Жүрек ауруларында мейірбикелік кірісулердің үлгілері
Пациенттің мәселесі | Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру | Жоспарды жүзеге асыру. Мейірбикенің кірісулері | |
Тәуелсіз | Тәуелді | ||
Жүрек маңайының сыздап ауырсынуы | 1.Дәрігер шақыру. 2.Пациентті ыңғайлы жатқызу. 3.Толық психикалық-физикалық тыныштандыру. 4.Рефлекторлық түрде ауырсынуды басу. 5.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу. 5.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау. | 1.Дәрігер шақыру 2.Науқасты төсекке Фаулер жағдайымен жатқызу. 3.Тыныштандыру. Жүйкеге әсер ететін мәнбірлерді жою. 4.Қысып тұрған киімін босату. 5.Ауырсынуды басу мақсатымен жүрек маңайына қыша қою, немесе сол қолын жылы суға малу (тәж тамырларын кеңейту үшін) 6.Оттегі беру 7.Демін, тамыр соғысын, артериалдық қан қысымын өлшеу. 8.Системаны құрып, керекті дәрі-дәрмектерді әзірлеп қою. 9.Пациенттке және оның туыстарына нитроглицериннің жағымсыз әсерін түсіндіру. | Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмыс істеу, дәрі-дәрмектерді қолдану. Зертханалық тексерістерге пациентті дайындау. Пациентті ЭКГ тексерісіне түсіру. |
Пациенттің мәселесі | Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру | Жоспарды іске асыру Мейірбикенің кірісулері | |
Тәуелсіз | Тәуелді | ||
Пациент өзінің күш қуатының жоқтығына, мезгіл-мезгіл есеңгіреуіне шағымданады | 1.Дәрігерді шақыру. 2.Пациентке ыңғайлы жағдай көрсету. 3.Пациентті психикалық және физикалық тыныштандыру 4.Пациентке дәрігерге дейін көмек көрсету 5. Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау. | 1.Пациентке жағдайын түсіндіру. 2.Науқастың аяғын сәл көтеріп, көлденең қалыпта төсекке жатқызу. 3.Толық психикалық және физикалық тыныштық жағдайын туғызу. 4.Жылылап орау, аяғына немесе қолына жылытқыш қою. 5.Жылы тәтті шәй ішкізу. 5.Бөлмені желдету 6.Оттегі беру 8.Демін,тамыр соғысын, артериалдық қан қысымын өлшеу. 9.Тамшы құралды құрып, керекті қан қысымын көтеретін дәрі-дәрмектерді әзірлеу. | Дәрігердің нұсқауы бойынша тері астына мезатон немесе адреналин ерітінділерін енгізеді. Ауыр жағдайларда гормон препараттарын қолданады. Пациенттің ауруына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысады. |
Пациенттің мәселесі | Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру | Жоспарды іске асыру. Мейірбикенің кірісулері | |
Тәуелсіз | Тәуелді | ||
Науқас есін жоғалтты (естен тану) | 1.Дәрігерді шақыру. 2.Пациентті ыңғайлы жатқызу. 3.Дәрігерге дейін көмек көрсету. 4.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау. 3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу. | 1.Пациентті аяғын сәл көтеріп,басын төмендетіп жатқызу. 2.Қысып тұрған киімін шешу 3.Бөлмеге таза ауа жіберу 4.Бетке немесе кеудеге салқын су сеуіп, нашатыр спиртімен самайын және кеудесін ысқылау. 5.Нашатыр спиртін иіскету. 6.Науқас есін жимай жатса, алақанмен бетін сәл шапалақтап, атын атап шақыру. 7.Дәрігер келгенше қан қысымын көтеретін дәрі-дәрмектерді әзірлеу. 8.Пациенттің есін жиғанша функционалды жағдайын бақылау: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау. | Дәрігердің нұсқауы бойынша 10% кофеин ерітіндісін 2мл тері астына немесе 2мл кордиамин ерітіндісін немесе камфора ерітіндісін тері астына енгізу. Пациент қатаң төсек тәртібін сақтау керек Науқастың сырқатына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістеріне қатысу. |
Пациенттің мәселесі | Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру | Жоспарды іске асыру. Мейірбикенің кірісулері | |
Тәуелсіз | Тәуелді | ||
Көп жылдары созылмалы жүрек ауруымен сырқаттанған пациенттің денесі ісініп, жағдайының нашарлағанын білдіреді (ісіну) | 1.Пациентке ыңғайлы жағдай көрсету. 2.Пациенттің функционалды жағдайын бақылау. 3.Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу. 4. Ісіктің алдын-алуын ескерту. 5. Жеке бас гигиенасын сақтау. 6. Пациенттің тері ойылуының алдын-алу. | 1.Пациентке ыңғайлы Фаулер жағдайын көрсету. 2.Аяғының астына үстел қойып көтеріңкі ұстау. 3. Пациенттін терісін сүртіп, тері ойылудың алдын-алу. Төсек орнын таза ұстау. 4.Тәулікті диурезді және су балансын санап суйықтықты беруді шектеу. 5. Пациентке педагогикалық аспектіде диета ұстау туралы түсіндіру (№10 ем дәм тәртібі- тұзбен сұйықтық-тарды шектеу) 6.Асептика және антисептика ережелерін қатаң түрде сақтау. 7.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау. | Дәрігердің нұсқауы бойынша мейірбике ем шараларын жүргізеді, әр түрлі дәрі-дәрмектерді қолданады. Пациенттің ауруына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысады. |
Пациенттің мәселесі | Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру | Жоспарды іске асыру. Мейірбикенің кірісулері | |
Тәуелсіз | Тәуелді | ||
Пациенттің қан қысымы көтеріліп, басының ауырғанына шағымданады. | 1.Дәрігерді шақыру. 2.Пациентке ыңғайлы жағдай туғызу- психикалық және физикалық тыңыштық сақтау. 3.Дәрігерге дейін көмек көрсету- рефлекторлық түрде қан қысымын төмендету. 4.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау. 3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу. | 1. Дәрігерді шақыру. 2. Палатадағы пациенттерден тыныштық сақтауын сұрау (радионы, телевизорды өшіріп қою) 3.Фаулер жағдайын көрсетіп аяғын төмен түсіру. 4. Қан қысымын төмендету мақсатымен желкесіне жылы, ал маңдайына суық қою. 5. Осы мақсатпен балтырына қыша қою. 6. Пациенттен көп су қолданбауын сұрау. 7.Дәрігер келгенше қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерді әзірлеу: фуросемид 80 мг, эднит т.б. 8.Пациенттің тамыр соғысын, қан қысымын, демін санап отыру. | Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектерді қолдану. Пациенттің ауруына байланысты жалпы қан анализін, көк тамырдан биохимиялық анализіне қан алу. Пациентті аспаптық тексерістерге дайындау және қатысу (ЭКГ, доплерография, ангиография т.б) |
Пациенттің мәселесі | Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру | Жоспарды іске асыру. Мейірбикенің кірісулері | |
Тәуелсіз | Тәуелді | ||
Ішке сары судың жиналуы (асцит) | 1.Ыңғайлы жағдай жасау 2.Жеке бас гигиенасын сақтау 3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу 4.Пациенттің функционалды жағдайын бақылау | 1.Фаулер жағдайын жасау. 2.№10 диета, қатаң төсек тәртібін сақтау. 3.Су балансын санау. 4.Тәулікті диурезді анықтау. 5.Жеке бас гигиенасын сақтау терісін күту, тері ойылуды алдын алу 6.Пациентке асциттегі шаралардың маңыздылығын айту 7.Пациенттің жалпы жағдайын қадағалап, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, демін, дене қызуын өлшеу. 8.Пациенттің туыстарын ісіктегі күтім ережелеріне үйретеді. 9.Жағдайына байланысты пациентке оттегі береді. | Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша пациенттің ауруының негізгі және симптомдық еміне қатысады. Зертханалық және аспаптық тексерістеріне пациентті дайындайды. Парацентезде пациентке психологиялық дайындық жүргізеді. |
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1489;