Жүрек ырғағы.
Жүрек циклі.
Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндотелий (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшасынан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард)қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз ететін жүрек артериялары мен көктамырлары (коронарлы) және жүректі нервпен қамтитын (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.
Перикард(жүрек қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары (коронарлы) үшін тірек болып табылады.
Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атриовентрикулярлыжәне айшық.
Атриовентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, өкпе өзегін оң қарыншадан бөліп тұрады.
Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады:
1) систола(жиырылу)
2) диастола(босаңсу).
Жүрек циклінің осы фазаларының ұзақтылығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әрбір фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.
Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуысты көктамырлар мен өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болып, қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, қанның қарыншаларға қарай ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.
Жүрек бұлшықетінің қасиеті: қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілеттілігі.
Қозғыштық.Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің қозу реакциясының шамасы берілетін тітіркену күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркенуде де максимал жиырылады.
Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары арқылы, жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен
0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады.
Жиырылғыштық.Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай қарыншалардың ішкі қабаты жиырылады, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.
Жүрек ырғағы.
Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жүректің жиырылу саны.
1) Жүрек ырғағы негізінен кезбе және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функциялық күйіне байланысты. Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардиядеп аталады. Кезбе жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді - брадикардия.
2) Жүрек ырғағына ми қыртысының күйі де әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, артады.
3) Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекше аймағын (жетекші түйіншектің орны) жылумен тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- жүрек ырғағының төмендеуі анықталған. Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылу күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады. Осы мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1.
Жасы, жылдар | 1 минуттағы жүректің жиырылу саны |
Жаңа туған нәресте | 120—140 |
5 жасқа дейін | |
5—10 | |
10—15 | |
15—60 | 68—72 |
Дата добавления: 2015-11-01; просмотров: 6864;