Артериалық гипертония

Артериалық гипертония - артериялдық қан қысымның көтерілуімен сипатталынатын жағдай. Дамуына байланысты екі түрі бар. Эссенциальді (біріншілік) артериялық гипертония - бұл ағзадағы қандай да бір аурулардың сәйкессіздігінен дамитын сырқат (гипертония ауруы). Симптоматикалық (екіншілік) артериялық гипертония – бұл ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен (мысалы, бүйрек, эндокринді безінің аурулары) артериялық қысымның көтерілуі. БДҰ – ның келісімі бойынша артериялық қысымның көтерілуі, шамамен (жасқа қарамастан) 120/80– 139/89мм сынап бағаны бойынша көрсетілген көрсеткіш болып табылады. Ал артериялық қысым 140/90 болса, онда адамға “қауіп төндіруші” болып табылады.

Этиологиясы. Артериялық гипертонияның себебі әлі толық және нақты анықталмаған. Артериялық гипертония орталық жүйке жүйесіне көп психикалық күш түскеннен, жүйке – психикалық жарақаттан кейін, әр түрлі тұқым қуалайтын патологиялық аурулардан дамуы мүмкін. Артериялық гипертонияға ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылуы, шылым шегу, көп мөлшерде тағамға ас тұзын қолданғанда, жеткілісіз ұйықтап тынықпаған кезде, орталық жүйке жүйесінің жарақаты және (мамандығына қатысты) жауапты қызметті атқаратын лауазымды тұлғалар мәнбірлері әкеліп соғуы мүмкін.

Жіктемесі. Артериялық қысым денгейінің жіктемесі (ДДУ, МОАГ, 1999Ж.)

 

Сатысы Систолдық Диастолдық
Оптималды <120 < 80
Қалыпты <130 <85
Көтеріңкі қалыпты 130-139 85-89
  Г и п е р т о н и я  
Шектелген 140-149 90-94
І дәреже (жұмсақ) 140-159 90-99
ІІ дәреже (орташа) 160-179 100-109
ІІІ дәреже (ауыр) >=180 >=110
Шектелген систолалық гипертония >=140 <90

 

Артериялық гипертензияда нысана мүшелердің зақымдалуы байқалады: жүрек, ми, көз түбі, бүйрек. Іш мүшелерінің зақымдалуына байланысты артериялық гипертонияның үш кезеңін айқындауға болады.

І кезең. Қан қысымы –140/90 – 159/99 с.б.б. Артериялық қан қысым әр түрлі қолайсыз жағдайларда тұрақсыз болып, содан кейін өз бетімен қайтадан қалпына келуі. Ішкі ағзалардың өзгерістері (әсіресе сол жақ қарыншаның үлкеюі) байқалмайды.

ІІ кезең. Қан қысымы –160/100 – 169/109 с.б.б. Артериялдық қысымды түсіру үшін дәрілерді қолданады. Сол жақ қарынша айқын түрде үлкейеді (бұл екінші кезең мен бірінші кезеңді айыруға көмектесетін маңызды және нақты болып табылады)

ІІІ кезең. Қан қысымы –180/110 с.б.б. жоғары. Артериялдық қысым өте қатты түрде және жиі көтеріледі. Мұнда ми қан айналысының бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктісі, жиі түрде бүйрек жетіспеушілік асқынулары болуы мүмкін. Артериялды қысым болған асқынулардан кейін өз бетімен қалпына келуі мүмкін, сондықтан артериялдық гипертония артериялдық қысымның үшінші кезеңіне тән белгі болып табылады.

Клиникалық бейнесі. Науқастың артериялдық қысымының көтерілуіне байланысты бастың ауры негізгі шағым болып табылады. Жиі бастың ауруы таңертеңгі кезде білініп, шүйде маңайына шоғырланады. Науқастар дұрыс ұйықтай алмайтындығына, жиі қозғыштығына,жұмысқа деген және есте сақтау қабілетінің төмендігіне шағымданады. Содан соң физикалық күш түскенде жүректің ауырсынуы, демікпеге шағымдар пайда болады. Кейбір науқастарда үнемі артериялдық қысым болғандықтан көз көру қабілеті бұзылады. Бірақта, ұзақ уақытқа созылған артериялдық қысымның болуына қарамастан, науқастардың көбінде асқынуы дамығанша ешқандай шағымдарды айтпауы мүмкін.Ұзаққа созылған бүйрек үсті, бүйрек, ұйқы безі артерияларының жиырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қолқада, коронар қан тамырларында, ми қан тамырларында атеросклероз өте қатты түрде дамиды. Сол жақ қарынша гипертрофияға ұшырайды. Ал науқасты тексергенде артериялды қан қысымы жоғары болады. І кезеңде тек қана артериялдық қан қысымы көтеріледі, ал ішкі ағзадаларда өзгерістер байқалмайды. ІІ кезеңде артериялдық қан қысымы жоғарылап қана қоймайды. Сонымен қатар сол жақ қарыншаның үлкеюі байқалады. Бұл кезде бүйректе патологиялық дәрістің белгілері білініп, науқастың зәрінде ақуыздың ізі, эритроциттер пайда болады (бүйректе атеросклероз дамиды). Емдеу кезінде дәрілерді қолданған жағдайда бүйректің тамырлары жиі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. ІІ кезеңде де коронарлық артерияларда атреосклероз дамиды. Бұл стенокардияның ұстамасы мен сипатталады: физикалық күш түскенде кеуденің қысып ауырсынуы. ІІІ кезеңінде миокард инфарктісі, сонымен қатар ми қан айналысының бұзылысы (ауыспалы немесе шектелген парез және паралич сияқты белгілері) дамуы мүмкін. Көздің көруі күрт төмендеп немесе көз көруі қабілеті мүлдем жоғалуы мүмкін. Аурудың ағымында артериялдық қан қысымы тез арада жоғарлап сырқат гипертониялық кризбен қайталанбалы түрде сипатталуы мүмкін. Криз дегеніміз қан қысымының күрт көтеріліп, науқаста бас шағымдарының пайда болуы. Криздің екі түрі бар. Бірінші түрі (адренальды) – тез басталумен мінезделеді, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады, вегетативті өзгерістер басым. Науқаста қысқа мерзімде тынышсыздық, сескеншілік, діріл мен тершеңдік білініп, жүрек қағысы жиілейді, ентігу пайда болады. Екінші түрі (норадренальды) жәй басталып ұзақ уақытқа созылады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Негізінде гипертензиялық энцефалопатиямен сипатталынады. Науқастың басы қатты ауырады, құсу білінеді, көзінің көру қабілетінің бұзылуы мүмкін. Артериялдық қан қысымы ми қан айналысының бұзылуы бір мезетте болған жағдайда науқастың сөйлеу қабілеті бұзылып, жүріс – тұрысы өзгереді. Ауыр жағдайда миға қан құйылуы мүмкін – инсульт. Гипертониялық криз кезінде жүрек демікпесі немесе миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Артериялды гипертензия баяу қарқынмен өтуі мүмкін (қатерсіз түрі). Кейде артериялды гипертензияның қатерлі түрінің симптомдары тез арада байқалады. Аурудың бұл түрі екі – үш жылға созылып өлімге әкелуі мүмкін. Артериялды гипертонияның қатерлі түрі тез дамиды және тұрақтана бастайды. Содан ауру білінген соң сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалады, көздің түбіндегі артериялары өзгереді (көздің торлы қабаты тез жиырылады). Тез арада бүйрек шамасыздығының белгілері байқалып, нефроангиосклероз дамуы мүмкін.

Емі.Сырқаттың емі кешенді болу керек. Ол аурудың түріне, даму дәрежесіне байланысты. Ұйқысы бұзылған жағдайда ұйықтататын дәрілерді қолданған жөн. Себебі науқас дұрыс ұйықтап тынықпаса, артериялдық қан қысымы жоғары көтерілуі мүмкін. Науқастарға түнгі жұмыста шулы жерде, көп физикалық күш түсетін жерде жұмыс істеуге тиым салынады, себебі бұл артериялдық қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Науқастың күнделікті тамақтануына аса құнарлы тағамдар негізгі маңызды роль атқарады және тәуліктегі ас тұзын 3 – 4 грамға дейін, ал сұйықтықты 1,2 – 1,5 литрге дейін шектеу керек. Дене салмағын қалпына келтіріп, дене қимылын арттыру маңызды роль атқарады. Аурудың алғашқы кезеңінде негізгі ем болып науқасқа ыңғайлы жағдай туғызу, тыныштандыратын дәрілерді (Бехтерев микстурасын, валериан дәрілері, пустырник) ішкізу, сонымен қатар тазепам, феназепам, седуксен, элениум сияқты дәрі-дәрмектерді қолданады. Емдік мақсат ретінде артериялдық қан қысымын бір қалыпында сақтап тұру үшін оған ыңғайлы, тиімді дәрілердің түрін қолдану керек. Негізінде әсері ұзартылған дәрі-дәрмектерді қолданған тиімді. Зәр шығаратын дәрілерді (гипотиазид, фуросемид, триампур) қолданғанда ағзадан натрий тұзын және суды бөліп шығаруға көмектеседі, сонымен қоса артериялдық қан қысымын түсіруіне ықпал етеді. Гипотензиялық дәрілердің әсер ету механизмі (каптоприл, капотен, эналаприл, лизиноприл т.б.) артерия тамырларының кеңеюіне көмектеседі. Дәрілерді науқастарға дәрігер тағайындайды. Қазіргі кезде кешенді терапияның әдісін кеңінен қолданады: диуретиктер, В-адреноблокаторлар, АПФ ингибиторлары, кальций антагонистері т.б. Бұған бір мезетте әр түрлі әсер ету механизмімен сипатталатын бірнеше дәрілерді қолдану жатады. Бұл әдістің ерекшелігі - бір дәріні толығымен бергенмен бірнеше дәрілерді қолданғандағы олардың мөлшерін азайтып берумен ерекшеленеді. Дәрілерді үнемі қолданған жөн. Артериялды қан қысымын медицина қызметкерінің қадағалауы арқылы емді жүргізген дұрыс. Бір реттік немесе өмір бойына дәрінің мөлшерін тағайындау мүмкін емес. Артериялдық қан қысымы кезінде дәрілерді қолдану мөлшері ол науқастың әр жағдайында арнайы түрде тағайындалуы және құбылмалы түрде болуы артериялдық қан қысымы мен тікелей қатысты болмақ. Сол себептен науқас дәрігерден нақты, дұрыс және тиімді мағұлымат алу тиіс. Мейірбике міндетті түрде науқасқа осы жағдайларды ескере отырып уақытында есіне түсіру керек. Артериялды гипертензиямен зардап шегушілерді негізінде үйде емдейді. Тек бұрын қолданылып жүрген дәрілер ағзаға әсер етуін тоқтатса немесе әсерін бермесе онда жаңа дәрі түрін тез арада тауып белгілі жағдайларда ауруханаға жатқызады. Артериялды гипертензияның гипертониялық криз асқынуы тез арада арнайы емдік шараларды өткізуді талап етеді. Шұғыл көмек көрсету шаралары артериялдық қан қысымын тез арада жоғарылауына, бас миының қан айналысын жақсартуға және ішкі ағзалар мен бүйрек жұмысын жақсартуға қарсы бағытталған. Науқасқа толық физикалық және психикалық тыныштық, басы көтеріңкі қалыпта (Фаулер жағдайы) төсекте жату, қатаң түрде төсек тәртібін сақтау және бөлмеге таза ауа жіберуін қамтамасыз етіледі. Өкпенің қызметін жақсарту мақсатында шүйдеге қыша қойылады, қыша қосылған ванна, маңдайға мұзды мұйық қойылады. Гипертониялық кризде мұндай көмек көрсету шараларын мейірбике стационарда да және үй жағдайында да өткізуіне болады. Сонымен қоса науқас гипертониялық криздің белігілеріне қатысты шағымдарды айтатын болса, артериялдық қан қысымын өлшеп, жоғарыда аталған шараларды өткізу керек, ал егер жүрек маңайын бір мезгілде қысып, ауырсыну байқалатын болса, онда ЭКГ – ға түсіру керек, себебі гипертониялық криздің әсерінен миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Егер науқас қозғыш келсе, тыныштандыратын (ішке элениум, седіуксен немесе тазепам) дәрілерін қолданады. Артериялдық қан қысымын тез арада түсіру үшін зәр шығаратын ( 80 мг фуросемид көк тамырға) дәрілерін қолдану жеткілікті болып саналады. Гипертониялық криздің ауыр түрінде, сонымен қатар егер артериалдық қан қысымы баяу қарқынмен түссе жоғарыда аталған дәрілерден тыс дәрігердің тағайындауы мен пентамин 0,05 – 1 мл 5% ерітіндісін бұлшық ет арқылы немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін көк тамыр арқылы қолданады. Пентамин дәрісін көк тамыр арқылы өте баяу (7 – 10 минут ішінде) қарқынмен жіберіп және артериалдық қысмыды қадағалап отыру тиіс. Пентамин мен бірге ганглиоблокаторларды қолданғанда артериалды қан қысымы төмендеп, есенгіреу мен сипатталуы мүмкін. Сондықтан науқас екі үш сағат төсекте жатуы тиіс және әр 15 – 20 минут сайын артериалдық қан қысымын өлшеп отыру керек. Егер ортастатикалық есенгіреу тыйылмаса, онда науқастың аяғын көтеріңкі қалыпта төсекке жатқызып, кордиамин дәрісін (тері астына 2 мл жіберу) немесе мезатон дәрісін 1% -1мл ерітіндісін бұлшық ет арқылы енгізу керек. Гипертониялық кризде өкпенің ісінуі дамуы мүмкін. Сол кезде дәрігердің тағайындауымен келесі дәрілерді: строфантин (0,5мл 0,05% ерітіндісін) немесе корглюкон (1мл 0,05% ерітіндісін) 20мл 40% глюкоза ертіндісімен немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен қолданады. Жасы үлкен адамдарға бас миының атеросклероздың белгілері кезіңде қан ағызу ұсынылмайды, оның орнына шүйде өсіндісінің маңайында медициналық сүлікті қолданған өте дұрыс болып саналады (әр жақ қатарға төртеуден қойылуы тиіс). Өкпе ісінуі дамыған кезде жүрек гликозидтерінен тыс сонымен қатар зәр шығаратын дәрілерін тағайындайды, 80 мг фуросемид ішке қолданады. Психомоторлы қозу айқын білінген кезде науқасқа кіші транквилизаторларды (элениум, седусен, тазепам) тағайындайды, сонымен қатар димедрол 1%-2мл ерітіндісін қолдануы тиіс. Егер гипертоникалық криз үйде пайда болатын болса, онда дәрігерге дейінгі шұғыл көмектен кейін науқасты ауруханаға тасымалдап, ауруханаға жатқызу керек. Науқасты зеңбілге жатқызу қалпында дәрігер немесе фельдшердің көмегімен ауруханаға жеткізіледі. Содан соң қолданатын дәрілердің әсері гипертониялық криздің сипаттамасына және асқынуының сәйкестілігін ескере отырып емдік шараларды жүргізеді.

Аурудың асқынулары. Артериялды гипертензия атеросклерозға байланысты. Коронар қан тамырларының атеросклерозы миокард инфарктісіне, жүрек қыспасына, миға қан құйылуына (инсульт), бүйрек тамырларының шамасыздығына, көз көру қабілетінің төмендеуіне, аяқтың ақсауына және гангренаға әкеліп соғуы мүмкін.

Болжамы. Артериялдық қан қысым аса қатты жоғарламағанда, гипертониялық криз болмаған жағдайларда аурудың болжамы жағымды және науқас көп уақытқа дейін жұмысқа деген қабілеттілігін сақтайды. Артериялдық қан қысымы жоғары болғанда, оның баяу қарқынмен төмендеуі кезінде, жиі гипертониялық криз байқалғанда аурудың болжамы жағымсыз.

Алдын алуы. Артериялды гипертензия алғашқы алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін мәнбірлерге бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытысында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады. Сонымен бірге тағамның калоражы төменделінеді. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын тағамдар шектелінеді. Бұл шараларды гипертониялық криздің айқын көрінісінде өткізілуі тиіс. Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Артериялды гипертензияның екіншілік алдын алуы артериялдық қан қысымын бір қалыпта немесе бір қалыпқа жақын көрсеткіштерді ұстап тұруға тырысқанда гипотензиялық терапия жүйесін өткізуге мүмкіндік туғызады. Пациенттер диспансерлік нұсқау бойынша қаралады. Қажет болған жағдайларда кардиолог, окулист, невропатолог тексереді. Педагогикалық аспектідегі мейірбикенің жұмысы өте маңызды, себебі науқастарды дәрісіз емдеу қағидаларына үйретеді: салауатты өмір салтын сақтау, қауіпті мәнбірлерден сақтану, темекіге шек қою, дұрыс тамақтану (тағамға тұз және майды аз мөлшерде қосу, кофе және алкогольдік сусындарды аз мөлшерде қолдану). Сонымен қатар шұғыл жағдайларда өз-өзіне алғашқы көмек көрсете алуды үйретеді.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 4135;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.