Рғақ плеврит

Этиологиясы. Көбінесе өкпе аурулары әкеліп соқтырады (пневмония, өкпе абсцессі), туберкулез және ревматизм, коллагеноздар туындайды.

Патогенезі. Плевра қабықшалары ісініп, қызарып, қалыңдайды. Олардың бетіне фибрин жіпшелері түзіледі. Дем алғанда плевра қабықшалары бір – біріне үйкеліп, ауырсынуды туғызады, тыныс алу дәрісі бұзылады.

Клиникалық бейнесі. Ауру кенет басталады. Сырқаттың басты негізгі белгісі ауырсыну болып табылады. Түшкіргенде, жөтелгенде, терең дем алғанда ауырсыну күшейеді. Кеуденің бұлшық еттері мен жүйке талшықтарыда жиі қабынады. Сырқаттың жағдайы нашарлап әлсізденеді, дене қызуы субфебрильді болып көтеріледі, науқас ентігіп қиналады. Науқас кеудесінің қабынған жағын ауырсынуын үдемеуі үшін төсекке зақымданған қырымен жатады. Дем алғанда кеуденің зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Перкуссияда өкпе дыбысы сәл қысқарады, өкпе қозғалысы зақымданған жақта белгілі бір түрде шектелумен болады. Сырқаттың дерт анықтамалық негізгі белгісінің бірі – плевраның үйкелу дыбысының естілуі. Бұл шуыл қатты дем алғанда жақсы естіледі, ауаны жұтқанда да, шығарғанда да анықталынады.

Ағымы. Құрғақ плеврит көбінесе жеңіл түрде өтеді. Кеуденің ауырсынуы орта есеппен 7 – 10 күнге созылады, жалпы тербелуі 2-3 күннен 3 аптаға дейін.

Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз білінеді, эритроциттердің тұну жылдамдығы артады. Қан анализіндегі өзгерістер негізінде құрғақ плевритке әкеліп соққан аурумен байланысты.

Дерт анықтамасы. Сырқаттың екі негізгі белгісі нақты түрде анықталғанда диагноз қою жеңілдейді. Кеуде қуысының дем алғанда ауырсынуы және плевраның үйкелгендегі дыбыстың естілуі осы екі негізгі белгілерге жатады.

Болжамы. Құрғақ плевритте болжамы жағымды, дұрыс уақытында ем қолданғанда барлық клиникалық көрінісіндегі белгілер ізсіз жоғалады.

Емі. Плевритке әкеліп соқтырған негізгі сырқаттың емі болып табылады ( өкпе қабынуы, өкпе абсцессі, туберкулез, ревматизм), яғни қабыну дәрісін басу үшін антибиотик және сульфаниламид препараттар тобымен қолданады. Ауырсынуды басу мақсатымен кеуде қуысына қысып тұратын байлам салған дұрыс. Ауырсыну қатты білініп науқас мазасызданғанда жансыздандыру дәрі-дәрмектермен қолданған жөн. Сонымен қатар кеуде қуысының қозғалысын азайтып, жөтелді басу үшін арнайы ем қолданады. Плевраның тыртығын алдын – алу үшін демдік жаттықтыру түрлерін жүргізеді.

 

 

Эксудатты плеврит

Эксудатты (ылғалды) плеврит – плевра қабынып, қуысына сары судың жиналуымен сипатталатын сырқат. Өкпеқабтың арасына сары судың жиналуы нақты түрде демалу дәрісінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сырқаттың ағымы жиналған сары судың мөлшеріне, құрамына байланысты болады. Егер сары суда лейкоциттер жиналса, онда эксудат іріңді болады. Бұл жағдайда сырқат дем алу дәрісінің бұзылуымен қатар уыттану белгілерімен сипатталынады. Ал плевраның қуысына қан құйылса, оны геморрагиялық эксудат дейді. Геморрагиялық эксудат көбінесе қатерлі ісікте, сепсисте, туберкулезде кездеседі. Плевриттің ағымы ұзақ мезгілге созылып кетсе, плевра қабықшаларының беттері қосылып бір – біріне жабысып дәнекерленеді. Әрине, бұл патологиялық жағдай дем алу дәрісін айқын түрде бұзады. Эксудативтік плевритте плевра қуысына 3 литрге дейін сары су жиналуы мүмкін. Бұл кезде өкпе тіні қысылып, кеуде қуысындағы ағзаларды орнынан жылжытып, атқару қызметтеріне зияның келтіреді.

Клиникалық бейнесі. Сырқат жедел немесе біртіндеп басталуы мүмкін. Басында уыттану белгілерімен білінеді, науқас әлсізденіп басы аурады, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйқысы бұзылады. Кейіннен «плевралық» белгілерде байқалады. Дем алғанда кеуде қуысы қозғалыспен байланысты ауырсынады, сырқат ентігеді, жөтеледі, дене қызуы көтеріледі. Кеуде қуысы науқас жөтелген сайын, қозғалған сайын, түшкірген сайын ауырсына түседі. Плевра қуысына сары су жиналғанда ауырсыну сәл басылғандай болады. Дем алуы 30 – 40 рет минутына жиілейді, ауырсынуға байланысты науқастың демі беткей. Қарағанда: бет әлпеті боз, қабырға арасы тегіс немесе домбығып тұрады, дем алғанда зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, зақымданған қырымен жатады (кеуде қозғалысын азайту үшін). Перкуторлық тексерісте: сары су жиналған жерде өкпе дыбысы топастанған болып келеді. Оның жоғарғы шекарасы дөңес, ең жоғарғы шеті – жаурынның және артқы қолтық сызықтың арасы болып саналады (Дамуазо сызығы). Аускультацияда дем дыбысы зақымданған аймақта жәй сезіледі. Егерде сары су көп мөлшерде жиналса, онда жүрек оң жаққа қарай жылжиды, тахикардия білінеді, қан қысымы сәл көтеріледі. Рентген тексерісінде – сары су жиналған жерде өкпенің гомогендік қараюы білінеді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады (30 – 60 мм сағатына).

 


 

11 сурет.Өкпе қаптың қабынуындағы

перкуссия көрсеткіштері.

1- Дамуазо сызығы

2 - қысылғын өкпенің аймағы

3 - көкірек орталығының орналасуы

4 - экссудаттың жиналған орны

 

Ағымы. Қолданылған ем нәтижесінде 1 – 1,5 айда эксудат толық таралады. Қарт адамдарда, жүкті әйелдерде және әлсізденген науқастарда эксудаттың таралуы көп уақытта созылады, бірнеше ай ішінде эксудат толығымен таралуы мүмкін, кейде таралмай плевралық бірікпелерді тудырады.

Дерт анықтамасы. Сырқаттың диагнозы науқас шағымдары арқылы анықталады, негізгі перкуторлық және аускультациялық өзгерістер көмегімен анықтауға мүмкіндік береді. Рентген суретінің көрсеткіш нәтижесі маңызды роль атқарады. Дерт анықтамалық және емдік ретінде плевралдық пункция жасалады.

 


12 суретЭкссудатты плевриттің

рентгенограммасы

 

 

Емі. Эксудатты плевриттің емі негізгі сырқатқа байланыста бағытталынған – туберкулезіне, өкпе қабынуына, өкпе қатерлі ісігіне. Науқас қатаң төсек тәртібін сақтап, құнарлы тағамдармен тамақтанады. Қабынуға қарсы антибактериялдық емін қолданады. Десенсибилизациялық ем жүргізіледі, ағзаның сезімталдығын реттейтін, жөтелді басатын дәрі – дәрмектерді қолданады. Сары су көп мөлшерде жиналып таралмаса, плевраны тесіп сары суды сыртқа шығарады. Плевралдық бірікпелерді болдырмау үшін демдік жаттығулары жүргізіледі.

Алдын алуы. Аурудың алдын алуы плевритке әкеліп соғатын өкпе ауруларын уақытында емдеген жөн, біріншіден ол өкпе туберкулезі. Сонымен бірге ағзаның физиологиялық жағдайын күшейтіп, иммун жүйесін көтерген дұрыс. Темекіден және ішімдіктен бас тарту. Плевритпен ауырған науқас есепке алынып, диспансерлік нұсқау бойынша қаралып отырады.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1456;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.