Леуметік қауіптердің түрлері

Әлеуметтік қауіптер жөнінде сөз қозғалған кезде рухани және мәдени жұтаңдық, қаңғыбастық, жезөкшелік, маскүнемдік, алкоголизм және темекі шегумен байланысты болатын байланысты қауіптерді де есте ұстаған жөн.

Мысалы, қаңғыбастық дегеніміз адамның бір орыннан екіншісіне үнемі орын ауыстырып, үй-күйсіз, қайыр сұрау арқылы тіршілік етуі. Өкінішке орай, біздің заманымызда осындай қаңғыбастар өте көп, тіпті олардың заңды түрдегі анықтамасы да бар – БОМЖ (без определенного места жительства), әдетте олар көше кезіп, мешіт-шіркеулерді, жер асты өткелдерін жағалап қайыр тілеп жүреді. Мұндай өмір салты деградацияға ұшыратады және де мұндай ортада түрлі жұқпалы аурулармен ауру қаупі де өте жоғары болмақ.

Соңғы 50 жыл ішінде заңгер ғалымдардың жіті назарына қоғам үшін ең қауіпті, әрі ауыртпалықтары да зор болып келетін жезөкшелік атты әлеуметтік құбылыс ілініп отыр.

Жезөкшеліктің тарихы сонау ерте ғасырлардан басталады. Оның «ең көне кәсіп» аталуының да кездейсоқтық емес. Көне дәуірлерден бері қазіргі күндерге дейін жезөкшелік жайлы әр елдердегі философтар, ағартушылар, тарихшылар әлеуметтік феномен ретінде қарастырған. Әр кезде жезөкшелерге деген көзқарас та, қарым-қатынас та әр түрлі болған: бірде оларды қатты қудаласа, бірде ақындар жырға қосып, суретшілер өз туындылрын арнаған; бірде оларды түрмеге қамап, өлім жазасына кессе, бірде олардың кәсіптері заңды деп есептеліп, ашық түрде онымен айналысуға рұқсат етілген.

Жезөкшелік тарихын зерттейтін авторлар оның үш түрлі формасы бар екендігін айтады: қонақжайлық жезөкшелік, діни жезөкшелік және заңды жезөкшелік.

Қонақжайлық жезөкшелік өте ерте замандарда болған, ол кезде сыйлы қонақты разы қылып қарсы алудың бір әдісі ретінде қалыптасқан. Үй иесі шеттен келген қонақты өзіндегі бар жақсысын ұсына отырып қарсы алып, құрметтеуге міндетті болған. Мұндай тәсіл арқылы халықтар арасындағы байланыстарды орнатып, сауда қарым-қатынастарын қалыптастырған.

Діни жезөкшеліктің екі түрі болған: қандай да бір құдайдың құрметіне арналған бір реттік және тұрақты. Бастапқыда әйел адамның ары құдайдың құрметіне «құрбандыққа шалынған» (діни-мистикалық акт ретінде). Осыдан барып жезөкшелердің арнайы касталары пайда болған. Оларды арнайы үйде ұстаған (қазіргі қоғамдық үйлерге ұқсас). Бұл түрі көбінесе Шығыс елдеріне тән болған.

Заңды жезөкшелік Еуропада қалыптасқан. Грецияда, Рим империясында б.э.д. IV ғасырдың өзінде бұл кәсіп кәдімгі сауда түріне айналдырылған. Оларға салық салынып отырған.

Алайда ХV ғасырдың аяғына қарай түрлі жұқпалы аурулардың жаппай етек алғаннан кейін заңды жезөкшелікке деген қарым-қатынас күрт өзгерді. Енді оларды қудалап, жазалау шаралары орын ала бастады. заңды Жезөкшеліктен бас тартып, оны шектеуге мәжбүрлік туындады. Бұл енді әлеуметтік қауіп ретінде қарастырылады. Бірақ бұл кәсіптің қоғамда әлі де орын алатыны өте өкінішті.

Бұл құбылыстың пайда болуы мына факторлармен сипатталады:

· әлеуметтік-экономикалық: елдегі әлеуметтік теңсіздік, халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігі, әсіресе, жастардың, әйел адамдардың өз-өздерін қажеттіліктерімен толық қамтамасыз ете алу мүмкіндігінің шектеулігі және материалдық тұрғыдағы қызығушылықтар (оңай ақша);

· моральдық-этикалық: қоғамның моральдық дәрежесінің төмендігі, рухани байлықтың болмауы, затқа деген қызығушылық;

· физиологиялық: екі жақтың да физиологиялық сұраныстары, ешқандай міндеттемелерді жүктемей, тән қалауын жүзеге асыру, адамға тұтыну тауары ретіндегі көзқарас.

Бұл кәсіппен шұғылданушыларды заң жүзінде қудалауға бола ма? (қоғамның өзі кінәлі, зорлық-зомбылықтың артып кетуі мүмкін)

Алкоголизм – спиртті ішімдіктерге салынушылық,

Алкоголь – жүйке жүйесін улаушы спецификалық зат. Ол алдымен миды зақымдайды. (Спирт майларды ерітеді, ми ұлпаларындағы басты зат, ол – майлар.) Қан құрамында алкоголь концентрациясының артуы мен мидың зақымдануы арасында тура тәуелжілік байқалған.

Мастықтың жеңіл дәрежесінде адам өзін жеңіл сезініп, проблемаларын ұмытады. Қан құрамында алкоголь концентрациясы 0.05%-тен асқаннан кейін ми қабыршағының зақымдалуы басталады, бір нәрсеге зер салу өз-өзін қалыпты ұстау қабілеті төмендейді. Адамның іс-әрекетінде батылдық, сөзшеңдік пайда болады, өз ісі үшін жуап бере алмайды, тепе-теңдігін жоғалтады.

Алайда алкогольдің пайдалы жақтары да бар. Аздаған мөлшерде стресстен құтылуға жәрдемдеседі. Спирт адам ағзасында тотыққан кезде энергия бөледі екен.

Мысалы шараптың емдік қасиеттері де бар. Оның құрамына кіретін органикалық қышқылдар ас қорытуға пайдасын тигізеді, зат алмасу процесінде де маңызы зор. Асқазан, буын, тыныс жолдары ауруларын емдеуге, қан аздықта қолдануға болады. Ең бастысы – шектен асырмау. Сол кезде ғана ол қауіпті болмайды.

Темекі шегу. Никотин – жүйке уы. Ешбір емдік қасиеті жоқ. Өкпені зақымдайды.

Сонымен қатар темекі шегудің мындай теріс жақтары да бар:

· Спортта, жұмыста жақсы жетістіктерге жету мүмкін емес, дәлдікті қажет ететін приборларда жұмыс істеу қиын;

· Бет терісінің ерте қартаюы, тістердің нашарлауы, яғни, әсемдіктен айрылу;

· Дауыстың қарлығып шығуы;

· Жалпы жағдайдың нашарлауы (жоғары артериялық қысыммен байланысты бас аурулары, жүрек қызметінің бұзылуы);

· Жұмысқа қабілеттіліктің айтарлықтай төмен болуы, сған байланысты профессионалдық жарамдылықтың болмауы;

· Импотенция, бұл, әсіресе, шылым шегуді ерте бастағандарда жиі кездеседі, себебі жүйке жүйесі тұрақсыз болып, мұндай жағдайларға тап болу жеңілдей түседі;

· Обыр ауруына шалдығу ықтималдығының жоғары болуы.

 

Нашақорлық – (грек тілінен «narke» – мелшию және «manіa» – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

 

Қорыта келсек, төмен әлеуметтік рухани және мәдени деңгеймен байланысты әлеуметтік қауіптер тұлғаның моральдық-этикалық сапасының төмендеуіне, деградацияға ұшырауына әкеп соқтырады екен. Сонымен бірге, түрлі ауруларға (тез емделетінінен бастап, мүлде емі табылмағанға дейін (СПИД)) кез қылатындығын да есте ұстаған жөн.

Маскүнем, нашақорлардың кесірінен қоғамда жол-көлік апаттары, өндірістік жарақат алулар, қылмыскерлік (адам өлімі, зорлық) етек жаюда.

 

Оғамның әлеуметтік теңсіздігі, табыс көлемінің әр түрлілігі, билікке, мәртебеге құмарлық түрлі шиеленістердің туындауына себепкер болады.

 

Қоғамда көрініс табатын әлеуметтік қауіптердің басқа да түрлері:

Бопсалау - қандай да бір олжа (пайда) табу мақсатында масқаралық (ұят) немесе құпия мәліметтерді әшкерелеу мүмкіндігімен қорқыту, бұл – қылмыс. Ол жүйке жүйесіне кері әсер етеді.

 

Алаяқтық – алдау, сенімге қиянат ету арқылы мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке бас мүлкін иемдену қылмысы. Алаяқтық құрбаны болған адам қатты психофизиологиялық күйзеліске ұшырайды.

 

Қарақшылық – мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге қарулы шабуыл жасау мақсатында құрылған бандалар ұйымының іс-әрекеті немесе жекеленген адамдардың осындай бандалар құрамына кіруі немесе олардың жасаған шабуылдарына қатысуы.

Тонаушылық – мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке бас мүлкін иемдену мақсатында жәбір немесе адам өмірі мен денсаулығына қатер туғызатын зорлық-зомбылық көрсете отырып басқыншылық жасау.

 

Зорлау – жәбірленушінің шарасыздығын пайдалана отырып, физикалық озбырлық көрсету мен қоқан–лоққы арқылы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу. Қылмыстық құқық бойынша зорлау қылмысы үшін қатаң жаза қолданылады (өлім жазасына кесуге дейін)

 

Тұтқынға алу – өз талап-мүдделерін орындату мақсатында адамдарды (көбінесе әйелдер мен балалар) қамауға алу.

 

Лаңкестік– өз мақсатына жету үшін еш нәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес, физикалық зорлық-зомбылық көрсетуден бастап, мүлдем жойып жіберуге дейін баруы мүмкін.

Суицид (өзіне өзі қол жұмсау). (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті.

 

Вандализм - өнер туындылары мен сәулет ескерткiштерін құрту.

 

 

САМСАҒАН СЕКТАЛАР МЕН САНСЫРАҒАН САНАЛАР…

Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті. Біз бүгін солардың бірқатарынан оқырманды хабардар еткелі отырмыз.

«Бахаи» – Ирак пен Иранда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған, заманауи космополитикалық дін. Бахаизм ілімі мұсылмандық баббиттер тайпасының негізінде пайда болған. Іс жүзінде ислам мен бахаизм арасындағы алшақтықтың көп екендігі соншалық, «Бахаи» өз қауымдастығын жеке-дара ілім, әлемдегі ең ақиқи дін ретінде санайды. Барлық дәстүрлі емес культтер сияқты, «Бахаиге» де Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуге ұмтылыс сипаты тән. Сектаның символы тоғыз көрнекті діни ұйымды біріктіретін, тоғыз шолақты жұлдыз бейнеленген логотип болып табылады.
2008 жылдың 1 қаңтарына елімізде «Бахаи» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркелген. Оған құлшылық етушілердің саны шамамен Қазақстан бойынша 600 діндарды құрайды.
«Иегова куәгерлері» – 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. «Иегова куәгерлері» – протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті христиандықтың символы ретінде жоққа шығарады. Аталған конфессия Христі Құдай ретінде санамайды, оны Құдайдың ұлы деп таниды. Куәгерлер құдайдың дұрыс аты – Иегова, ол өзін осылай атаған деп, сол себепті оның ізбасарлары Құдай ретінде соған құлшылық етеді. Куәгерлердің айтуы бойынша, адам мәңгілік өмірге «Иегова куәгерлері» қауымдастығына кіру арқылы ғана ие болады.

«Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Иконаға, крестке және статуяларға тағзым етпейді, сондай-ақ қандай да бір халықты рухтандыратын мемлекеттік әнұрандардың орындалуын, туларды идолға табынудың жабық түрі санап, құрмет көрсетуді қажет деп есептемейді. Рождествоны, туған күндер мен басқа да мерекелерді атап өтпейді.
Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылы «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің мүшелері мемлекеттік шаралар мен мерекелерден бас тарту оқиғасы байқалған. Сондай-ақ, 2007 жылы қаңтарда Өскеменде Өнер колледжі теориялық бөлімінің екінші курс студенті А.В.Цитович Қазақстан Әнұранын орындауға қатысудан және оқу орнының қоғамдық өміріне атсалысудан бас тартқан.

2007 жылдың аяғында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында Төрехан Ешпанов 21 жыл отасқан әйелі Есенкүл Ешпановамен ажырасуға тура келген. Оның басты себебі – әйелі «Иегова куәгерлері» қауымдастығына мүше болуы. Одан басқа, Есенкүл Ешпанова әкелерінің рұқсатынсыз өзінің балаларын: екі ұл және екі қызын аталған бірлестікке кіргізген.

«Иегова куәгерлері» ізбасарларының арасында әскери қызметін өтеуден бас тарту және бой тасалау фактілері де кездеседі. Қарағанды облысы қорғаныс істері бойынша бөлімде діни сенімдері бойынша әскери қызметтен бас тартқан Сәтпаев қаласының үш тұрғыны тіркеуде тұр: Михаил Сергеевич Гроголь,1988 ж.т., Андрей Сергеевич Гроголь, 1983 ж.т.,Вадим Владимирович Шумилин, 1987 ж.т.

Қазақстанда өткен жылғы есеп бойынша «Иегова куәгерлерінің» 76 қауымдастығы қызмет етеді. Олардың күрт өсуіне, Польша, Ресей мен Ұлыбританиядан келген миссионерлер ықпал етуде. Тек облыстардың, Алматы және Астана қалалық әділет департаменттерінің ресми деректері бойынша «Иегова куәгерлері» ізбасарларының саны 6000-нан асады.
«Кришнаны тану қоғамы» да дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына жатады. Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад – Бхагаватам» болып табылады. Ұйымда рухани өмірдің төрт кезеңі айқындалады: шәкірттік, отбасылық өмір, отбасылық өмірден тысқары, жарық дүниеден толықтай қол үзу. Бұл кезеңдер діндарлардың құлқына деген талаптарды айқындайды. Ерлі-зайыпты жұптар қызметшілер-тәлімгерлер тарапынан іріктеледі. Тәлімгерлер діндарлар монахтық өмірге қабілетті емес деп шешкенде ғана, некеге тұруына болады. Діндарлар ұдайы Кришна құдайының атын қосып храмдарда – ашрамдарда өтетін жиында құдайға құлшылық жасау керек. Құдайға құлшылық етудің ажырамас бөлігі прасадты (вегетариандық тұрғыда әзірленген тағам, алтарьдің қасына қоюға арналған) жеу болып табылады. Культтік дәстүрлер Қасиетті есімдерді Кришна – санкританды таңертеңгілік және кешкі бірге шырқаудан тұрады.
Қазіргі уақытта Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі мен «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің мүшелері болып табылатын Қазақстан азаматтары арасында жер телімдерін заңсыз алу мен мақсатсыз пайдалану мәселесі бойынша сот ісі жүріп жатыр. Аталған жер телімі бойынша дау-дамайға байланысты ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі алқасы 2007 жылдың 8 мамырында түпкілікті шешім қабылдады.

Алматы облысы әкімдігі тарапынан кришнаиттерге бес баламалы телімді таңдау ұсынылды. Алайда, діни қауымдастық әлі күнге дейін Қарасай ауданындағы заңсыз иеленген аумақты босатпай отыр. Қауымдастық басшылығының басты дәйектері ұсынылған телімдердің Алматы қаласынан қашық немесе коммуникация жоқ дегенге саяды. Бұдан кришнаиттер қауымдастығы проблеманы сындарлы шешуге мүдделі еместігін және тартысқа толы жағдайды әдейі созып отырғаны байқалады. Олар жер мәселесі бойынша созылған жанжалдың нақты себептеріне жүгінбей, жағдайды жергілікті билік органдары тарапынан діни себептер бойынша қудалау және Қарасай ауданынан қауымдастықты мақсатты түрде аластату мағынасында көрсеткісі келеді.

«Саентология шіркеуі» АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін қалаушы – жазушы-фантаст Лафайет Рональд Хаббард. Өзінің діни ілімі бойынша саентология буддизм мен Хаббардтың жеке бақылауларының қосындысынан құралған.
Л.Р.Хаббард шығармаларының негізгі құрайтын бірінші кезекте «Дианетика»: жан саулығының заманауи ілімі», сондай-ақ, индуистік және буддистік мәтіндер болып саналады. Дианетика саентологтар тарапынан ақыл-ой туралы, жан саулығы туралы, зиянды әдеттер мен мінезден арылу технологиясы туралы ілім болып табылады. Хаббардтың айтуы бойынша, ол кез келген адамды аурудың барлық түрінен емдеуге мүмкіндігі бар.

«Саентология шіркеуі» өзінің көптеген филиалдары арқылы экономикалық, саяси және қоғамда әлеуметтік ықпалға ие болуға ұмтылады. Осы мақсаттағы негізгі ұмтылыс әдетте, басқару мен экономика өкілдеріне бағытталады. Дінтанушылар аталған ұйым алаяқтықпен айналысатын және оның қызметі адамдардың жүйкесіне кері ықпал ететін коммерциялық ұйым екендігін атап көрсетеді. Әртүрлі бағалаулар бойынша аталған сектадан шығу үшін 2-2,5 жылдан кем емес уақыт кететін көрінеді.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, «Республикалық психатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығында» стационарлық емделуден Тимур Исламұлы Дадабаев өткен. Ол ем қабылдауға 2008 жылдың 14 ақпанында «Саентология шіркеуінде» құлшылық ету барысында ауыр психикалық жағдайдан кейін түскен.

Саентология шіркеуінің басқа конфессиялардан өзекті ерекшелігі, ол тарапынан ұсынылған ресімдер мен әдіснаманың барлығы ақылы негізде. Әрбір курстың бағасы қомақты. Алғашқы кезде жаңадан келгендер үшін міндетті «Адам мүмкіндігінің оксфордттық тесті» ғана тегін өтеді (200 сауалдан тұратын сауалнама). Саентологиялық ресімдердің бағасы өңірге қарай, жергілікті халықтың төлем қабілетіне және басқа да жағдайларға қарай әртүрлі болып келеді. Ресімге алған төлемақы шіркеуге көмек ретіндегі мүшелік жарна, қайырмалдық деп аталады. Яғни, белгілі бір діни қызметке қатысты «ақша алуға құқығы бар» деген тәрізді. Егерде ақша төлемесеңіз, дін ретінде саентологияны игеру мүмкін емес.

Былтырғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елдің аумағында саентология шіркеуіне қарасты бес қауымдастық пен топ қызмет етеді. Олардың ішінде төртеуі діни бірлестік ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Бүгінде «Саентология шіркеуі» ізбасарларының саны шамамен 5 000-ға жуықтайды. Саентологтардың өздерінің айтуы бойынша бүгінде 30 000-ға жуық қазақстандық саентологиямен танысып және оны өз өмірінде қолданады екен.

«Ахмадие жамағаты». Ол 1889 жылы Үндістанда Кадианнан шыққан Хазрат Мырза Гулмом Ахмад тарапынан құрылған. Қауымдастық атауын Мухаммедтің екінші аты – Ахмедпен байланыстырады. Мұсылман-ахмадиеліктер өздерін ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды (Пәкістанда ахмадиеліктерге мұсылманбыз деп айтуға тыйым салынған).
«Ахмадие» орталығы Лондонда орналасқан. Ахмадиелік қозғалыс Еуропа және ТМД елдері және Азияда барлығы шамамен 12 миллион адамды қамтиды. Олар Англияда, Германияда, Голландияда, Испанияда, Австралияда және басқа да мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған.

Қазақстанда «Ахмадие» қауымдастығы пәкістандық пірадарлардың ықпалымен 1994 жылы Алматыда пайда болды. Қауымдастықтың толық атауы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиелік мұсылман жамағаты».
2008 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 4 Ахмедиелік жамағат діни бірлестігі (Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы және Шымкент қалалары) қызмет етеді.

«Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Емдеу курсы Фархат атаның энергиясына қосылу арқылы басталады. Яғни, «Өмір формуласы» – «Алля Нина Ана Жаратушы Фархад ата, алля аят 37406810, алля Лязат Селеной, алля уйгур аят алля», мұнда «алля» – сәби (ұйғырша), «Селенная» – өмірге бастайды, сақтандырады, «Фархат ата» – Абдуллаевтың өзі, «Нина ана» – Фархаттың әйелі. Цифрлары: «37» – Фархаттың туған жылы, «40» – әйелінің туған жылы, олардың «6» баласы, отбасында – «8» адам, «10» – Жаратушының күші, «1» – оның өзі, «0» – күн.

Әрі қарай аталған формуланы қайталай отырып, күн сайын көп мәрте күн көзіне 3 минут бойы қарап тұру керек. Сондай-ақ, «емдік эткен шай» (тұз қосылған қарапайым шай) және «Звезда Селенной» (Новосибирск қаласында басылады, бағасы 300 бен 600 теңге аралығында) журналын оқу керек.

Қозғалыс мүшелері «Алля-Аят» ағымының негізін қалаушы Ф.Абдуллаевтың тұлғасын пір тұтып, «Фархат Ата» деп атайды. Осылайша, «фархатшылар» қозғалысы Ф.Абдуллаевты құдай деңгейінде көреді, сондай-ақ оның зайыбы Нинаны қасиеттілер қатарына қосады.
2000 жылдан бастап тек қана Солтүстік Қазақстан облысында «Алля Аят» әдістемесі бойынша «емдеумен» байланысты адамдар қайтыс болған екі факті тіркелген. Петропавл қаласының тұрғыны М.В.В. (1-ші типтегі қант диабетімен ауырады, инсулинге тәуелді) ағым мүшелерінің ықпалымен инсулин қабылдаудан бас тартқан, ақыр аяғында үш күннен кейін қайтыс болған.
2006 жылы Астана қаласының прокуратурасы «Алля Аят» әдістемесі бойынша емдеу сеанстарына қатысқан азаматтардың жүйке ауруларына ұшыраған фактілерді анықтаған. Астана қаласындағы Жүйке саулығы проблемалары медициналық орталығының деректері бойынша 2004 жылы 6 қыркүйектен 6 қазанға дейін шизофрения диагнозымен Д.А.Такеева емдеуден өткен. Ол бұрын-соңды психоневрологиялық диспансерде тіркеуде болмаған. Оның ауруының асқынуы «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағымы емшілерінің қимылынан кейін қозған.
Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік органдардың ведомствоаралық комиссиясы Алматы облысы Шонжы кентіне барып «Алля Аят» қызметін зерттеу барысында оның қызметін ел азаматтарының өміріне және еркіндігіне қатер төндіреді деп тану туралы ұсыныс жасады.

«Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»). «Ақ жол» ұйым ретінде өзінің қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы – Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жол» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар.
Аталған ұйымның негізгі мақсаты белгілі бір сомаға қарапайым адамнан әулие жасау болып табылады. Емдеу курсына Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулиелі-әмбиелі жерлерді аралап, бабалардың аруағымен сөйлесу кіреді. Адамға әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін және оның адамдарды емдеуге мүмкіндігі бар екендігін сендіріп бағады. Егерде ол аруақтардың айтқанына құлақ аспаса, ол бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін дегенді санасына сіңіреді.
Елдің құқық қорғау органдары «Ата жолы» «Алля Аят» ағымы сияқты ізбасарлардың міндетті қаржылық қорынан құралатындығын айқындады. Қаржыландыру принциптері «қаржылық пирамидаларға ұқсас», өйткені ағымның әрбір мүшесі құрылымның деңгейін әрі қарай арттыру үшін өзімен бірге жаңа ізбасарларды тартуы тиіс.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан құрылған сарапшы комиссияның 2008 жылғы 31 шілдедегі №201 бағалауына сәйкес, «Ата жолы»-ның «емін» халықтық медицинаға жатқызу мүмкін емес. Оның қызметінде адамдарды арбау мен санасына әсер ету (бүгінгі адамды өткенімен, бұрынғы бабаларымен байланыстыруға ұмтылыс, адамдардың эмоциялық жағдайын, жан қиналысын және көңіл ауанын пайдалану) жағдайлары кездеседі. «Ата жолына» қатысты даулы фактінің бірі Қостанайдың іргесіндегі мекен тұрғыны 48 жастағы Р.Б.Әлжанның өзіне қол жұмсауы болды. Туыстарының айтуы бойынша, ол «Ата жолы» сектасы қызметінің нәтижесінде уксус ішуге мәжбүр болған.

Ведомствоаралық комиссия жүргізген «Ата жолы» қызметіне баға беру кезінде оның ізбасарлары негізінен республиканың 9 өңірінде шоғырланғаны белгілі болды. Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан.
«Шырақ жағу», «ақтық жабу», «бата шығару» сеанстарын өткізу уақытында «Ата жолы» қозғалысы тарапынан «ордаға» жақындарын, балаларын, күйеулері мен әйелдерін тартуға белсенді түрде насихат жүргізіледі.









Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2857;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.021 сек.