Жедел жүрек шамасыздығы
Жүрек – тамыр жүйелерінің ауруларында жиі шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етеді. Науқастың жанынан табылатын бірінші медицина қызметкер мейірбике болып табылады. Көптеген жағдайларда дәрігерлік пунктың алыстығына байланысты, ол жалғыз медицина қызметкер болып табылады. Сондықтан да науқастың денсаулығы мен өміріне жауапты болып табылады. Оның білімі мен әр жағдайдағы іскерлігі, шұғыл жағдайларда дәл, нақты, дұрыс әрекет жасауы аурудың соңы мен науқастың өміріне әсер етеді. Аурухана мен емхананың мейірбикесі жиі көмекті өз бетімен көрсетеді. Қарқынды терапия жүргізгенде де мейірбикенің ролі зор, яғни науқастың өміріне қауіп туғызатын өмірге қажет аса маңызды ағзаның қызметінің бұзылыстарын емдеу және алдын алу шараларын жүргізу. Сондықтан мейірбике науқастың жағдайын нақты, дәл, дұрыс бағалай алу керек, дер кезіңде көмек көрсете алуы керек, науқастың әрі қарайғы күтімін жүзеге асыру. Жүрек шамасыздығы сол және оң қарыншалық белгілерден құралады.
Жүректік астма.Жүректік астма тұншығуға әкелетін, кенеттен пайда болған демікпе ұстамасымен болатын, өткір пайда болатын сол жақ қарыншаның жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі. Сондықтан кіші қан айналу шеңберінде қан тұрып, жиналып қалады және өкпеде газ алмасу дәрісі бұзылып, көмірқышқыл құрамы көбейіп, артериялды қанда оттегі деңгейі төмендейді. Мүшелерде, әсіресе орталық жүйке жүйесінде қан мен қамтамасыз етуі азаяды. Дем орталығының қозуы көбейіп, тұншығуға, демікпенің дамуына әкеледі. Өкпедегі қанның тұрып қалуы бронхының рефлекторлы түрде тарылып қалуына және оның саңылауларынан шырышты сұйықтықтың сыртқа шығуы, өкпе ісігіне әкеліп соқтырады. Жүректік астма артерияльды гипертензиясы бар, өткір миокард инфарктісі, кардиосклероз, миокардит, жүректің қолқа ақауы және митральды стенозы бар науқастарда бас миының қан айналымы бұзылғанда, бас миының қан айналысының жетіспеушілігі дем орталығына әсер етіп, кардиосклерозбен қосылып жүректік астмаға әкеледі. Жүректік астма ұстамасы әдетті түрде түнде ұйқы кезінде дамиды. Науқас кенеттен ауаның жетіспеушілігінен (тұншығудан) және өлім қорқынышынан оянып кетеді. Тұншығу кей кезде қатты жөтелу мен сипатталады. Науқасқа оттегінің жетіспеушілігі соншалықты, дем алу үшін науқасты төсекке отыруға мәжбүрлеп, аяғын төмен қарай түсіріп немесе ашық тұрған терезеге барып қана дем ала алады (егер жағдайы осыған жетсе). Науқас төсекте отырған кезде кереуеттің екі жанынан ұсталып отырады. Ұстаманың алғашқы кезеңдерінде науқастың бетінен қорқыныш сезімін, көзінің үлкейгендігін, мазасыздықты көріп, байқауға болады. Тері және терінің шырышты қабаттарында ақшыл түс содан кейін көгеру пайда болады. Науқастан сонымен қатар қатты терлегенің, мойын көк тамырларының үлкейіп, шығып тұрғаның байқауға болады. Оттегінің жетіспеушлігі аралас мінездемелер мен сиаптталады. Созылмалы жөтелдің болуының әсерінен қақырық қан аралас болады. Тамыр соғуы жиі, кейде аритмиялық. Қан қысымы ұстаманың алғашқы кезіңде қалыпта болып, содан кейін күрт түсіп есенгіреуге дейін әкелуі мүмкін. Қан қысымының төмендеуінен қан тамырының қан мен толықсуы төмендеп, жүректің тонусы естілмейді. Дерт анықтамасын қоюға көмектесетін негіз ол тыныс алу мүшелеріндегі өзгерістер болып табылады. Демнің 1 минуттағы көрсеткіші 40 – 60 –қа дейін барады. Өкпенің төменгі жағында дымқыл сырылдар естіледі. Жүректік астманың өту ағымы мен болжамы әртүрлі айырмашылықтармен сипатталады. Мұның себебі, жүрек астмасының бір ұстамасы кенеттен басталса, ал екінші ұстаманың бір түрі науқастың жүрек соғуының жиілеуі, оттегі жетіспеушілігінің жиілеуі, құрғақ жөтелдің болуы, жалпы жағдайының нашарлауымен сипатталады. Кейде ұстама біршама ұзақ уақытқа созылып, өкпенің ісінуіне, есенгіреуге, дем алу орталығының тежеліп, бұзылуына әкелуі мүмкін. Осы кезде яғни, жүрек демікпесінің ұстамасында дұрыс шұғыл жәрдем шараларын өткізу және емдік, күтім шараларын нақты түрде өткізе алу үшін жүректік астманың ұстамасын бронхтық астманың ұстамасынан айыра білу медицина қызметкеріне өте маңызды болып табылады.
Шұғыл жәрдем көрсету. Шұғыл жәрдем көрсету кезінде маңызды шаралар: орталық дем алудағы қозуды азайту, кіші қан айналу жүйесіндегі қанның кідіріп қалуын азайту, миокардтың жиырылу қабілеттілігін көбейту. Науқасты толық немесе жартылай отырғызып, тыныштандырып, қысып тұрған киімдерін шешу, бөлмеге таза ауа жіберіп, ұзақ уақытқа созбай науқасқа оттегі ингаляциясын өткізу. Орталық дем алу жүйесінің қозуына қарсы дәрігердің нұсқауы бойынша тері асты арқылы морфин ерітіндісін немесе 1 мл 2% амнопон ерітіндісін егеді, ал тахикардия білінсе 1мл - 1% димедрол ерітіндісін супрастинмен немесе пипольфенмен бірге жібереді. Қан айналысын жақсарту үшін және тамырдың тонусын нығайту ретінде 2мл кордиамин, 10% коразол және 2 –4 мл 20% камфор дәрілерін міндетті түрде енгізілуі тиіс. Дәрігерге дейінгі шаралардың бір түрі өкпедегі қанның кідіріп, тұрып қалуына қарсы бағытталған. Қан қысымының қалыпты немесе жоғары кезіңде көк тамырлы ширақ салу немесе өкпедегі қанның кідірмеуіне қарсы аяққа қыша, жылы ваннасын қолдануға болады. Қан қысымы көтерілген кезде дәрігердің тағайындауымен көк тамыр арқылы 2,4% эуфиллин 10мл, 10 – 15 мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін және ганглиоблокаторларды қолданғаннан өте жақсы нәтижені көруге мүмкіндік туғызады. Орта білімді медицина қызметкері дәрігердің нұсқауы бойынша 10мл 25% магний сульфат ерітіндісін бұлшық етке, 8 –6 мл 0,5% дибазол ерітіндісін көк тамыр арқылы енгізеді. Мұнда айта кететін бір жай ол қан қысымының төмендеген кезіңде әсіресе, есенгіреу кезіңде қолданатын көк тамырлы ширақты салу, қан қысымын түсіру үшін тағайындалған дәрілер қарама – қарсы әсер ететінің естен шығармаған абзал. Жүрек бұлшық етінің жиырылу қабілеттін көтеру үшін шұғыл жәрдемдегі қолданатын міндетті түрдегі шара болып жүрек гликозидтерін қолдану. Шұғыл жәрдемді көрсету ұзақ уақытқа созылған жағдайда өкпенің ісінуінің дамуына және өлімге әкелуі мүмкін. Жүрек демікпесінің ұстама кезінде науқастарға жиі строфантин 0,3 – 0,5 мл 0,05% ерітіндісін, немесе корглюкон 0,5 – 1,0мл 0,06% ерітіндісін 20 мл 40% глюкоза ерітіндісімен бірге немесе изотоникалық натрий хлоридтің ерітіндісін тағайындап көк тамырға енгізеді. Жоғарыда аталған дәрілердің терапиялық әсері шамамен 10 – 15 минуттан кейін басталады. Егерде дәрілердің әсері жеткіліксіз болса және өкпе ісігінің алғашқы белгілері біліне бастаса, онда оттегіні спирттпен, зәр шығаратын дәрілерді тез арада қолдану бастау керек. Жүректік астманың ұстамасы ауыр кезеңде өтсе, онда науқасты жедел терапия бөліміне зембілге жартылай отырғызу арқылы ауруханаға жеткізеді. Егерде тез арада тиісті ауруханаға жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, онда науқасты үнемі қадағалап, бақылауға алу және сол жерде қолдан келетін барлық медициналық шараларды өткізуді ұйымдастырылады.
Өкпе ісінуі. Өкпе ісінуі деп өкпе тініне шырышты сұйықтықтың жиналып қалуын айтады. Бұл өкпе ісінуіне қатысты клиникалық сипаттамасы - ол ауыр түрдегі ұстамалы тұншығу және оның науқастың өміріне қауіп төндіруі болып табылады. Өкпе ісінуі жүрек демікпесінің әсерінен пайда болмай сондай – ақ аяқ астынан дамуы да мүмкін. Сонымен қатар өкпе ісінуі крупты пневмонияның әсерінен, кеуде және бас жарақатынан, бүйректің созылмалы ауруының әсерінен, ми қан айналысының өткір бұзылуынан, күрделі аллергиялық серпілістердің әсерінен, ауыр жұқпалы уыттану аурулардың және уытты өкпе ісінуінің әсерлерінен дамуы мүмкін. Өкпе ісінуінің патогенездік айырмашылықтарына қарамастан клиникалық көрінісі негізінде біртекті болып өтеді. Жүректік астманың қарқынды ұстамасы науқастың қатты қиналып тұншығуына және ақшыл – қызыл түсті көп мөлшердегі көпіршік тәрізді қақырықтың бөлінуіне әкеліп соғады. Кейде науқас өз қақырығынан тұншығуы мүмкін. Өкпені тындаған кезде дымқыл сырылдар естіледі. Қан қысымының төмендеуі, қан тамырының толықсуының азаюы, тахикардия, жүректің тонусы әлсіз болады.
Шұғыл көмек.Ерте, уақытылы көрсетілген шұғыл көмектің нәтижесі соғұрлым тиімді, жағымды нәтижені көруге болады. Бұл кездегі мейірбикенің басты мақсаты ол кардиологиялық топтан құрылған арнайы мамандырылған медицина қызметкерлерін шақыру болып табылады. Шұғыл көмек келесі мақсаттық шараларды өткізуге бағытталған:
· тыныс алу жолдарын тазалап, қалпына келтіру;
· тіндерге оттегінің жетіспеушілігіне қарсы оттегі қамтамасыз ету;
· орталық тыныс алу жүйесінің қозуын азайту;
· кіші қан шеңберлеріндегі қанның тұрып қалуын азайту үшін өткізілетін шаралар;
· миокардтың жиырылу қабілетін жақсарту;
· өкпедегі капиллярдың қабырғасының өткізгіштігін азайту.
Әуелі науқасқа тыныштықты туғызу, содан соң науқасты жылыту, жартылай қалыпта отырғызып дәке тампонымен ауыз қуысын тазалау. Бұдан кейін тыныс алу мүшелерінің өткізгіші қалпына келген соң, оттегі беруге көшеді. Көпіршіктің пайда болуына қарсы оттегіні 70 - 96% этил спиртімен дымқылдатып немесе антифомсилан арқылы жібереді. Тері астына 1мл - 1% морфин ерітіндісін димедролмен және атропинмен бірге жібереді. Өкпедегі қанның ұйып қалуына, қанның таралуына қарсы көк тамырлы ширақ салады. Көк тамыр арқылы жүрек гликозид дәрілерін енгізеді. Міндетті түрде зәр шығаратын және дегидратациялық (сусыздану) дәрілерді тағайындайды. Капиллярдың өткізгіш қабілетінің жоғарылауына қарсы антигистаминді дәрілерді, аскорбин қышқылын, кальций хлоридін және глюкокортикоидтық гормондарын қолданады. Өкпенің ісінуінің клиникалық көрінісі білінісімен, науқасты жартылай қалыпта отырғызып ауруханаға тасымалдап, жандандыру бөлімшесіне немесе қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызады.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 3515;