Митралды қақпақтың шамасыздығы
Жүрек ақаулары деп жүрек қақпақшалар аппаратының органикалық өзгерістерге ұшырауын айтады. Жүрек ақаулары екі үлкен топқа бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болған.
Жүре пайда болған жүрек ақауларының ішінде ең жиі кездесетін түрі - митральды қақпақтың шамасыздығы.
Бұл жүрек ақауы митралды қақпақтың систола кезіңде толық жабылмауымен сипатталады.
Этиологиясы. Митралды қақпақтың шамасыздығы органикалық немесе функционалдық себептерден пайда болады. Олар: а) қақпақшалар жармасының органикалық зақымдалуы кезіңде (атеросклероз, ревматизм және басқалары); б) атриовентрикулярлы тесіктің жабылу механизміне қатысатын бұлшық ет аппаратының кординациялық функциясының бұзылу нәтижесінде; в) сол жақ қарыншаның, атриовентрикулярлы тесіктің айналымы бұлшық еті мен фиброзды сақинаның шамадан тыс кеңеюі кезіңде.
Патогенезі. Бұл ақау кезіңдегі гемодинамикалық бұзылыстар қанның систола кезіңде митралды қақпақтың толық жабылмаған жармалары арқылы сол жақ қарыншадан жүрекшеге кері ағуынан туындайды (регургитация). Шамалы митралды шамасыздық кезінде қарыншадан сол жақ жүрекшеге 20 – 30 мл ден артық қан түссе, онда оның көлемі ұлғайып, ол кеңейеді, кейінірек сол жақ жүрекше миокардының гипертрофиясына әкеледі. Жүрекшеден сол жақ қарыншаға қан көп мөлшерде түссе, ол дилятацияны, миокардтың гипертрофиясымен гиперфункциясын тудырады. Сонымен митралды қақпақтың шамасыздығының компенсациясы сол жақ қарыншамен жүрекше миокардының гипертрофиясымен гиперфункциясының есебінен жүреді. Жүректің бұл компенсациясы қуатты сол жақ қарынша миокарды қызметінің артуы нәтижесінде көп жылдар бойы сақталады. Бірақта кейде сол жақ жүрекше кеңейе отырып, қанды толық шығару қабілетін жояды. Сол жақ жүрекшеде одан кейін кіші қан айналымында қысымның жоғарылауы мен қанның іркілуі болады, ол тоқыраулы қан айналымының шамасыздығының дамуына әкеледі.
Клиникалық бейнесі. Митралды шамасыздық кезіндегі клиникалық көрінісі қақпақ ақаудың айқындылық дәрежесі мен миокардтағы өзгерістерге байланысты. Шамалы митралды қақпақтың шамасыздығына жүрек қызметінің толық компенсациясы өмір бойы, тіпті физикалық жұмыс істегенде де сақталады. Бұндай жағдайда ақау кездейсоқ анықталады. Ауыр физикалық күш түскенде науқастың ентігуге, жүрек қағуына және ырғақсыздыққа шағымдары болады. Митралды қақпақтық шамасыздығының компенсацияланған кезеңінде науқас тері жамылғысында өзгеріс байқалмайды. Қақпақтың айқын шамасыздығы бар науқастарды сол жақ қарыншаның ұлғаюы белгілі бір дәрежеге жетеді, соның нәтижесінде жүрек ұшы түрткісі өзінің көлемі ұлғайып, бұғана орта сызығынан сыртқа ығысады. Науқастарға перкуссия жүргізген кезде аздаған қақпақтық шамасыздығында жүректің салыстырмалы тұйық өлшемдері жоғары және солға ұлғайғандығы анықталады. Митралды қақпақтық шамасыздығында артериялық қысым мен тамыр соғу көрсеткіштері әдетте қалыпты болады. Рентгендік тексерулер кезіндегі өзгерістер митральды қақпақтың айқын шамасыздық кезінде байқалады және сол жақ жүрекше құлақшасының айқын жеткіліксіздігі кезіңде байқалады және сол жақ жүрекше құлақшасының ұлғаюымен сипатталады, жүрек мықынының тегістелуі, оған “митралды” конфигурация береді. Бірінші қиғаш жағдайда өңештің үлкен радиус доғасы бойынша оңға және артқа ығысуы байқалады. Екінші қиғаш жағдайда ретрокардиалды кеңістіктің тарылуы мен сол жақ қарыншаның ұлғаюы байқалады, олар омыртқа артында анықталады. Митралды қақпақтың шамасыздығын эхокардиограммада анықтау тек жанама белгілерімен болады, ол жүрек ішілік гемодинамиканың бұзылуымен сипатталады, яғни жүректің сол жақ бөлігінің көлеммен зорығу; сол жақ қарынша мен жүрекше аралық перде қабырғасының гиперкинезі мен гипертрофиясы. Нақты дерт анықтамалық нәтижені доплер – эхокардиография береді, ол митралды сақина айсағындағы қанның кері ағуын анықтауға және сандық бағалауға арналған. Бұл әдіс митралды регургитация синдромымен, митральды қақпақтың ревматизмдік зақымдалуымен, оның босаңсуымен субқолқалық бұлшық еттік қатаюымен, митралды қақпақтың жармасындағы вегетациямен ажырату диагнозын жүргізуге көмектеседі.
Емі және болжамы. Митралды шамасыздықтың ағымы көптеген жылдар бойы қолайлы болады. Митралды қақпақтың айқын шамасыздығы мен ревмокардиттің жиі асқынуы әуелі кіші, кеңінен үлкен қанайналым шеңберінде қан айналым бұзылуы белгілерімен біртіндеп, әуелі жүректің сол жақ, кейінірек оң жақ жартысының айқын шамасыздығында оны өз уақытында протездеу жүректің қалпына келе алмауының алдын алады
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1344;