МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТЕР
Биологиялық қауіптердегеніміз – дені сау адамға, жануарларға немесе өсімдіктерге тікелей (жұғу) немесе тікелей емес (қ-о бүлінуі арқылы) потенциалды түрде қауіп төндіруі мүмкін инфекциялық агенттер. (Жұқпалы аурулар, улы өсімдіктер, жануарлар немесе жәндіктердің шағуы, т.б.)
Ауру қоздырғыштарына тән ерекшеліктер:
- Қысқа мерзімде үлкен аймақтарға тарап кете алады;
- Зақымдаушы әсері және улылығы өте жоғары;
- Контагиоздылық (жұқпалы болуы) – қозд-штардыі 1 түрден 2-түрге ауысуы (берілуі);
- Инкубациялық кезеңінің болуы,
- Сыртқы ортада аңғару өте қиын.
Адамның ауру қозд-штарына қарсы тұратын табиғи қорғаныш жүйелері:
а) тері қабаты – табиғи барьер;
б) мұрынның ішкі қабатындағы түк – ағзаның ауа фильтрі;
в) сілекей, көз жасы – лизоцим атты бактерицидтік фермент бөле отырып, иммунитетті нығайтады;
г) асқазан – сөлінің рН<7 б-тан (HCl ер-дісі),оған түскен бактериялар өмір сүре алмайды.
д) лейкоциттер – қанның ақ түсті түйіршіктері – ішек жолына түсуі мүмкін зиянды бактерияларды жояды;
е) ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕ
«иммунитет» (лат. «immunitas» - «бостандыққа шығу», «құтылу») – ағзаның қорғаныш реакциясы; қандай да сырттан әсер етуші залалды агенттердің әсерлеріне қарсы тұруға қабілеттілігі.
иммундық жүйенің мақсаты – ағзаға түскен жат агенттердің (ауру тудырушы микроағзалар, улы заттар т.б.) көзін жою.
Адам ағзасына ауру қозд-штарының түсу жолдары:
- Құрамында қозд-ш жасушалары бар ауамен тыныс алу;
- Шырышты қабат немесе жарақаттанған тері арқылы;
- Сапасыз су немесе тағам арқылы(сақтау мерзімі өткен, дұрыс даярланбаған т.б.);
- Жәндітердің шағуы немесе кенелер арқылы;
- Ауру адаммен қарым-қатынаста болу, оның жеке заттарын қолдану арқылы;
- Бактериологиялық заттармен оқталған қарулардан жарақат алу;
- Иммунитеттің төмендеуі.
Бактериялар – өсімдік тектес, әдетте, 1 жасушалы болып келетін өте ұсақ микроағзалар.
Қолайлы жағдайларда әрбір 20-30 мин. сайын бөліну арқылы көбейе алады. Күн сәулесі, дезинфекциялаушы з-р, қайнату арқ. Жойылып кетулері де жеңіл. Кейбір түрлері спроаға айналып, өлтіру қиынға соғады. Төмен температураларға төзімді. (оба, холера, бруцеллез сынды ауру қозд-штары.)
Вирустар –өлшемдері б-ша бакт-рдан 1000 есе кіші микроағзалар.
Тірі ұлпаларда ғана көбейе алады. 100°С-қа дейін төзімді б.к. (безек, сүзек ауруларын тудырады).
Риккетсиялар –өлшемдері мен пішіндері жағынан бакт-рға ұқсас, бірақ олар тек өздері зақымдаған дене мүшелерініңұлпаларында ғана тіршілік етіп, дами алады.
Саңырауқұлақтар –өсімдік тектес ағзалар.
Сау ағзада да болады. Егер адам ауырса, қолайлы жағдай туып, тез көбейеді. (кандидоз атты жұқпалы инфекция таратушысы)
Токсиндер –кейбір бакт-рдың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін күшті улы заттар.
Ағзаға ену нәтижесінде ауыр улануға ұшыратады. Бірнеше айлар бойы сыртқа шықпайды. (Ботулизм атты жүйке жүйесін зақымдайтын, ағзаны жалпы уландыруға алып келетін ауру туғызады).
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 4071;