Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылу формасы.

2.ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықты негізі және
жолдары(бағыттары).

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылу формасы кәсіпрорындағы серіктестер арасындағы ішкі қарым-қатынасты, мемлекеттік органдармен қатынасты және басқа кәсіпорындармен қарым-қатынасты енгізген нақты нормалар жүйесі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастырылу-құқықтық формасын таңдау көптеген
факторларға тәуеді: өзіндік капиталдың болуы не оны тарту мүмкіншілігінің
болуы, кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен көлемі, кәсіпкерлік жобаны іске
асыру мерзімі, жеке тәжірибесі және нарық жағдайында кәсіпкердің
ұйымдасгырушылық әрекеті, сонымен қатар басқа кәсігюрындардан
ерекшелігі. Ұйымдастыру-құқықтық формасын таңдау кәсіпкерлік жобаны іске асыру мүмкіншілігін қамтамасыз ету керек.
Ең бірінші кәсіпорын меншік түріне байланысты: қоғамдық және жеке болып бөлінеді.
Қоғамдық: мемлекеттік және муниципалды кәсіпорын болып бөлінеді. Олардың жиынтығы экономиканың қоғамдық секторын қүрайды.
Муниципалды: жеке меншік, серіктестік, акционерлік қоғам, аралас кәсіпорын, кооператив болып бөлінеді. Бұлар экономиканың жеке меншік секторын қүрайды.
экономиканың жеке меншік секторындаға кәсіпорын оның иесінің санына байланысты бөлінеді. Олар жауапкершілігі шектелген және шектелмеген болады.
Шектелген жауапкешілік кәсіпорынға қорын салғантұлға кәсіпорын міндеттемесі бойынша өз салымының шегінде ғана жауапкершілік алатындығын білдіреді.
Шектелмеген жауапкершілік кәсіпорынга қорын салған түлга кәсіпорын міндеттемесімен бірге өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте болатындыгын білдіреді.
Жеке меншік сектордағы кәсіпорындардың үйымдастырылу формалары коп.
Жеке кәсіпорын азаматтардың жеке меншігіне негізделген. Оның иесі барлық табысты алушы және шаруашылық қызмет нәтижесіндегі барлық тәуекелділікті көтеруші бір жанұя немесе бір тұлга болып табылады.
Артықшылығы: табысты бөлу мәселесі туындамайды, салық салу жүйесі жай және салықтық жеңілдіктер болуы мүмкін.
Кемшілігі: алғашқы капитал көлемінің аздығы, банктік несие алудағы қиыншылықтар, үлкен іс бастау қиын.
Толық серіктестік мүшелерінің үлестік, пайлық меншігіне негізделген, заңдық тұлға болмайды. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызмет нәтижесінде өзінің бар жеке мүлкімен толық жауапкершілікте болады. Серіктестіктегі қаржылық жыл нәтижесінде алынған пай да, жарғылық қордағы салымдарына сәйкес құрылтайшылар арасында бөлінеді.
Артықшылығы: қысқа мерзімде белгілі қорды шоғырладыру мүмкіндігі,
салық салу бағытының икемділігі, экономиканың түрлі саласыпа салым
салуда әртараптандыруды қолдану.
Кемшілігі: серіктестің құрылтайшылары арасында пайдапы бөлу қиындығы, салық салуда жеңілдіктердің жоқтығы.
Аралас серіктестік те үлестік меншіккенегізделген. Аралас серіктестік заңды тұлға болып табылады. Оның мүшелері өздерінің салым қорларының шегінде ғана жауапкершілікте болады.
Жауапкершілігі шектелген серіктестік- бұның жарғылық қоры тек құрылтайшылардың салымдары есебінен қүралады. Әр қатысушы өз салымының шегінде ғана өз міндеттемесіне жауап береді. Құрылтайшылардың салымы оның пайын құрайды, жарғылық капиталдағы пайда үлесі қатысушының пайдадағы үлесіп айқындайды.
Негізгі ерекшелігі құрылтайшылардың өз пайын ашық парықта сатуда тыйым салынады.
Ашық акционерлік қоғам- бұл кәсіпорынның қаржылық қоры акция шығару және сату арқылы көптеген қатысушылардың қорын біріктіру жолымен қүрылады. Акциялардың иелері заңды түшғалар- мемлекет, кәсіпорын, ұйымдармен қатар жеке азаматтар да бола алады.
Акционерлердің кәсіпорын шығындары және міндеттемелер бойынша қаржы-экономикалық жауапкершілігі олардың қоғамдық капиталға салған салымдарымен шектеледі.
Акционерлік қоғамның қызметінің сипаттамасы мен бағыты әр гүрлі болуы мүмкін, жалпы мақсаты- пайда алу болып табылады.
Біріккен кәсіпорын- кәсіпорындардың келісімге негізделген ерікті бірігуі. Олар: ассоциация, концерн, одақ формаларында болады.
Артықшылығы: қауіптің және қаржылық шығын көлемінің азаюы, шикізат көздерін немесе өндірісьік базанысатып алу, өндіріс шығындарын азайту.
Кемшілігі: бюрократиялық төбе топтың пайда болуы, икемділікті жоғалту, ішкі қүрылымның қайшылығы.
Еңбек коллективінің мүлікті жалға беру және сатып алу негізінде қүрылган кәсігюрын. Бұл кәсіпорын бүрын мемлекеттік болған, содан соң жоғары тұрған басқару органдарымен жал туралы келісім жасап, жал төлемін төлеп және өзіндік пайдасын қорландырады. Қазіргі кезде бұндай кәсіпорын мемлекеттен мүлкін сатып алуға және серіктестік немесе акционерлік қоғам қүруға ерікті.
Нарықтық қатынасқа өту жағдайында кәсіпкерліктің кооперативтік түрі болады. Кооператив- бұл түлғалардың бірлескен өндіріс және тауар өткізу, сатып алу және тауар немесе қызметті тұтыну, қүрылыс және түрғын үйлерді пайдалану мақсатында бірігіуі.
Кәсіпкерліктің бүл хүрінің кемшілігі кооператив мүшелерінің міндеггеме бойынша шекгелмеген жауапкершілігх болып табылады.
Жауапкершілікті шектеуге ұмтылу бірлестікке кіретіндердің экономикалық қауіпсіздігіне кепілдік беретін кәсіпкерлер бірлестігін қүруға алып келеді. Бүл корпорация болып табылады. Корпорация- пайда табу мақсатында кәсіпкерлердің нақты шаруашылық қызмет жүргізу үшін меншік капиталдарын бір үлкен капиталға жинақтау жолымен бірігуі. Кәсіпкерлікті жүргізудің корпоративтік формасы екі түрде жүзеге асырылады: жауапкершілігі шектелген серіктестік және акционерлік қоғам. Негізінде бұл екеуі де акционерлік қоғам ретінде болады, ал айырмашылығы ЖШС кәсіпорын акцияларын шығаруға және сатуға қүқығы жоқ, ал акционерлік қоғам болса міндетті түрде акция шығарады, ол акциялар ерікті түрде сатылады және сатып алынады.
Кәсіпкерліктің тағы бір түрі холдинг болып табылады.Ол күрделі үйымдастырушылық қүрылымы бар алуан түрлі акционерлік қоғам сияқты болады. Холдинг бақылау, басқару, қаржы-несиелік және басқа
функцияларды жүзеге асыруды мақсат етіп қояды. Басты холдингтік компания рөлінде ылғи да инвестициялық фонд болады.
Кәсіпорындардың негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары осындай.
Экономика тек аз инициативаға негізделе алмайды. Қазіргі өндірістің толағай масштабы шағын бизнестің дамуына, көтерілуіне ықпал жасайтын үлкен көлемді кәсіпкерліктің барлығымен шарттастырылған.
Үлкен кәсіпорындардың шағын кәсіпорындармен салыстырғанда
кәсіпкерлік жетістікке жетуге көп мүмкіндігі бар, өйткені олардың көптеген
артықшылығы бар.
Ол артықшылықтар мынылар: капиталдың көп шоғырлануы, қымбат тұратын жоғары өнімділікті жаңа құрал-жабдықтардың қолдану мүмкіндігі, кең көлемді маркетингтік зерттеу жүргізу, персоналдардың квалификация деңгейінкөтеру, ішкі мамандану мен қауымдасуды қолдану, қүрал-жабдықтың жүктемесін арттыру. Бұнда кәсіпкерлік ғылыми негізге қойылған, бүл бағытта кең көлемді жұмыс өріс алған.
3.2 ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықты негізі және
жолдары(бағыттары)

Қазақстандағы экономикалық реформаның жетістіктерінің бірі шағын бизнестің қүрылуы мен дамуы. Кәсіпкерліктің қазіргі нарықтық жүйені қүрастырушы бөлігі және нарықтық механизмінің қүрылуының басты қүрылғысы болып табылатындығын бүгінде қоғам мойындаған тәрізді. Бүл жаңа жүмыс орнын қүруға, нарықты тауарға және қызметке толтыруға, бәсекелестік ортаны қүруға, қоғамда орта класты қүруға негізделген экономикалық және әлеуметтік қызметтердің кең көлемділігімен түсіндіріледі.
Әлемдік практика көрсеткендей шағын бизнес мемлекет дамуына үлкен роль қосады және қазіргі экономикада өз орнын алады. Бірақ кәсіпкерліктің кең көлемде дамуы мемлекет жағынан барлық - мемлекеттік, аумақтық, жергілікті деңгейде әр жақты және белгілі қолдау көрсетуді қажет етеді. Бүл әсіресе Қазақстан үшін өте қажет. Жалпы экономикалық қүлдырау жағдайында әйелдер мен жасөспірімдер арасында Жұмыссыздықтың өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, кең көлемді маркетингтік зерттеу жүргізу, персоналдық мамандық деңгейін көтеру, ішкі көшірмелеу және мамандануды қолдану өте қажетті мәселелер болып табылады. Бұл жерде кәсіпкерлік ғылыми негізге қойылған, осы бағытта кең көлемде жүмыс жасауда, бүл жағдайдан тек қана көпшаралы және икемді мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана шығуға болады.
Шағын кәсіпорындар басқару сферасында байланыстың қарапайымдылығы және нарықтық өзгерісіне жайлы және шапшаң әсер етуіне байланысты көптеген жетістіктері бар. Сонымен қатар олар Қазақстанда көптеген нақты қиыншылықтарға кездесуде:
- негізгі капиталдың жоқ немесе жетіспеушілігі;
- бюрократия, коррупция;
- қылмыстық қүрылымның қысымы;
- мемлекеттік қолдаудың , білім беру сұрақтарындағы нарықтылықтың жоқтығы.
Сондықтан жеке кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көмек қажет.
Экономика және сауда Министерствосының мәліметі бойынша 2003 жылы Қазақстанда 117 348 шағын кәсіпкерлік тіркелген. Жұмыс істеушілерінің саны 46 670. Тіркеу мәліметі бойынша өнеркәсіпте-11,6 %; ауыл шаруашылығында-30,4 %; қүрылыста-8,9 %; саудада- 16,3%; жалпы коммерциялық қызметпен-9,7 % кәсіпорын айналысады. Аймақ бойынша шағын кәсіпорындардың көбісі Алматы қаласында-27 817 (23,7 пайызы), Шығыс Қазақстан облысында-13 517 (11,5 пайызы), Ақмола облысында-7941 (6,8 пайызы), Қарағанды облысында-8 575 (7,3 пайызы), Алматы облысында-2 891 (2,5 пайызы) орналасқан.
Статистикалық мәліметтерді талдау, сонымен қатар басқа да материалдарды зерттеу Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бар және белгілі екенін көрсетті.
Ғалымдардың негізгі тапсырмасы оларды жоюдың комплексті шараларын жасау. Бұл жерде мемлекеттік орындаушы үкімет органдары қажетті роль атқарады.
Тәжірибеден белгілі, шағын бизнестің дамуына қатысты тиімді шешімдер қабылдау үшін мемлекет органдарына уақытылы және нақты ақпарат жетіспейді. 1995 жылға дейін қарастырып отырған істің жағдайын көрсететін кварталдық статистикалық есеп болды, содан кейін алғашында жарты жылдық еспке, кейіннен жылдық есеп жүйесіне этап бойынша көшу басталды. Қазіргі кезде
осымен байланысты Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуы, қүрылуы және оған қажетті мемлекеттік қолдау көрсетуді объективті түрде айқындайтын статистикалық есепті үйымдастыру проблемасы өте қатты.
Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған ҚР Президентінің "ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің дамуын" белсендіру және мемлекеттік қолдау шараларын жақсарту және "ҚР-ғы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға арналған аймақтық бағдарламаларды жетілдіру туралы" заңдары қабылданды. 1997жылы 19-маусымда Парламент "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы", "ҚР-сының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу", "Индивидуалды кәсіпкерлік туралы" деген заңдар енгізілді.
Шағын кәсіпорынды қаржыландыру мәселесі өте шиеленіскен. Шағын бизнеске өзіндік қорлар жетпейді, біздің банктердің оларға несие бергілері келмейді, ал мысалға, халықаралық қарыз алу негізделген сауатты бизнес-жоспар ұсынылуы қажет. Бүның өзі де қарыз алуға үнемі кепілдік болмайды. Сондықтан бүл мәселені шешуге келесі жағдайлар үсынылады: кәсіпорынның уақытша бос қорын шоғырландыратын қарама-қарсы несиелеу үйымы немесе консорциумын, яғни шағын бизнесті қаржыландыру фондын құру.
Орнында көмек көрсетуге арналған ҚР- сы реформасы және стратегиялық жоспарлау агентствасы жанынан шағын бизнесті қолдау департамент! үйымдастырылған.
ҚР Президентінің " Шағын кәсіпкерлікті дамуын белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы " жарғысы республика аумағындағы кәсіпорындарға, әсіресе өндірістік сферадағы, сонымен қатар жеке және жанүялық қожалықтарға жағымды режим жасауға арналған. Бүл жарғы мемлекеттік органдардың алдына қажетті тапсырмалары бар саяси мәселелерді қояды, ал мазмүны мен маңыздылығы жағынан шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалы қүжат болып табылады.
Қазақстандағы шағын орта кәсіпорындар көптеген қиыншылықтармен кездеседі.
-кредитке қол жетпестік, яғни банк тағайындаған пайыз мөлшелемесі мен инфляция деңгейі арасындағы үлкен айырмашылық;
-нормативті базадағы түрақсыздық (мыс, салық салу саласында);
-өнімге сүраныстың аздығы;
-сатылар қызметі арасындағы келіспеушілік;
-кәсіпорынның ішкі үйымдасхыру мәселелері;
Көптеген кәсіпорындарға табысты стратегиялық қызметті анықхауға мүмкіндік жетпейді. Сол себепті көптеген шағын кәсіпорындарда жауапкершілікхі және еңбекті дүрыс бөлмеу, серіктермен және бәсекелесхермен қарым-қатынаста жүмысшылардың кәсіби дайындығының жехкіліксіздігі орын алуда. Көп жағдайда шағын және орта бизнес кәсіпорындары басқа да шаруашылық субъектілерімен хеңеседі, бүл мүлде дүрыс емес.
Біздің республикамызда аз деградацияланған қалалары мен артта қалған аудандарындағы рентабельділігі төмен саладағы шағын бизнеске қолдау көрсету керек, өйткені бұл жедел кәсіпорындар халықты жұмыспен қамтихын әлеуметтік қызмет атқарады.
Сондықтан шағын бизнес мәселесін шешуге жүйелі жақындау ғана, бұл секхордың Қазақстан экономикасында тиісті деңгейге көхерілуіне және республиканың экономикалық өсуіне септігін тигізетін фактор болуына жағдай жасайды. Мұндай жағдайда кез келген кәсіпкер іскер адам бола алады, ал кез келген іскер адам кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерліктің дамуы осы қызмет аясындағы субъектер болғанда ғана мүмкін. Бүл субъектілер нарықтық қатынастың дамуына ықпал жасайды.
Кәсіпкерлік субъектілердің пайда болуы идиологиялық, саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайдың "кәсікерлік жарылыс" жасаушы нақхы қоғамдық жағдайдың болуын білдіреді.
Тиімді деңгейде кәсіпкерлік дамуы осы қызметті іске асыру, хек нақхы қоғамдық жағдай-кәсіпкерлік орха болғанда ғана мүмкін. Кәсіпкерлік орха бүл ең алдымен нарық, қахынасхың нарықхық жүйесі, сонымен қахар кәсіпкердің жеке еркі, яғни өз көзқарасы бойынша өхе хиімді, максимум пайдалы шешім қабылдауға мүмкіндік берехін жеке тәуелсіздігі.
Кәсіпкер белсенділіктің негізгі субектісі болып табылады . Бірақ кәсіпкер нгізгі контрагент ретінде тұтынушымен, сонымен қатар сатыушы да болады . Кәсіпкер әр кезде әр уақытта мемлекетпен байланыста болу керек . Тұтынушы да мемлекетте, жалдамалы жұмысшымен бизнестег серігі сияқты . Кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілеріне категориясына жатады.
Мұндай жағдайда кез-келген кәсіпкер іскер адам бола алады , ол кез-келген іскер адам кәсіпкер бола алмайды








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2777;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.