Жүрек ырғағының бұзылуы

(аритмиялар)

Аритмиялар деп жүрек ырғағының бұзылуын айтады. Жүрек ырғағының бұзылуының басты себепкері – жүректе импульстің пайда болуының нашарлауы.Синустік түйіннің автоматизмі күшейгенде синустік тахикардия, ал автоматизмі төмендесе – синустік брадикардия байқалады.

Жіктелуі.(И.И.Искаков, 1984ж)

І. Импульстің пайда болуының бұзылуы:

А. Автоматты механизмдер (синустық тахикардия, синустық брадикардия, синустық аритмия, синус түйіні әлсіздігігің синдромы).

Б. Автоматты емес механизмдер (экстрасистолиялар, пароксизмді аритмиялар, жүрекше және қарынша жыбыры)

ІІ.Импульс өткізудің бұзылуы:

А. Блокадалар

Б. Қарыншалардың мерзімінен бұрын қозуы (WPW синдромы)

ІІІ.Импульстің құрылуы мен өткізілуінің қабаттаса бұзылуы (парасистолиялар).

Синустық тахикардия – жүрек соғуының минутына 90-нан артық жиілеуімен сипатталады. Әкеліп соқтыратын мәнбірлерге қозу, физикалық күш түсу, қызба, қан аздық т.б. жатады. Науқас жүрек лүпіліне шағымданады. Жүрек соғуы минутына 120-дан асып кетеді.

Емі. Синустік түйіннің автоматизмін төмендететін дәрі-дәрмектер тағайындайды (В-адреноблокаторлар: атенолол, бисопролол, метопролол т.б.)

Синустық брадикардия - жүрек соғуының минутына 60-тан азаюымен сипатталынады. Әкеліп соқтыратын мәнбірлерге синустық түйіннің зақымдануы, кезбе жүйке ширығуының артуы және симпатикалық жүйке ширығуының төмендеуі т.б. жатады. Сонымен бірге кейбір дәрілердің әсерінен де пайда болуы мүмкін, мысалы, жүрек гликозидтері, В-адреноблокаторлары. Синустық брадикардияда науқастар аса денсаулығына шағымданбайды, кейде ғана басының айналуын сезеді.

Емі. Негізгі аурудың емі болып табылады. Тіл астына изадрин қою, тері астына атропин ерітіндісін егу науқастың жағдайын жақсартады.

Синустық аритмия – синустық импульстың кезектесіп келуінің бұзылуымен сипатталынады. Көбнесе синустық аритмия тыныс алумен байланысты. Дем жұтқанда жүрек соғуы жиілейді, ал дем шығарғанда – сирейді. Синустық аритмия кезбе жүйенің қозуынан болады. Аритмияның бұл түрі балалық кезеңінде жиі кездеседі.Тыныс алумен байланысты синустік аритмия емді қажет етпейді.

Экстрасистолия – жүректің қосымша жиырылуы. Қосымша импульстің пайда болған жеріне байланысты экстрасистолиялар синустық, жүрекшелік, атриовентрикулярлық және қарыншалық болып бөлінеді. Науқастар жүректің қатты соғып, содан кейін тоқтап қалғанын сезінеді.

Емі. Экстрасистоланы тудырып отырған себебтің емі болып табылады.

Пароксизмді тахикардия – бұл кенеттен басталып және дәл солай басылатын жүрек соғысының жиіленетіні. Ұстама кезінде жүрек соғысы 160-220-ға дейін барады. Әкеліп соқтыратын мәнбірлерге қозу, физикалық зорығу, ішімдік қолдану т.б.жатады. Жүрек соғуы бірден жиілеп, көкірек тұсын сыққандай сезім пайда болады. Егер ұстама ұзақ уақытқа созылса, жүректің қанды айдау күші әлсізденіп, қан қысымы төмендейді. Науқас әлсізденеді, естен таниды, жүрек әлсіздігі байқалады (жүрек қыспасы, миокард инфарктісі)

Емі. Ұстаманы басу үшін кезбе жүйкесінің тонусын жоғарылататын шаралар қолданады: каротид синусының аймағын уқалау, күшену, көз алмасын қолмен басу. Ауыр жағдайларда көк тамырға кордорон 300 мг 5 минут кем емес, новокаинамид 1гр 5 минут кем емес енгізеді.

Жүрекше жыбыры. Бұл жағдай жүрекше мен қарыншаның үйлесімді жұмысының бұзылуымен сипатталынады. Осы себептен қан айналымы нашарлап, оның жеткіліксіздігі дамиды. Жүрекше жыбыры көбнесе жүрек ақауларында, атеросклерозда, тиреотоксикозда кездеседі. Науқастар жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек соғуына шағымданады.

Жүрекше дірілі. Жүрекшенің систоласы сақталады, бірақ жүрекше жиырылуының тым жиілігінен ол әлсіз. Науқас ентігуге және жүрек маңайында жағымсыз сезімнің пайда болуына шағымданады.

Емі. Жүрек жыбыры мен дірілінің ұстамасын басу үшін көк тамырға кордорон 300-450мг, изоптин 10-15мг, новокаинамид 500мг, аймалин 50-100мг (5-7-10 мин. кем емес). Барлық аталған дәрілерді 20мл NaCl ерітіндісімен қосып енгізеді. Жүрек жыбыры мен дірілін алдын алу үшін хинидин, В-блокаторларды, изоптин препараттарын қолданады.

Қарыншылар жыбыры мен дірілі. Қарыншылардың жеке талшықтарының үйлесімсіз жиырылуымен сипатталынады. Электр тоғының, уланудың, миокард инфарктісінің әсерінен болуы мүмкін. Науқас есінен танады, қан қысымы білінбей кетеді, пульс анықталмайды, жүрек дыбыстары естілмейді. Бұл жағдай 5 минуттен асып кетсе, науқас өліп кетуі мүмкін.

Емі. Шұғыл шараларға жүректің массажы, жасанды дем алдыру және электрлік дефибрилляция жатады.

Жүректің өткізгіштік қасиетінің бұзылуы. Бұндай жағдай (блокадалар) электрлік қозу процессінің миокардқа тарауы бұзылғанда байқалады. Әкеліп соқтыратын жағдайларға миокардит, миокард инфарктісі, атеросклероз т.б. аурулар жатады. Блокадалардың бірнеше түрлері бар: синоаурикулярлық, жүрекшелік, атриовентрикулярлық, Гис тармақтарының блокадасы. Науқастың жағдайы блокаданың дәрежесіне байланысты. Неғұрлым импульстар сирек өтеді, соғұрлым қан айналымы нашарлайды. Жүрек қызметінің үзілісі өте созылған кезде Морганьи – Эдем - Стокс синдромы дамиды (науқас есінен танады, қан қысымы анықталмайды брадикардия).

Емі. Айқын жағдайларда атропин, симпатомиметиктерді қолданады. Морганьи – Эдем - Стокс синдромында науқастарға жасанды ырғақ жетекшісін имплантациялайды.

 

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 4808;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.