ХЛАМИДИОЗ

Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Хламидиоздың белгілері:

· ерлерде– зәр шығару жолдарынан (аздаған) бөлінді шығады, зәр шығару функциясы бұзылады;

· әйелдерде– зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады.

· ауру көбінесе білінбейді.

Емделу жолы:бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу:жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі:емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде - бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.

МЕРЕЗ

Бұл ауру бозғылт трепонема бактериясынан туындайды. Хламидиоз жұқтырудың негізгі жолы – мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасағаннан кейінгі 10-80 күн ішінде ғана пайда болады.

Топтастыру (белгілері бойынша):

· Ілкі мерез –(бактерия кірген жерде) ойық жарасы бар ауырмайтын қызыл түсті тығыз өсіндісімен сипатталады, ол қатты шанкр деп аталады; жыныстық қатынастың түріне байланысты жыныс мүшесінің беткі жағында, жұтқыншақ бездерінде, тік ішік аумағында немесе теріде пайда болуы мүмкін.

· Қайталанған мерез –теріге және шырышты қабатта бөрітпелердің пайда болуымен, мерездік таз болумен сипатталады;

· Салдарлық мерез –ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдардан соң дамиды және негізінен жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды.

Диагностика: «мерез» диагнозы негізінен қан анализіне сәйкес қойылады. Тек зертханалық тексеру нәтижелеріне қарай сауыққаны туралы тұжырымды жасауға болады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия. Емдеуді барынша ерте бастаған дұрыс (ауыр салдарларға жол бермеудің табысты болуы осыған байланысты).

Мерездің алдын алу:жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1823;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.