Тексеру әдістері. Дерт анықтамасын жүргізгенде науқастан анамнез жинаудың маңызы зор
Дерт анықтамасын жүргізгенде науқастан анамнез жинаудың маңызы зор. Науқастан жиі баспамен ауырды ма екенін, буын аурулары бар ма екенін сұрап білу керек. Науқастан аурудың өту дәрісін сұрау керек, жүрек маңайында ауру қалай басталғаның сұрау керек: ісік, ентігу көп болғаны және қандай дәрілерді қолданғаны. Жалпы қарағанда науқастың бет әлпетін, ыңғайлы жағдайын, терінің түсін, ісіктің көлемін, домбығы бар ма екенін қарау керек. Жүрек маңайының ауруында, ентікпеде науқас өзіне ыңғайлы жағдай іздейді. Ауырсыну кезінде дененің жоғарғы бөлігін қозғалтуға қорқады. Ауа жетіспегендіктен қан айналымының бұзылғанынан және гемоглобиннің тотықпауынан науқастың еріні, беті, мұрының ұшы, құлақтың ұшы, аяқтары көгереді. Туа біткен ақауы бар адамдарда және митрал қақпақшаның қатаюында көгеру қатты білінеді. Кейбір жүрек - тамыр ауруларында науқастың терісі сарғаюы мүмкін. Өйткені бұл бауырдың билирубин шығару қызметінің бұзылуынан болады. Жүрек маңайын қарағанда ол жердің төмпекшеніп көзге көрінуіне көңіл аударамыз. Қалыпты жағдайда ол көзге көрінбейді. Бұлшық еттің гипертрофиясында сол жақ қарыншаның жиырылуы жиіленеді және көлемді болады. Сол жақ қарыншаның дилетация (босану) кезінде жоғарғы бөліктің итерімі (күші) сол жақ және төменге қарай беріледі. Қолқаның аневризмасында кеуденің жоғарғы ойындысында оң жақ екінші қабырға аралықта пульстің соғуы білінеді. Жүректің аневризмасында пульстің соғуы кеуденің сол жақ төртінші қабырға аралығында білінеді. Жауырын аймағындағы пульстің білінуі - бұл жүрек ақауындағы оң жақ қарыншаның гипертрофиясында және өкпе эмфиземасы болып табылады. Пальпация арқылы жоғарғы итерменің орнын және мінезін табуға болады, және кеуде торшасының деформациясын табуға болады (жүрек томпаюы). Қолқаның ақауында, гипертонияда жоғарғы итерме көтеріңкі болуы мүмкін, ал қарыншалардың систолдық кезінде төменірек болады. Пальпация арқылы “мысықтың пырылдауы” сияқты симптомын анықтауға болады. Бұндай симптом сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның аралық тесігі тарылғанда кездеседі. Жүрекке перкуссия жүргізіп жүректің оң жақ, сол жақ және жоғарғы шекараларын анықтайды. Перкуссияда жүректің дыбысы топас. Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шекарасы кеуденің оң жақ шетінен 1 – 2 см сыртқа қарай орналасқан. Ал сол жақ шекарасы бұғананың ортаңғы сызығынан және жоғарғы бөліктің итермесіне 1,5 – 2 см ішке қарай орналасқан. Жоғарғы шекара кеуденің сол жағында үшінші қабырға бойында орналасқан. Тықылдату арқылы жүректің шеңбері және жүрек топас шекараларын табуға болады. Жүрек жетіспеушілігінде тықылдату арқылы жүрек шекараларының кеңейгенің немесе бір бөлігінің кеңейген екенің анықтауға болады.
Аускультация жүрек ақауларын табу үшін өте маңызды әдіс болып табылады. Жүрекке аускультация белгілі бір ретпен жүргізіледі:
бірінші нүкте - митралды қақпақша ( жүректің ұшында), екінші нүкте-қолқалық қақпақшаның проекциясы (оң жақ кеуденің екінші қабырға аралығы), үшінші - өкпе артериясы (сол жақ екінші қабырға аралық), төртінші нүкте- үш жақтаулы қақпақша (бесінші қабырғаның төске бекіту орыны), бесінші нүкте - үшінші қабырға мен сол жақ төстің қабырға аралығы аймағында қолқаның диастолдық шуы және кейбір систолдық шулар жақсы естіледі. Қалыпты жағдайда жүректің екі дыбысы анықталады. Систолдық дыбыс жүректің жиырылу кезінде естіледі. Сол және оң жақ жүрекше – қарынша аралық қақпақшалар жабылып және миокард жиырылады. Диастолдық дыбыс жүректің босасу кезіңде пайда болады, яғни қолқа және өкпе бағаны қақпақшалары жабылу кезіңде пайда болады. Жүректің шуы қысылған жерлерде қан ағымының иірімдеп құйылуы және қақпақша аппаратының деформациясы әсерінен пайда болады. Олар миокардтағы органикалық және өтпелі өзгерістерге байланысты немесе жүректің қақпақшалық аппаратының әсерінен пайда болуы мүмкін. Функционалды шулар сау жүректе қақпақшалар мен миокард зақымданбағанда пайда болады. Оның негізінде: а) емізікше бұлшық еттерімен қақпақша тесіктерінің айналасындағы бұлшық етінің жоғарлауы және төмендеуі б) қан ағымының жылдамдауы, в) балалар мен жасөспірімдердегі шудың ұлғаюы.
Қақпақшалар немесе жүрек ақауларының зақымдануынан пайда болған органикалық шулар (жүре пайда болған және туа пайда болған жүрек ақаулары). Систола кезіңде функционалдық және миокардиопатиялық шу естіледі және органикалық пен салыстырғанда тұрақты емес. Функционалдық систолдық шу жиі өкпе артериясының үстінде Боткин нүктесінде тыңдалады. Жиі систолдық шу органикалық болады. Олар көбінесе тұрақты түрде жүректің үстінде тыңдалады, оның себептері жүрек ақаулары болуы мүмкін: екі жақтаулар немесе үш жақтаулар қақпақшаларының жетіспеушілігі, өкпе артериясының қысылуы, кейбір туа пайда болған аномалиялар, сонымен қатар тағы басқа аурулар.
Органикалық шулар диастола кезінде бітпеген артериялық ағын кезіңде митралды стенозда естіледі. Диастолдық шу қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігінде кездеседі, диастола кезінде қан қайтадан толық жабылмаған қақпақшалар арқылы кері сол жүрекшеге келіп түседі.
Тамыр соғуы (пульс) - бұл жүректің жиырылуы кезінде айдап шыққан қанның әсерінен артерия қабырғаларында пайда болатын кезеңді тербелістер. Әдеттепульсті білезік артериясында үш саусақпен анықтайды. Пульсті
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1525;