ТРИХОМОНИАЗ
Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады. Трихомониазды негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.
Белгілері:
· ерлерде –әдетте ауру белгілері білінбейді, бірақ ер кісілер инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін;
· әйелдерде –зәр шығару кезінде ауырсыну, күйдіру, қышу байқалады және жағымсыз исі бар көпіршікті көп бөлінділер шығады (әдетте ауру жұқтырғаннан кейінгі 3-11 күннің ішінде білінеді).
Емделу жолы:паразиттерге қарсы препараттармен. Терапия дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Трихомониаздың алдын алу:жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі:созылмалы дәрежесіне тез көшеді.
ГЕНИТАЛДЫҚ ҰШЫҚ
Гениталдық ұшық – қарапайым ұшықтың вирусы туындататын көп таралған вирустық инфекция. Гениталдық ұшық жұқтырудың негізгі жолы жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.
Белгілері:
Гениталдық ұшықтың негізгі белгілері: жыныс мүшелеріндегі, ауыртатын, қышытатын бөртпелер, кейде – құйрықта және көтеннің айналасында болады, олар кейіннен ашылады (жарылады) да, қабыршақтанып кебеді.
· ерлерде –бөртпелер жыныс мүшесінің басында, түпкі жағында және зәр шығару жолдарында орналасады;
· әйелдерде –бөртпелер жыныстық қатпарларда, шошақайда, қынапта және жатыр мойнында орналасады; бөртпелермен қатар көбінесе дене қызуы көтеріледі, бас ауруы, белі ауруы, әлсіздік туындайды
Емделу жолы:вирусқа қарсы терапия.
Алдын алу:жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі:ұшық иммундық жүйені бұзылысқа түсіреді. Ауру көп қайталанған жағдайда иммун тапшылығы жағдайын туындатады. Қарапайым ұшық вирусы жүктілік пен босану патологиясы дамуының, аяқ-асты түсік тастаудың, ұрықтың жатыр ішінде өлуінің себепкері болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2212;