Онақ үйлерді басқарудың кезеңдері.
2. Номерлік қорларды басқару қызметі.
Әлемдік бақару құрылымының әдістері қонақ үйлер 2 негізгі топқа бөлінеді: тұрақты өмір сүру үшін және уақытша орналасу үшін. Олар өз кезегінде:
1) қысқа мерзімді аялдамалар жағдайында кез-келген континентке қызмет ететін транзиттік қонақ үйлер;
2) кәсіби іс-сапарға жол жүретін тұлғаларға қызмет ететін кәсіби бағытталған қонақ үйлер (туристтік, курорттық).
Қонақ үйлердің әрқайсысы үшін тұтынушылар уақытша өмір сүру кезінде орналасу, тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтердің жалпы талаптарға сай болуы міндетті.
Қонақ үйдің бағыттануы туристер категорияларының ерекшеліктеріне байланысты қонақ үйлер акватель, апарт –отель,конгресс-отель, курорттық, мотель, кемпинг, ротель, флотель, ботель, туристік база, туристік орын сияқты түрлерге бөлінеді.Оларды толығырақ қарастырсақ:
Акватель –қонақ үй ретінде қолданылатын эксплатациядан көлік құралы ретінде алынған стационарлы кеме.
Апарт отель- пәтерлерден тұратын қонақ үй , бағасы тұратын қонақтардың санына тәуелді емес. Өзіне-өзі қызмет көрсету болғандықтан, қонақтардың өздері тамақ дайындағандықтан нөмерлерде қажеттті қоңдырғалар бар тамақ пісіру орны міндетті түрде бар болатын, иесінің агенттікпен өзінің тұратын орнын яғни тұрған үйдің бір пәтерін жалға беру жүзеге асады. Пансион ретінде үлкен емес жер үй ұсынылуы мүмкін. Мұнда кейбір жағдайларда үй иесі бірнеше бөлмені жалға беріп, өзі басқа бөлмелерде тұра береді. қонақ үй. Еуропада апарт – отельдердің басқа түрі пансиондар формасы дамуда. Бұл жағдайда пәтер ұсыну арқылы қызметтер индустриясына айналады. Қонақ үй адамдардың уақытша тұратын үйлерінен көбінесе мақсатты тұтынушыға арналған түрлі көптеген қызметтер ұсынылатын толық қызметті қонақ үйге туристік кешенге айналады. Автотрасса, темір жолдағы, аэропорттағы қонақ үйлер сонымен қатар, үлкен қалалардың әкімшілік, сауда орталықтарындағы іскер адамдар, бизнесмендер үшін қонақ үйлер, куроттық қонақ үйлер және пансионаттар, конгресс қонақ үйлер мен кемпингтер, қонақ үй –сауықханалар, таулы прьюттар, аңшы мен балықшыларға арналған қонақ үй түрлері бар.
Туристік база –орын ауыстырудың белсенді әдістері қолданылатын маршрутта орналасқан, құрамында туристердің белсенді демалысына арналған бөлмелер кіретін туристік кешен. Көп жағдайда орын ауыстырудың белсенді : тау, су, шаңғы, жаяу жүру әдістеріне байланысты қолданылатын туристік база. Туристік базалар көрікті жерлерде, үңгірлерде, ормандарда орналасады.
Бизнес қонақ үй- бизнесмендерге арналған жоғары қызмет көрсетілетін маманданған қонақ үйлер. Алғашқы бизнес-отель 1908 жылы АҚШ-тағы Буффало қаласында ашылған. Эльворт М.Статлер ашқан «Буффало Статалер» қонақ үйі сол уақыт кезінде ең жоғары жайлылықта: жеке есік құлыптар, су құбырлары, дәретхана, есік алдыңдағы өсімдіктер, әр бөлмеде ванналар, тегін таңғы газеттерді ұсынды. 20 жыл бойы бизнес-отельдер қарқынмен дами бастады. 1927 жылы әлемдегі ең үлкен «Стефанс» қонақ үйі салынды. Кейіннен «Конрод хилтон» аталынып, қонақ үй бизнесінде империя құруына
бастама болды.
Ботель – су үстіндегі үлкен емес қонақ үй. Қонақ үй ретінде арнайы жасалынған кеме болуы мүмкін.
Бунгало- туристердің орналастыру үшін қолданылатын, жеңіл материалдан салынған үлкен емес ғимарат. Халықаралық жастардың туристік орталықтарында кең тараған.
Әлемдегі орналастырудың ең қарапайым түрі- қонақ орындары болып саналатын қызмет тек қана орналастыру.
Конгрестік қонақ үй – конгресс және жәрмеңке қонақтарын қабылдау мен қызмет көрсетуге маманданған қонақ үй.
Куроттық қонақ үй – белгілі-бір жерге рекреация мен демалу мақсатымен келетін туристерді қабылдау мен қызмет көрсетуге маманданған қонақ үй.
Қонақ үйдің қызмет көрсету бөлімдері қызметімен, оның тұрған орнымен,қонақтардың ерекшеліктерімен және басқа дафакторлармен белгіленеді. Ол оның әрбір қызметкеріне жүктелген, өкілеттіліктер мен міндеттердің көрінісі болып табылады. Бірақ бұл кез-келген қонақ үйде болатын негізгі қызмет бөлімдерін анықтауға кедергі жасамайды. Сонымен, кез-келген қонақ үйде болатын қызметтер бөлімі:
-нөмірлік қорды басқару қызметі;
-әкімшілік қызметі;
-қоғамдық тамақтандыру қызметі;
-коммерциялық қызметі;
-инженерлік (техникалық) қызмет;
-көмекші және қосымша қызметтер;
Номерлік қорды басқару қызметі — номерлерді брондаумен, қонақ үйге келіп түскен туристерді қабылдаумен, оларды тіркеумен және номерлер бойынша орналастырумен байланысты мәселелерді шешумен, сондай-ақ тур аяқталғаннан кейін үйлеріне қайтару немесе саяхат маршрутының келесі пункітіне жіберумен айналысады. Туристерге номерлерде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, номерлердің қажетті санитарлық-инженерлік жай-күйін және тұрғын үй жайларды қолайлылық деңгейде сақтап тұрады, қонақтарға тұрмыстық қызметтерді ұсынумен айналысады.
Әкімшілік қызмет қонақ үй кешенінің барлық қызметтерін басқаруды ұйымдастыру шараларына жауап береді; қаржылық мәселелерді, кадрлармен қамтамасыз ету, мәселелерді шешеді; қонақ үй персаналына еңбек етуге қажетті жағдайларды жасаумен және сақтаумен айналысады; белгіленген еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздік бойынша қабылданған нормалар мен ережелердің сақталуын бақылайды. Қоғамдық тамақтандыру қызметі қонақтарға қонақ үйдің мейрамханасында; дәмхана және барларында қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, банкеттерде прзентацияларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Коммерциялық қызмет оперативтік және стратегиялық жоспарлау мәселелерімен айналысады. Шаруашылық және қаржылық қызметтік нәтижелерін талдайды.
Инженерлік (техникалық) қызмет кондициялау, жылумен қамтамасыз ету, жүйелерінің, санитарлық-техникалық жабдықтар, электроникалық құрылғылар жүйелерінің, жөндеу және құрылыс қызметінің, теледидар және байланыс жүйелерінің функцияналдауы үшін қажетті жағдайларды қалыптастырады.
Көмекшілік қызмет тігіншілік, кір жуу, киімталдау, бөлмелерді жинау, көбейту-есептеу қызметтерін, қойма қызметтін және басқаларын ұсыну арқылы қонақ үй кешенінің жұмыс процесін қамтамасыз етеді.
Қосымша қызмет арқылы қызметтерді ұсынады, оның құрамына шаштараз, бассеин сауна, солярий, спорттық құрылыстар, массаж және басқада бөлімшелер кіреді.
Сапаның қазіргі таңдағы ғылыми анықтамасы халықаралық ISO8402-86 стандартында берілген: Сапа анықталған немесе болжамды көрсеткіштерді қанағаттандыруға мүмкіншілік беретін өнімдермен қызметтердің қасиеттері мен сипаттарының жиынтығы. Яғни, сапа негізіне тұтынушы тәжірибесі бар, ол оның тауар не қызметке деген талаптарының объективті немесе субъективті қатынас арқылы қалыптасады.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2237;