Кәсіпкерлік пәнінің объектісі мен субъектісі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы ерікті кәсіпкерліктің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан республикасының Үкіметі кәсіпкерліктің дамуына үлкен назар аударады. Табысты кәсіпкер болу үшін, кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру негіздерін білу қажет.
Кәсіпкерлік қызметтің ғылыми және тәжербиелік негіздерін,оның қазіргі кездегі жоспарлау әдістерін тарату және қолдану болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін, қызмет жағдайы мен түрлерін білу;
Қалыпты қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың ең ыңғайлы варианттарын анықтау;
Кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;
Шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік тәуекелінің бағасын анықтау;
Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру әдістемесін қолдану және т.б.
“Кәсіпкерлік” пәні бірқатар аралас пәндерді оқумен тығыз байланысты: “Әлеуметтік-экономикалық статистика”, “Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті”, “Баға белгілеу”, “Информациялық экономикалық жүйелердегі жаңа технологиялар”.
“Кәсіпкерлік” пәнінің оқу объектісі болып, кәсіпкерлік теориясы және тәжербиесін үйлестіретін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үрдісі болып табылады.
Кәсіпкерлік – кәсіпорынның, қаржы және коммерциялық ұйымдардың мамандары және басшыларының шаруашылық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ, экономиканы басқарудың осы маңызды бөлігіне жеткілікті көңіл бөлінбеі келді. Кәсіпкерліктің даму теориясы соңғы бірнеше онжылдықтарда ғана дамып келеді.
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасу мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992) назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуде жалғастыру болатынын атап көрсетті:
- І кезең 1992 – 1995 жылдары макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
- ІІ кезең 1996 – 2005 жылдар экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және ваоюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
- ІІІ кезең 2006 – 2012 жылдар экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер қатарына кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығайуымен сипатталады.
1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделегн жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетіледі.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:
1998-2000 жылдар;
2001-2010 жылдар;
2011-2030 жылдар.
Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан Республикасы Президенті: «Қазақстан Конститутциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономика құрамыз» деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2509;