Бақылау сұрақтары. 1. Ревматизм сырқатына жалпы түсініктеме беріңіз.

1. Ревматизм сырқатына жалпы түсініктеме беріңіз.

2. “Жұқпа – аллергия” терминің қалай түсінесіз.

3. Ревматизмнің қоздырғышы және әкеліп соқтыратын мәнбірлері сырқаттың дамуына қалай әсер етеді?

4. Ревматизмнің жіктелуін айтып шығыңыз.

5. Ревматизмде буын зақымдануының негізгі ерекшеліктері.

6. Ауруға нақты дерт анықтамасын өткізу үшін қандай зертханалық тексеріс түрін қолданады?

7. Ревматизм сырқатының негізгі емдік қағидасы.

8. Ревматизмде өткізілетін алғашқы және екіншілік алдын алуды қалай түсінуге болады?

Миокардит

Миокардит – жүрек бұлшық етінің жұқпа аллергиялық не болмаса токсико – аллергиялық себептерден туындайтын қабыну ауруы.

Этиологиясы. Вирусты, бактериялы жұқпа мен іріңді – септикалық аурулармен байланысты жұқпа миокардиттер тобын ажыратады. Бұл топтың миокардиттері күл, жәншау, іш сүзегі, туберкулез аурулары кезіңде пайда болуы мүмкін. Спирохетозды, паразитарлы және саңырауқұлақты миокардиттер болуы мүмкін. Соңғы жылдары әсіресе жиілеп кеткені вирусты миокардиттер болып отыр, ал оларды қоздырғыштар негізінен тұмаудың, ұшпа шешектің, полимиелиттің вирустары болуы мүмкін. Аллергиялық миокардиттің себебі антиген – антидене кешені пайда болатын иммунды - аллергиялық дәрістер, ал олар жұқпа аллергиялық, дәрілік, қанның сары суынан, тағамнан, күйіктен, мүше алмастырғанда т.б. себептерден болатын миокардиттерде байқалады.

Тиреотоксикозда, уремияда, алкоголь ішімдігіне салынғанда байқалатан миокардиттер токсико - аллергиялық миокардиттер тобын құрайды. Миокардтың зақымдануы ошақты, не болмаса диффузды болады да, миокардиттің клиникалық көрінісін айқындайды. Бір жағдайларда миокардтағы өзгерістер негізінен бұлшық ет торшаларында шоғырланса, басқа жағдайларда аралық дәнекер тіндерде болады. Миокардиттен кейін тыртық тін пайда болып, миокардиттің кардиосклерозбен аяқталуы мүмкін. Дәріс жүректің барлық бөлшектеріне тарап, жүрек қуыстарында, әсіресе сол жақ қарыншада, тромбтардың пайда болуы тән болады.

Клиникалық бейнесі. Миокардиттің белгілері оның этиологиясы, дәрістің көлемі мен тереңдігіне байланысты. Оның білінулері жүрек әлсіздігі белгілерінің болмауынан қан айналысы жеткіліксіздігінің ауыр түрінің клиникалық көріністерінің күрделі ырғақ бұзылуына дейін өзгеруі мүмкін. Науқас жалпы әлсіздікке, дене ыстығының шамалы көтерілуіне, шаршағыштыққа, қимылға сәйкессіз, кейде түнде пайда болатын ентікпеге, жүрек тұсында түсініксіз ауырсынуды сезіну, кейде жүрек қыспасы сияқты ауырғандыққа, ырғақтың бұзылуына шағымданады. Кейбір жағдайларда миокардитті миокард инфарктісімен ажыратуға мәжбүр етеді. Сыртқы байқауда жүрек әлсіздігі белгілерін табуға болады: көгеру, бел мен аяқтардағы ісік, бозару мен көгерудің қабаттасуы. Ауыр жағдайларда тамыр соғысы әлсіз, жиілеген, ошақты миокардиттерде өзгеріссіз. Қан қысымы, әсіресе систолдық, төмендеуі мүмкін. Ескеретін жай, кейбір жағдайларда миокардиттің клиникалық көріністері негізгі патологиялық дәріспен бүркемеленіп қалуы мүмкін. Қанды тексергенде лейкоциттердің шамалы көбеюі, эозинофильдердің көбеюі, ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Қандағы ақуыз фракцияларының өзгерісі, дифениламинді байқаудың көрсеткіштері, С – реактивті протеиннің сапасы үнемі айқын болмайды және олардың әжептәуір өзгерісі көбінесе ауыр диффузды миокардиттерде байқалады. Көпшілік жағдайларда ферменттердің көбеюі болмайды. Ошақты миокардитте рентгендік тексеріс егер жүрек әлсіздігі болмаса, жүректің елеулі өзгерістерін көрсетпеуі мүмкін. Қайталап бақылау, әсіресе рентген мен электрокимография көмегімен айқын анықталатын сол жақ қарыншаның, оның пропульсивті қабілетінің азаюын байқауға мүмкіндік береді. Миокардиттің ауыр түрінде жүрек бір келкі ұлғайып, доғалары тегістеледі, жиырылу қабілеті төмендейді.

Жедел ағымында кенеттен үдемелі жүрек әлсіздігінің жылдам дамитын белгілері пайда болады. Тексеріс кезіңде ентігу мен қоса көгеру, жүрек соғысының жиілеуі, өкпеде тоқырау белгілері, бауыр үлкеюі байқалады. Дене қызуы жоғарлап 38 – 39 0С жетуі мүмкін. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоциттердің көбеюі байқалады.

Бүйрек, өкпе, көкбауыр тамырларының тромбоэмболиялары жиі байқалады. Тромбоэмболиялық белгілер алдыңғы қатарға шығып, дертті дұрыс анықтауды қиындатады. Жүрек көлемі барлық жаққа ұлғайып, үндері әлсірейді, жиі шоқырықты ырғақ, жүрек жиырылу шуылы естіледі. Қан қысымы төмендейді. Рентгенде жүрек көлемінің едәуір ұлғаюы, соғу толқының әлсіреуі байқалады. Эхокардиографияда миокард гипертрофиясынан гөрі жүрек қуыстарының кеңеюі жиі анықталады. Миокардиттің жедел ағымды түрінде болжамы ылғида қауіпті, өлім жиі болады.

Емі. Миокардиттың емі кешенді болып табылады. Негізінде қабынуға қарсы антибиотиктер, салицилаттар тобының дәрі-дәрмектерімен қолданады. Сонымен қатар иммунитеттің тежелуіне хинолин дәрілерін қолданады (делагил, плаквенил). Жүрек бұлшық етінің зат алмасу дәрісін жақсартатын дәрілерді пайдаланады (кокарбоксилаза, АТФ, рибоксин т.б.) Жүрек жеткіліксіздігінде арнаулы түрде ем жүргізіледі: жүрек гликозидтерін калий препараттарымен қосып тағайындайды. Өткір миокардитте науқас қатаң төсек тәртібін сақтап, ауруханаға жатқызады. Науқастың тамағы құнарлы, әсіресе құрамында С витамині тағамдарды қолдану және тағамда ас тұзын шектеу маңызды болып табылады. Аллергиялық миокардитте белгілі бір мақсат ретінде (сенсибилизацияға қарсы) глюкокортикоидтарды тағайындайды. Жүрек тамыр жеткіліксіздігінде ем жалпы қағидалармен өткізіледі. Сонымен қатар симптомға қарсы ем жүргізіледі.

Болжамы. Уақытында дұрыс емделген жағдайларда көбінесе жағымды болып келеді. Сырқаттың белгілері толық жойылады. Науқасты емдеген соң, жұмысқа деген қабілеті қайтадан қалпына келеді.

Алдын алу. Мұнда баспа, құлақ, мұрын жұқпалы ауруларды уақытында емдеп, ошақты жұқпада санация жүргізіліп отырған дұрыс. Шынығумен айналысқан өте тиімді болып табылады.








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1261;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.