Мейірбикелік кірісулердің үлгілері

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған) Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Жөтел   1.Ыңғайлы жағдай көрсету.   2.Рефлекторлық түрде жөтелді басу.   3.Пациенттің жағдайын қадағалау.   4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу   5.Пациент өзін-өзі күтіп, жеке бас гигиенасын сақтай алады.   6.Шұғыл жағдайларда өзіне өзі көмек көрсетеді.     1.Мейірбике науқасқа біріншіден ыңғайлы жағдай көрсетуі қажет, яғни, Фаулер жағдайын жасау.   2.Сонымен қатар науқастың үстіндегі киімдерін жеңілдеткен жөн.   3.Кеудесіне қыша қою қажет.   4.Ыстық сүт, май, жылы сұйықтықтар беру керек.   5.Дәрігер келгенше мейірбике пациенттің жағдайын бағалап отырады: демін санайды, қан қысымын өлшейді, тамыр соғысын анықтайды.     Жөтелді басып, қақырықты сыртқа шығаратын шөп тұнбалар, дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауы бойынша береді. Мысалы: мукалтин, линкас, броигексин, доктормом т.б. Мейірбике пациентті әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге дайындайды. Дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті дем жаттығуларына үйретеді.

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған) Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Ентігу   1.Ыңғайлы жағдай көрсету.   2.Рефлекторлық түрде ентігуді басу.   3.Пациенттің жағдайын қадағалау.   4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу   6.Ентігуде пациент өзіне өзі көмек көрсете алады.     1.Ортопноэ жағдайын жасау (қолын тізесіне тіреп, аяғын төмен түсіру.)   2.Қысып тұрған киімді босату.   3.Таза ауа жіберу.   4.Ингалятормен қолдану   5.Оттегі беру, жастықша немесе Бобров аппараты арқылы.   6.Қақырық тастаған жағдайда, оны жинап зарарсыздандыру.   7.Ентігуде пациент өз - өзіне көмек көрсете білу керек.   8.Дәрігер келгенше мейірбике пациенттің функционалды жағдайын қадағалап отырады: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау т.б.       Дәрігердің нұсқауы бойынша бронх тармақтарын кеңейтетін дәрілер қолданады: көк тамырға 2,4% эуфиллин ер-ін егеді, теофедрин т/б. Ауыр түрде айтып кеткен шаралар әсер етпегенде, система арқылы көк тамырға гормон препаратын енгізеді. Дем ала алмаған жағдайда реанимация бөліміне жеткізіп, жасанды дем алдырады. Барокамера қолдануға болады.

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған) Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Кеуде қуысының ауырсынуы   1.Ыңғайлы жағдай көрсету.   2.Кеуде қуысының ауырсынуын рефлекторлық түрде басу.   3.Дәрігердің нұсқауларын орындау.   4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.   5.Пациенттің функционалды жағдайын бағалау.     1.Кеуде ауырсынуын басу мақсатымен науқасты ауырған жаққа қарай жатқызу (кеуде торшасының қозғалысын шектеу мақсатымен)   2.Пациенттің жағдайын қадағалау: -дене қызуын өлшеу, -демін санау, -қан қысымын өлшеу, -тамыр соғысын анықтау.   Қабынуды, жөтелді басатын ем жүргізу, яғни дәрігердің нұсқауы бойынша мейірбике науқасқа дәрі-дәрмектер береді.   Кеуде қуысына басып тұратын байлам салады (кеуде торша-сының қозғалысын шектеу мақсаты-мен)   Мейірбике пациенттің физио емін алуына жағдай туғызады.

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған) Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Өкпеден қан кету   1.Ыңғайлы жағдай көрсету.   2.Қанды рефлекторлық түрде тоқтату шараларын қолдану.   3.Науқастың функционалды жағдайын бағалау.   4.Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу.     1.Дәрігерді шақыру. 2.Психикалық және физикалық тыныштық сақтау. Ыстық тамақ немесе сусын ішкізбеу Сөйлестірмеу және қимылдатпау.   3.Егерде науқас өзі отыра алса кеудесіне салфетка төсеп қолына түкіргіш береді. Егер науқас төсек тартып жатса, басын бұрып, лоток қойады.   4.Қанмен тұншығып қалмас үшін, мезгіл –мезгіл құсық қалдықтарын тазалап отырады. 5. Рефлекторлық түрде қаңсырауды тоқтату мақсатымен кеудесіне мұзды мұйық қояды.   6.Қаңсырауды тоқтататын дәрі-дәрмектерді әзірлеу. 7.Дәрігер келгенше пациенттің жағдайын қадағалап отыру: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, дене қызуын өлшеу. 1.Қаңсырауды тоқтату мақсатымен дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға, бұлшық етке дәрі-дәрмектерді енгізу.   2.Қанның ұю және ағу уақытын анықтау мақсатымен қан анализдерін алу.   3.Дәрігермен бірге диагностикалық аспаптық тексерістерге қатысу.

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру (қысқа және ұзақ мерзімге бағытталған) Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Қызбаның ІІ-ші кезеңі (гипертермия)   1.Ыңғайлы жағдай көрсету.   2.Рефлекторлық түрде дене қызуын төмендету.   3.Пациенттің функционалды жағдайын бағалау.   4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.       1.Ыстықты басу үшін, пациенттің үстін ашып тастау керек.   2.Рефлекторлық түрде дене қызуын төмендету үшін, басына суық компресс қояды, денесін дымқыл шүберекпен сүртіп отырады.   3.Науқастың ернін вазелинмен майлайды.   4.Шөлін басу үшін сұйықтықтар ішкізеді (рұқсат болса)   5.Науқастың жағдайын бақылайды: дене қызуын өлшеу, тамыр соғысын, қан қысымын анықтау, дем алуын бақылау.   6. Жеке бас гигиенасын сақтау, өз-өзін таза ұстауға үйрету.   7.Мейірбике науқастың туыстарын қызбаға қарсы қолданатын шараларға үйретеді.       Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша науқастың дене қызуын төмендету үшін дәрі-дәрмектер қолданады –энтералды немесе парентералды жолдарымен.   Пациенттің ауруына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысады.







Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1322;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.