Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу

Крандарда жүк ілгіштерінің келесі түрлері қолданылады: құйылған бірмүйізді (кранның жүккөтерімділігі 75т дейін болғанда), қосмүйізді (жүккөтерімділік 5...75т болғанда), табақшалы бірмүйізді (жүккөтерімділік 37...300т болғанда) және табақшалы қосмүйізді (жүккөтерімділік 100...350т болғанда).

Құйылған ілгіштерді 20 немесе 20Г маркалы төмен көміртекті болаттардан жасайды. Ілгіштерді жасауға арналған болат маркалары металды шығарушы кәсіпорынның сертификатымен бекітілуі тиіс. Механикалық өңдеу алдында ілгіштер термиялық өңдеуден – толық күйдіруден өтеді, бұл металдағы ішкі кернеулерді түсіреді де, металл қаттылығы 95...135НВ дейін төмендейді.

Соғылған, қалыпталған және табақшалы ілгіштер МЕСТ талаптарына сәйкес дайындалуы тиіс. Ілгіш беті таза болуы қажет. Өңделген ілгіш ұштарында сызаттар, жарықшақтар, сүйір бұрыштар, кесінділердің болуына тыйым салынады.

Ілгіштерді механикалық өңдеудің технологиялық үдерістері дайындама түрлеріне байланысты болады (4.5-сурет) [11].

1-операция – ілгіш дайындамасын таңбалау – ілгіштің геометриялық осін анықтаудан басталады. Айлабұйымдағы дайындама ілгіштің радиусы болатын өңделмейтін ішкі бетіне базаланады. мм шамасы теңдеуімен анықталады, мұндағы, с – базалық беттен бастап өлшеніп белгіленетін размер. Таңбалаудың дұрыстығы әртүрлі қималардағы h шамасы мәндерінің теңдігімен анықталады.

 

 

4.5-сурет. Ірісериялы өндіріс кезінде соқпалы ілгіштің өңдеу операцияларының нобайлары:

1 – құралбілік; 2 – қысқыш; 3 – станоктың артқы бөлігінің центрі

 

2-операция – ілгіш өзекшесіндегі центрлік тесікті өңдеу – радиалды-бұрғылау (кіші және орташа размерлі ілгіштерді) немесе горизонталды-жону (үлкен размерлі ілгіштерді) станоктарында орындалады.

3-операция – өзекшені токарлық өңдеу және бұранда салу – токарлық-бұранда кескіш станоктарда жүргізіледі.

Бұл операцияларды орындап болған соң тозу жапсырмаларын орналастыру орындарын фрезерлеу үшін ілгішті таңбалау жүргізіледі, содан кейін горизонталды-фрезерлеу станогында ферезерлеу орындалады. Қорытынды операцияға слесарлық өңдеу жатады. Әрбір қабылданған ілгіште стандарт бойынша ілгіш номері, металл мен балқыту номері, шығарушы кәсіпорын атауы, дайындау уақыты көрсетілуі тиіс. Бұйым паспортында соғылма сертификаты, тексеру мен беріктікке сынау нәтижелері берілуі қажет.

 

 








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2015;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.