Онақ үй саласында персоналдың иминджін құру.

2. Кәсіпкерлік имиджді қалыптастырудың мақсаттары

Біздің елімізде қонақүй қызметті арттыру мәселесі үлкен орынға ие. Қонақжайлылық индустриясында қонақүй саласында персоналдың имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау – халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, Қазақстан деңгейін қолдаудағы қонақүйлік туристік индустриясын дамутуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек.

Өткен ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы туризмнің даму жолында көптеген оқиғалар мен құбылыстарға толы болды. Бүгінгі туризм әлем экономикасындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық тармақтарын басқарып, халықаралық деңгейдегі экономикалық байланысын дамуына зор ықпал етуде.

Қонақүйлік индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Туризмнен түскен табыс сол аумақтың экономикасын көтеруге қабілетті.

Қонақүй индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына, тұтынушылық нарығына және басқа да кәсіпкерлік қызметтердің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.

Әлемде туризмнің дамуына көп көңіл бөлуде, себебі бұл салалар жоғары табысты және тез өтуші. Валюталы түсіміне қарай туризм әлемде үшінші орынға ие. ДТҰ сарапшыларың болжамы бойынша туризм ХХІ ғасырда да ілгері дамиды және әлем экономикасының қозғалтқышы болады.

Қонақүй индустриясы Қазақстан Республикасындағы іскерлік шеңберде қызығушылықтарды арттырады. Демек, ішкі нарықтағы мемлекетік емес экономикалық және өндірістік құрылымдардың жаңа бастау алған кәсіпкерлердің табыс көзі болып табылады. Сондықтан, Қазақстандағы қонақүй индустриясы мен туризм нарығындағы персонал имиджін қалыптастыруды ішкі туристік саудасы мен халықаралық байланысын күшейту мәселесі тұр.

Туризм инфрақұрылымы мен қонақүй индустриясының бастапқы бағыттарының арасында Республикамыздың «Қазақстан 2030» әлеуметтік-экономикалық стратегиясында маңызды мәселелер бөлініп отыр. Бұл мәселелер тез арада өз шешімін табу керек.

Қазақстан егемендігін алғалы бері кәсіпкерлердің алдында қонақүй бизнесін және туризмді дамытуға зор мүмкіндіктері туындады. Үкімет туризмнен түскен табыс халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтереді. Бірақ топталып шыққан заңнамалар туристік нарықта Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастыра алмады. Қонақүй бизнесінің даму мәселесіне жанама немесе тікелей қатысты құқықтық құжаттар (заң шығарушы және нормативті актілер) ықпал ете алмады.

Әлемдегі туризмге салынған қаражаттардың аз мерзімде өтелетіні туралы жарияланған мақалалар да кәсіпкерлік белсенділікті көрсетпеді және персонал имиджінің көтерілуіне алып келмеді.

Қонақүйлік бизнеске кәсіпкерлердің көңіл бөлмеуде, соның бір себебі туризмде қонақүй имидждің болмауында.

Соңғы онжылдықта экономикада да, заңнамада да елеулі өзгерістер болды. Кіші және орта бизнестегі кәсіпорындар пайда болды. Олардың саны онмыңға жетеді. Сонда да қазіргі кезде қонақүй бизнесі қоғамдық және мемлекеттік қолдауды, жағымды имидждің қалыптасуын, оның даму жолдарының әдістерін талап етеді. Экономика саласы ретінде қонақүй бизнесі және туризмде персонал имидждің және кәсіпкерлік қызметтің даму мәселелері арнайы қарастырылу керек, яғни тасымалдау, орналастыру, тамақтану және ойын-сауық кешені сияқты қызмет көрсету нарық сегменттерінде халықтың экономикалық белсенділігінің барлық түрлері жатады.

Қонақүй индустриясы және туризм туристік қызметтерді өндіру саласында бастаушы бола отырып, кәсіпкерліктің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктері бар.

Зерттеу мақсатында мәселелерді алдын ала сараладық: қонақүй бизнесінде қызметтің негізгі түсініктемесі мен бағыттарын анықтау және туристік нарықта персонал мен кәсіпкерлік имиджін қалыптастыру жолдары мен жағдайын анықтау.

Берілген мақсат келесідей міндеттерді шешеді:

1. Қазақстан Республикасының қонақүй бизнесінде персонал қызметінің даму деңгейін анықтау және саралау;

2. Қонақүй бизнесінде экономикалық белсенділігінің заманауй тенденцияларға сүйене отырып, персонал қызметіне анықтама беру;

3. Қонақүйде персонал қызметінің негізгі түрлері мен формаларын классификациялау;

4. Қонақүйдің персонал имидждің жағымды қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен жағдайларды қарастыру;

5. Қонақүй бизнесінде персоналдың имиджін қалыптастыру бағдарламасын жасау.

 

Егер кезкелген қонақүй қызметінің мақсаты табысты (пайда) алу болса, онда бұл мақсаттың құралы тауар мен қызметті өндіру болып табылады. Туристік өнімді өндіру жаңа тұтынушылық бағаны құру немесе барды күрделендіру, жақсарту үдерісі жатады. Персонал өндірісті ұйымдастырушы ретінде мұндай өндірісті қалай ұйымдастыру керектігін білу қажет, және оны ұйымдастыру жағдайда болуы тиіс. Алайда оны турөнімді немесе қызметтерді өніруді ұйымдастыру үшін осы ұйымдастыру мүмкін болу үшін белгілі бір жағдайлар қажет.

Туристік өнімді өндіру біріншілік қорларды қажет етеді, яғни қонақүй қызмет жағдайында, ол экономикалық теорияда өндіріс факторлары деп атайды. Экономикалық ғылымы өндіріс факторларына дәстүрлі еңбекті, капиталды және орны жатқызады.

Еңбек – бұл физикалық және интеллектуалдық жігер, олар туристік өнімді өндіру үшін персонал күш жұмсайды. Қонақүйде ол тірі және заттанған түрде болады. Әсіресе туристік қызметтер мен өнімді өндіруде тірі еңбектің үлесі жоғары.

Капитал – бұл туристік қызмет пен өнімді өндіру үшін инвестициялық қорлары ретінде жинақталатын және қолданылатын интеллектуалдық квалификациялы шамасы мен материалдық игіліктер соммасы. Қонақүйде бұл каптитал салудың жоғарғы нормалық өтімділікпен ажыратылады.

Қонақүйде қызметтерді өндіруде жер маңызды фактор болып табылады, өйткені табиғи және әлеуметтік-мәдени жағдайлар демалу орынның негізгі себебі болып табылады. Ауылшаруашылықта сияқты жер өндірістің негізгі факторы бола тұрып, табыстың басым бөлігін анықтайды, сол секілді қонақүйдің рекреациялық қорларды бағалау технологиялық үдерісті тек туристік табиғи қолдану формалыры мен тәртібін анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ туристік рентаны анықтау үшін құрайды –туристік табиғи қолдану сипатына тәуелді оның рекреациялық игілігін дамуы мен қалпына келтіруге берілетін табыстың міндетті бөлігі.

Заманауй жағдайда экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретінде қонақүй қызметі өндіріс факторларының кең жиынтығын қажет етеді. Туризмде қонақүй қызметі – бұл экономикалық дамуды қамтамасыз ететін факторлардың тиімді қиылыстарын жүзеге асыру. Қонақүй бизнесінде, әсіресе жаңа идеяларды пайдалану маңызды және оларды жүзеге асыру еркіндігі, тек факторлар жиынтығының бар болуы ғана емес.

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1801;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.