Бақылау сұрақтары. 1. Қан қысымынның түрлерін атап шығыңыз.

1. Қан қысымынның түрлерін атап шығыңыз.

2. Артериалды гипертензияға жалпы түсініктеме беріңіз.

3. Сырқаттың дамуы неше кезеңмен сипатталып өтеді?

4. Сырқаттың әр кезеңдері қандай клиникалық көріністермен сипатталады?

5. Гипертониялық криз ұғымын қалай түсінуге болады?

6. Гипертониялық криздің клиникалық бейнесін айтып беріңіз.

7. Сізге таныс деген гипотензиялық дәрі – дәрмектерді атап шығыңыз.

 

 

Атеросклероз

 

Атеросклероз – тамырлар қабырғасының ішкі бетіне липидтер мен кальций тұзының шөгуінен дәнекер тінінің дамып, кейіннен қатайып, тамырлар өзегінің тарылуымен бейнеленетін созылмалы ауру. Қан айналысының бұзылуына байланысты ағзаларда дистрофиялық, некроздық және склерозды дәрістер дамиды. Атеросклероз қазіргі кездегі жиі кездесетін аурулардың бірі болып есептелінеді.Үлкен қалаларда ауылды жерлерге қарағанда атеросклероздың жиілігі жоғары. Бұл айырмашылық тұрмыс қалпының, тамақтанудың, еңбектену және тектік ерекшеліктеріне, жүйке гормоналды мәнбірлерге байланысты. Кейінгі жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атеросклероздан өлімнің саны жоғарланған.

Этиологиясы және патогенезі. Атеросклероздың себебі мен даму жолы әлі де болса толық анықталынбаған. Оны көп этиологиялы ауру деп қарайды. Солардың ішінде клиникалық белгілерінің үдеуіне себепші қауіп мәнбірлері - әртүрлі липопротеидтердің жоғарылауы, артериалды гипертензия, темекі шегу, ұзақ уақыт жүйкенің күйзелуі, қантты диабет, семіздік т. б. Атеросклероз патогенезіндегі бастысы, тамырдың ішкі қабатының эластикалық тінінің зақымдануы. Нәтижесінде тамырдың ішкі қабаты дәнекер тіндермен инфильтрацияланады, торшалардың іші сыртына липидтер шөгеді. Осы айтылған жағдайлар атеросклероздық түйіндер қалыптасады. Ауруларда атеросклероздың дамуы әртүрлі қарқынды және бір қалыпты болмайды. Патологиялық дәрістің өршу кезінде атеросклероздық қатпарлы табақшалар қалыптасады, олардан жарақаттанумен қоса тромбтық салмақтар пайда болады. Тромбтардың қалыптасу дәрісіне қанның қоюлануының үдеуі мен оның ұюға қарсы қаситетінің бәсендеуі жағдай туғызады.

Клиникалық бейнесі. Атеросклероздың клиникалық ағымы екі кезеңге бөлінеді: алғашқы және клиникалық кезеңі. Соңғысы үш сатыдан тұрады: ишемиялық, тромб – некротикалық және склерозды. Бірінші сатысында ағзалар мен тіндердің қан айналысының шамасыздығы қайтымды, дистрофиялық дәрістермен және функционалды өзгерістермен бейнеленеді. Екінші сатысында қан айналысының айқынырақ түрде нашарлануынан және тромбылардың пайда болуынан кері даму (дегенерациялы) және некрозды ошақтар қалыптасады. Үшінші сатысында зақымдалған ағзаларда кері дамыған некроздық өзгерістерден кейін тыртықты дәнекер тіні дамиды. Әр сатысы өзіне сәйкес клиникалық белгілерімен сипатталынады. Сатылар араларында әртүрлі ауыспалы кезеңдері болады. Атеросклероздың клиникасы дәрістің басым шоғырланған орыны мен аурудың даму ағымын ауырлататын мәнбірлердің болуымен (артериялды гипертония, тромбоздар) анықталады. Атеросклерозда ағзаның барлық мүшелері зақымданады, бірақ олардың ішінде бір жиі ерекше зақымдалынғаны айқын білінеді.

Қолқа атеросклерозы.Атеросклероздың артерия жүйесіндегі жиірек дамитын орны қолқа мен оның ірі тармақтары. Олардың клиникалық белгілері, сәйкес келетін ағзалар мен жүйелердің қызметін бұзатын ірі тармақтардың осы дәріске тартылуына байланысты. Қолқаның жоғарғы бөлігінің өзгерістеріне тән белгілерінің бірі қолқаның серпімділігінің төмендеуінен пайда болатын симптомдық гипертония. Атеросклероздық гипертония систолдық қысымның жоғарылап, диастолалық қысымның қалыпты болуымен сипататалады. Атеросклерозды дәрістің қолқаның іш бөлігінде орналасуы жиі кездеседі. Оның симптомдары орыны мен айқындылығына, зақымдалған тармақтарына, тромбтардың пайда болуына байланысты. Атеросклероздық қатпарлы табақшалар ыдырағанда одан бөлініп шығатын атероматозды салмақтар артериялық тармақтар өзегін бітеуінен соларға сәйкес белгілер пайда болады. Жүрек тамырлары зақымданғанда жүрек қыспасының ұстамасы, миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Ми тамырларының зақымдануы да жиі кездеседі.

Құрсақтық колқаның атеросклерозы. Атеросклероздық өзгерістер іш құысының мүшелерінде де байқалады. Сипалағанда іштің бұлшық еттерінің шамалы қатайғандығы және жоғарғы бөлігінің ауыратындығы байқалынады. Осы айтылған белгілердің қосындысын “іш қыспасы” деп атайды және ол ас қорыту ағзаларына қажетті қан мен келетін қан мөлшерінің сәйкес келмеуінен туындайды. Қарағанда байқалынатын үдемелі қатты болатын ауырсынудың қарқындылығы мен іштегі объективті симптомдар сәйкес келмеуі. Мезентериальды тамырлардың тромбозы ішектің гангренасымен аяқталып, іш пердесінің қабынуы мүмкін.

Бүйрек артерияларының атеросклерозы. Негізгі клиникалық белгісі – симптомдық артериальды гипертония. Бүйрек артериясы тым айқын тарылғанында немесе толық бітелуінде гипертония тұрақтылығымен және қан қысымының жоғарғы көрсеткіштерімен сипатталады. Бүйрек артериясының тромбозында іш пен бел тұсы ауырсынады, ауыру кенеттен пайда болып , бірнеше сағаттан күндерге дейін созылады. Жүрек айну және құсу сияқты диспепсиялы синдромының болуы мүмкін. Жиі несепте ақуыз, эритроциттер болып және гематурия айқын байқалынады.

Аяқ тамырларының атеросклерозы. Негізгі белгісі – жүргенде пайда болатын аяқтарының немесе бір аяқтың ауратындығы. Ауырғаны ұстамалы және жиі балтыр бұлшық етінде, табанда, сирегірек санда болады. Ауырғандығын басу үшін науқас тоқтап тұруға мәжбүр болады (“ұстамалы ақсақтық”). Басқа симптомдарына аяқтарының тоңғақтығы, жалған сезім жатады. Зерттеп қарағанда зақымданған аяқтары салқын, терісінің түсі өзгерген (ақтығы “мрамор” түсті), құрғақ және оның жұқарғаны байқалады. Кейінгі сатыларыда аяқтың бармақтарында, өкшеде, сирақтың алдыңғы бетінде құрғақ және ылғалды трофикалық жаралар пайда болады. Аяқ артериясын сипалағанда тамыр соғуының әлсіздігі немесе жоқтығы анықалады. Атеросклероздың қатпарлы табақшалар қолқа айырығында немесе мықын артерияларының тамыр соғуы анықталынбайды.

Емі. Атеросклероздың терапиясы негізінен оның дамуына себепші қауіп қатер мәнбірлерді жоюға немесе азайтуға және атеросклоздың асқынуынан туындаған гемодинамикалық өзгерістерді қалыпқа келтіруге бағытталған. Липопроидтердің жоғарылауына әсер ету атеросклерозды дәрістің үдеуін баяулатады, ал кейбір жағдайларда дәрістің кері қайтуына да әкеледі. Жоғарылаған липротеидтерді емдеу негізі емдәмді сақтау, ол липидті зат алмасудың бұзылуын есепке ала отырып берілуі керек. Біріншіден майлардың мөлшерін азайту керек. Сары майдың орнына өсімдік майларды қолданған жөн.Сонымен бірге тұз және судың мөлшерін азайту керек.

Гиполипидемиялық дәрілерді әсер ету механизміне қарай келесі шартты топтарға бөлуге болады:

· ішекте холестериннің сорылуын азайтатын дәрілер: өт қышқылдарының секвестранттары, полиспонин, ситостерин т.б. Жалпы курстың өткізілетін мерзімі – 3 – 4 айға созылады.

· холестерин түзілуін тежейтін дәрілер: никотин қышқылы, статиндер – клофибрат, атромидин – 20 күннен, үш курс. Курсы 1 –3 ай.

· метаболизмді жылдамдататын және денеден липидтерді тезірек шығарылатын құрамды дәрі – дәрмектер: липостабил, эссенциале форте – 5 – 10 мл, ампула мен капсулада шығарылатын құрамды дәрі.

Сонымен жоғарылаған липопротеидтердің тұрақты түрінде, емдәмнің әсері болмаған жағдайда дәрілі терапияны қолдану орынды. Ем курсын қайталау үшін тұрақты липолитикалық емге дейін қан сары суындағы липид мөлшері бақылаудан өткізу.

Алдын алуы. Біріншіден дұрыс тамақтанған жөн: тұз, май тағам құрамында шектелген жөн. Сонымен бірге физиологиялық жағдайды күшейтіп, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдеткен жөн. Пациенттер диспансерлік нұсқау бойынша учаскелік терапевте қаралып тұрады.

Атеросклероздың біріншілік алдын алуы артериялды гипертензияда, қант сусамырында, семіздікте жүргізіледі. Алдын алудың бұл түрін мемлекеттік масштабта ұйымдастыру мүмкін. Оны көпмәнбірлі (полифакторная) алдын алу деп атайды. Көпмәнбірлі алдын алудың мақсаты тұрғындарға келесі медициналық ақпаратты қарастыру:

· жағымсыз қылықтардан арылу: шылым шегу, ішімдік ішу, аз қимылдау;

· мамандығына, дене салмағына, жынысына байланысты рациональды тамақтануды қатаң ұстау;

· әр адам өзінің артериальды қан қысым көрсеткішін білу керек, егер ол жоғары болса, дәрігердің бақылауымен оны қалпына келтіріп отыру керек;

· жанұясында қант сусамыры, семіздік бар адамдар міндетті түрде тексеріліп отыру керек, тек сонда ғана ерте кезде аурулардың жасырынды түрлерін айқындауға болады, яғни ерте кезде ем қағидаларын қолдануға болады;

· үнемі мақсатқа қол жеткізуге ұмтылатын, қатты толқуда жүретіндерге міндеті мен мамандығын дұрыс ойланып таңдау керек;

· жұмыстан бос уақытты тиімді пайдаланып, ішкі толқуды шығарып үйреніп, өзін дұрыс түнгі ұйқымен қамтамасыз ету.

Атеросклероздың көпмәнбірлі алдын алуы жақсы ұйымдастырылса, оның әсері жағымды болып шығады. Ол үшін оған әрбір жеке адам және тұрғындар белсенді қатысу керек.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1639;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.