Тексеру әдістері.

 

Сұрау әдісінің маңызы зор. Бүйрек сырқаттарында науқас бастың ауруына, айналуына, зәр шығу дәрісінің бұзылуына шағым жасайды. Сонымен қатар көз көруі бұзылады, тамаққа тәбеті төмендейді, дене қызуы көтеріледі. Егер науқас ауырсынуға шағым жасаса,онда ауырсынудың қай жерге берілетінін анықтаймыз. Негізінде белдің ауырсынуы зәр шығару жолдарына, жыныс мүшелеріне әсер етеді. Бүйрек сырқаттарында байқалатын ауырсыну бүйрек тостағаншалардың және бүйрек капсуласының созылғанынан пайда болады.Бүйрек шаншуында ауырсыну қатты сезіледі, несеп ағар жолына, қуыққа әсер етеді. Ауру сыртартқысын науқастан сұрап отырғанда алдында болған сырқаттармен сәйкестіре отырған жөн (баспа, іріңді отит т.б.) Сырқаттың бастапқы кезеңін анықтау қиын, өйткені бүйрек аурулары бір мезгіл жасырын өтуі де мүмкін.

Бүйректі тікелей тексеру біршама қиындықтарды туғызады, өйткені

көлемі мен пішіні қалыпты, сау бүйректі қарау, сипалау және тықылдату жүргізу мүмкін емес, себебі, бүйрек іш пердесінің қуысында терең орналасқан, артынан қалың бұлшық ет қабатымен жабылған, алдында ішектер орналасқан. Бүйрек ұлғайғанда немесе орнынан ығысқан (бүйректің түсуі) жағдайда ғана ағзаны сипалау мүмкіндігі туады. Науқасты жатқызып және тұрғызып бүйрекке сипалау жүргізеді. Бүйректі сипалау екі қолмен атқарылады.

 

Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерістері

Бейнелеме

Науқастың шағымдары
1.Беттің домбығып, ісінуі көбінесе таңертең ұйқыдан кейін 2.Дизуриялық өзгерітер (зәрдің шығуының, мөлшерінің өзгеруі) 3.Бел маңайының ауырсынуы, жыныс мүшелеріне әсерін тигізуі 4.Дене қызуы көтеріліп, улану белгілерінің білнуі 5.Бастың ауыруы, көз қабілетінің нашарлауы

 

Ауыру сыртартқысы
1.Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер 2.Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері 3.Өткізілген тексерістердің көрсеткіш нәтижелері 4.Қолданған емнің түрі және ағзаға әсері

 

Өмір - баян сыртартқысы
1.Тұқым қуалаушылық 2.Жағымсыз қылықтары 3.Мамандығының негізгі ерекшеліктері 4.Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы

 

Науқасты тікелей тексеру

Қарау Сипалау Тықылдату
Терінің бозаруы Ісіктің білінуі Трофикалық бұзылыстар Бүйректерді Несеп ағар жолының бойымен Пастернак белгісін анықтау Ісіктік сұйықты анықтау

 

Зертханалық тексеру Құрал – жабдық арқылы тексеру
1.Жалпы қан анализі 2.Биохимиялық қан анализі 3.Зәрді тексеру (жалпы зәр анализі, зәрді бактерияларға тексеру, зәрді Нечипоренко және Зимницкий сынамасына тексеру)   1.Кешенді бүйректің рентгенографиясы 2.Ультра дыбыспен зерттеу 3.Урография, хромоцистоскопия 4.Сканерлеу әдісі 5.Көздің түбін тексеру  

Бүйректің төмен түскенін анықтау үшін науқасты тұрғызып тексерген дұрыс. Өзіндік ұрғылау немесе соққылау әдістері қолданылады (Пастернак белгісі). Зерттеуші адам сол алақаның оң немесе сол бүйрек маңайындағы белге қояды, ал басқа алақанымен немесе саусақтарының ұшымен соның үстінен ұрады. Егер ұрғылағанда ауырсыну байқалса, онда Пастернак белгісін оң нәтижелі деп есептейді. Бүйрек ауруларында артериялдық қан қысымы көтерілуі мүмкін, ол өткір және созылмалы нефритте байқалады. Созылмалы нефриті бар науқастарда гипертензия әсерінен басыңда торлы қабаттың тамырлары кішірейіп, одан кейін тамырлардың склерозы дамиды.

Бұнымен қоса зертханалық және құрал жабдық аппараттары арқылы тексеру өз маңыздылығын осы аурудың дерт анықтамасын нақтылауға үлесін қосады. Зәрде патологиялық қосылыстар болуы мүмкін. Гематурия (құрамында қан), пиурия (зәрде ірің болуы), протеинурия (зәрде ақуыздың) болуы өзгерістер байқалады. Айтылып кеткен өзгерістерді анықтау үшін зәрді зертханалық зерттейді. Зәрді зертханалық тексеріспен тексергенде келесі зәр анализдерінің түрлерін жүргізеді: жалпы зәр анализі, зәрді бактерияларға тексеру, Нечипоренко, Аддис – Каковский, Зимницкий сынамаларын жүргізу және т.б. Бүйрек ауруларын дерт анықтамасында функционалды сынамалар ерекше орын алады. Бүйректің ағзадағы пішіні, оның орналасқан орнын, құрамдық бөгде заттардың болуын рентген сәулесі мен ультра дыбыс зерттеу арқылы анықтайды, ал сүзбе жұмысын тексеру үшін бүйрекке бояу затын жіберіп, сол жіберген бояу заттың шыққан жылдамдық уақыты арқылы анықтайды (урография әдісі). Бүйректің қатерлі ісігін анықтау үшін биопсия тәсілін қолдана отырып, тінді зерттейтін орталыққа жіберіп, анықтайды. Сонымен қатар зәр жолдарын эндоскоп аппараттарымен жиі тексереді: уретроскоппен зәр шығару каналын, ал цистоскоппен қуықты тексереді.

Негізгі белгілері

Бүйрек ауруларына тән белгілер: ісіктер, зәр бөлінуі мен зәр шығарудың бұзылуы, зәрдің құрамының өзгеруі, артериялдық қан қысымының жоғары болуы. Бүйрек ауруларындағы ісіктер тұрақтылығымен жайылғаны, көрінуі әртүрлі. Ісік жиі таңертең бетте пайда болады, жылы және тығыз емес болады. Кейде олар барлық тері астына жиналып, мөлшері өте үлкен болады (анасарка); сұйықтың іш қуысында жиналуы мүмкін (асцит), кеуде қуысында жиналуы гидроторакс деп аталады. Зәр шығару жүйесінің ауруларындағы жиі белгінің бірі – диурездің өзгеруі. Тәулікті зәр мөлшерінің көбеюі – полиурия деп аталады, ал азаюы – олигурия, мүлдем шықпай тоқтап қалуы – анурия. Кейде түнгі зәрдің мөлшері күндізгі зәр мөлшерінен көбейіп кетеді , оны никтурия деп атайды. Ісіктер әдетте зәрдің бөлінуінің азаюымен байланысты. Диурездің кенеттен төмендеуі (тәулігіне 200 мл аз болуы) нақты анурияның белгісі болуы мүмкін. Зәрдің кенет бөлінуінің азаюы немесе зәрдің кенет тоқтауы зәрдің өткір шықпай қалуының белгісі, бұл кезде қуықта зәр болады, бірақ әртүрлі себептермен зәр сыртқа шықпайды. Мұндай жағдай несеп арнасының таспен немесе ісікпен бітелуіне байланысты. Диурездің біршама көбеюі бүйректің қызметінің қалпына келе бастағанының белгісі. Дизуриялық көріністер – ауырсыну және жиі зәр шығуы – көбінесе зәр шығару жолдарының қабынуымен байланысты (цистит, уретит, простатит), сонымен қатар несеп ағарда тас болғанда кездеседі. Бүйрек аурулары кейде науқасқа білінбей өтуі мүмкін, бірақ бүйректегі немесе зәр шығару жолдарындағы өзгерістер зәрдің сәйкес өзгеруін толтырады. Зәрдің түсінің өзгеруі көбінесе құрамында қанның болуына байланысты – макрогематурия. Бүйрек шаншуынан кейін пайда болған макрогематурия бүйрек тас ауруында көбінесе байқалады. Ауырсынусыз, кенеттен дамыған, көп мөлшерде болған макрогематурияда бүйрек ісігінің жоқтығын бақылау керек. Гломерулонефритте де макрогематурия байқалуы мүмкін. Зәрдің түсі науқас қабылдап жүрген әртүрлі дәрілік заттардың зәрде болуы әсерінен өзгеруі мүмкін. Қоңыр түсті, кейде қызыл түс деп қалуы мүмкін, ол зәрдің құрамындағы зәр қышқылдарының тұздары (ураттар) кездесуінен болады. Тұнбаға түсетін ураттар зәрдің мөлдірлігін өзгертеді: ол мөлдір немесе лайланған. Лайланған зәр көп мөлшердегі лейкоцитер (пиурия) мен бактериялардың қосылуынан болады. Гематуриядан басқа бүйрек ауруларында кездесетін өте маңызды белгі - протеинурия. Протеинурия – зәрмен қалыптағыдан көп ақуыздың бөлінуі. Бұл бүйрек зақымданғанының ең жиі белгісі. Бүйрек ауруларында зәр анализінде протеинуриямен бірге цилиндрлер байқалады. Цилиндрлер бүйрек арналарының ақуыздың іздері болып табылады. Протеинурия, цилиндрурия, ісіктің болуы нефротикалық (ісіну) синдромға тән белгі. Көптеген бүйрек аурулары артериялдық қан қысымының көтерілуі мен сипатталады. Гипертониялық синдромның ерекшелігі - ол диастолдық қан қысымының біршама жоғары болуы. Бүйрек ауруларындағы кездесетін белгілерге бел маңайының ауырсынуы және дене қызуының көтерілуі жатады. Бел маңайының ауырсынуы бүйрек қапшығының созылуына немесе несеп ағардың бітелуімен байланысты болуы мүмкін. Белдің төменгі жаққа әсерін беруі, күшті толғақ тәрізді ауырсынуы тас сырқатына тән белгі. Бүйрек аурулары бар науқастарда дене қызуының көтерілуі ағзада жұқпаның бар болуының түсіндіреді. Бүйрек ішкі ортаның қалыпты құрамын ұстап тұра алмаған жағдайда, науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамығанда, бүйрек арқылы улы заттардың шығарылуы бұзылады. Бұл улы заттар тері және кілегей қабат арқылы шығарылады да, терінің қышуы, іштің өтуі, құсу, лоқсу, ауыздан зәр иісінің шығуы, геморрагиялық белгілердің дамуына әкеліп соқтырады. Бүйректің екі жақты диффузды зақымдануы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бүйрек аурулары өте жиі кездеседі. Бұларға келесі нозологиялық түрлері жатады: пиелонефрит, гломерулонефрит және бүйрек тас ауруы.








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 2402;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.