде қалыңдығы кірпіш болатын көтергіш қабат сыртқы және ішкі қабат болуы мүмкін, сондықтан жылытқыш қатаң плиталарын панельдің ішкі және сыртқы жағынан орналастырады. Панельдің тұтастығы ішкі және әрлеу, өңдеу ерітінді қабаттарымен қамтамасыз етіледі. Әрлеу, өңдеу қабаттың қалыңдығы 40мм-ден кем болмауы керек және ол Вр-І класты d=3мм, ұяларының өлшемдері 150х150мм болатын маркалы дәнекерленген тормен арматураланады.
Үшқабатты панельдерде жылытқышты әрқайсысының қалыңдығы және кірпіш болатын тасқалауының екі қатарының ортасында орналастырады. Панельдің тұтастығы ерітінді қабаттарымен қамтамасыз етіледі. Осы қабаттарында дәнекерленген қаңқалар орналасады.
Тас конструкцияларды арматуралау үшін болат арматура қолданылады. Тормен арматуралау үшін А-І, Вр-І класты, ал ұзына бойлық және көлденең арматуралар, анкерлер мен байластырғыштар үшін А-І, А-ІІ, Вр-І класты арматуралар қолданылады.
Тасқалауының ерітінділері екі талапқа сәйкес болу керек:
i. қатқан жағдайда ерітінділердің беріктігі мөлшерлік шамадан төмен болмау керек;
ii. қалау кезінде ерітінді қолдануға қолайлы болу керек.
Ерітінділердің беріктігі сығылуға беріктігімен сипатталады, М-әрпімен белгіленеді ( ). Кубтарды өлшемі 70,7х70,7х70,7мм тең (28 тәуліктік мерзімде қатқан үлгі, t=20±20C). Осы кубты сынау арқылы ерітіндісінің маркасы анықталады: МО, 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200 (МО-жаңадан дайындаған ерітінділер).
Ерітіндінің қолдануға қолайлы болуы оның жеңіл түрде жұқа қабатты болып жағылуымен және барлық кедір-бұдырларды тегістеумен сипатталады. Ол үлгі конусының ертіндіге бату тереңдігіне байланысты анықталатын ерітіндінің жылжығыштығына сәйкес келеді. Әдетте дұрыс үлгідегі тасқалауы үшін конустың бату тереңдігі 6-10см болатын ерітінділер қолданылады.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 3864;