Бақылау сұрақтары. 1. Өкпе эмфиземасының және пневмосклероздың жалпы түсініктемесін айтып шығыңыз.
1. Өкпе эмфиземасының және пневмосклероздың жалпы түсініктемесін айтып шығыңыз.
2. Өкпе эмфиземасының клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз.
3. Пневмосклероздың өкпе эмфиземасынан рентген суреттеріндегі патологиялық өзгерістердің бір – бірінен қандай айырмашылықтарын көруге болады?
4. Өкпе сиымдылығын қай тексерістермен анықтауға болады?
5. Аталған екі сырқаттардың емдік қағидасының негізі.
6. “Симптомға қарсы ем” деген терминді қалай түсінесіз?
Кпе обыры
Қазіргі кезде жиі кездесетін дерттер қатарына жатады, барлық қатерлі ісіктердің арасында 10%-де өкпе обыры орын алады, көбінесе ер адамдар сырқаттанады. Өкпе тінінің торшалары ретсіз бөлініп, ісік білінеді, біртіндеп өкпенің тіні өз қызметінен айырылып, ағза уыттана бастайды.
Этиологиясы. Өкпе обырының себебі, басқа қатерлі ісіктердің себептері сияқты толығымен зерттеліп, анықталынбаған. Бұл сырқат қала тұрғындарының ішінде жиі кездеседі, қаланың ауасында пайдаланылған газдың концентрациясы көп. Өкпе обырының дамуына болжамалы мәнбірлеріне шылым шегу, өндірістік сырқаттар қатары, созылмалы өкпе қабынуы жатады.
Жіктемесі. (М.И.Давыдов, Б.Е.Палацкий, 1994ж)
Ісіктің орналасуына байланысты:
· Орталық түрі
· Шеттік түрі
· Атипиялық түрі
Ісіктің түріне байланысты:
· ұсақ қатерлі ісік (0,5 – 1 см), ол тез басқа ағзаларға тарайды;
· обтуралдық, бітелу түрі – үлкен бронхта дамиды, бронхтың ішін бітеп ателектазға соқтырады;
· түйінді – бронхтың айналасындағы тіндерге өседі;
· бронхогендік – бронх жолымен таралып, түйін пайда болады;
· өкпе қабыну тәрізді түрі, обыр алғашқы рет басталуы мүмкін;
· метастаздық түрі – басқа ағзадағы обыр қан, лимфа арқылы таралып, өкпенің тініне обыр торшалары келіп түседі; көбіне асқазандағы, сүйектегі обырлар өкпеге тарап, тез өкпе тініне жайылады. Өкпеде алғашқы рет обырдың дамуы басталса, онда өкпедегі қатерлі ісік торшалары ең қарқынды кезеңде басқа ағзаларға тарайды.
Клиникалық бейнесі. Ең алғашқы кезеңінде клиникалық белгілері өте аз білінеді, сондықтан сырқаттың белгілерін уақытылы танып білу қиынға соқтырады. Сырқаттың белгілері қатерлі ісіктің орналасуына, зияндығына және оның асқынуларына байланысты көріністері байқалады. Денедегі лимфа бездері шошынып, көлемі ұлғаяды.
Жиі кездесетін белгілерге - жігерлі құрғақ немесе қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, ентігу, қан аралас қақырық тастау жатады. Егер бронхыда қатерлі ісік дамуы көбейсе онда, жөтел жиілеп, ұстамалы түрде байқалады. Қақырық іріңді болса, ол бронхиттің дамуы және қатерлі ісіктің ыдырауынан пайда болғанын көрсетеді. Бронх обструкциясы мен өкпе қабынуы ілеспелі түрде байқалатын болса, ентікпе пайда болады. Қатерлі ісік немесе бронх кілегей қабаты зақымдалса қақырық қан аралас болады. Науқастың беті солыңқы келіп, дене салмағы азаяды. Обырдың ағымы клиникалық белгілерінің ұлғайып отыруымен сипатталады: жөтел күшейіп, ауырсынуы күннен күнге қозып отырады. Дерт анықтамалық белгінің бірі – жүргізіліп отырған емнің нәтижелісіз болуы. Тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері өрши түседі. Осы белгілердің бәрі үздіксіз түрде байқалынып отырады. Обырдың ағымындағы ең қауіптісі қан тамырлары зақымданғандықтан өкпеден қан кету болып саналады. Уыттану белгілерінің әсерінен (дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, тамаққа тәбеттің тартпауы, ұйқысының бұзылуы т.б.) науқастың жалпы жағдайы нашарлайды.
Өкпені тықылдатқанда перкуторлық – топастық дыбыс, аускультацияда құрғақ және дымқыл сырылдар естіледі.
Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Диагноз қою үшін цитологиялық тексеріс жүргізеді; өкпе тінінен биоптат алады. 90% сырқаттанушылардың қақырығында атипичтік торшалар табылады. Рентгенография, бронхоскопия, бронхография әдістері, рентгендік томограмма қатерлі ісіктің көлеңкесін, өкпе ателектазын, өзгерген лимфа бездерінің ұлғайғандығын көрсетеді.
Сырқаттың ағысы. Бұл сырқат түрінен зардап шегуші адамның өмірі 2-3 жылға ғана созылады. Уыттанудан, метастаз және басқа да асқынулар нәтижесінен шетінеуі мүмкін.
Асқынулары. Қансырау, өкпе абсцессі, ателектаз, геморрагиялық плеврит, метастаздар болып табылады.
Емі. Сырқаттың негізгі емдік қағидасы - өкпе торшаларының ретсіз бөліну дәрісін тежеуге бағытталған. Осы мақсатпен әр түрлі сәулені қолдану тәсілдерімен емдейді, сонымен қатар химиотерапия емін жүргізеді (цитостатик дәрі-дәрмектері торшалардың бөліну дәрісін тежейді). Ауырсынуды басу үшін жансыздандыру тобының дәрілерімен де қолданады (анальгин, баралгин, пенталгин, наркотиктер т.б), симптомға қарсы ем жүргізеді.
Алдын алуы. Тұрғындардың барлығы тегіс түрде жылына 1 рет рентген тексерісінен өтуі тиіс. Осымен қатар созылмалы өкпе сырқаттарын асқындырмай уақытында емдеп отыруы қажет. Өкпе іріңді ауруларында науқастар міндетті түрде диспансерлік бақылауда тұрып, көктемде және күзде ем алып тұрады. Әр адам өзін - өзі шынықтыратын жаттығу түрлерін өткізуге дағдылатып, қалыптасу керек. Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің өткір респираторлы ауруларының алдын алып, жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1575;