Еске сақтағаның дұрыс!
· Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар өздігінен жойылмайды!
· Көбінесе инфекциялар білдіртпей зақымдайды!
· Тек қана дәрігерге барып емделу керек!
Емделмеген (созылмалы) инфекциялардың салдары ауыр болуы мүмкін: ерлерде бедеулік пен импотенцияға, әйелдерде бедеулікке, мерзіміне жетпей түсік тастауға және нәрестелердің патологиясына алып келеді.
СОЗ (ТРИПЕР)
Бұл ауруды гонококк бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – бұл мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Жыныстық қатынас жасау түріне орай (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) соз ауруы зәр шығару жолдарын, тікішекті немесе тамақты зақымдауы мүмкін. Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасалғаннан кейін тек 5-7 күннің ішінде ғана пайда болады.
Соз ауруының белгілері:
· ерлерде – жыныс мүшесінен «кілегей тәріздес» іріңді бөлінді шығады, қышиды, ауырсына және жиі зәр шығарады;
· әйелдерде – зәр шығару жолдарынан және қынаптан сарғыш немесе жасыл түстес бөлінді шығады, қышиды, ауырсына зәр шығарады.
Тамақ созы онша білінбей жүре береді. Тік ішек созы көтен аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.
Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.
Алдын алу:жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі:емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туынгдауы мүмкін.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1669;