Этнос, этностық мәдениет ұғымдары

Ұлттық психология оның мазмұнын құрайтын ұлттық-психологиялық құбылыстардың жиынтығы болып абылатын өз құрылымына ие.

Ұлттық сана-сезім – адамдардың белгілі бір этникалық топ қатарына жататындығын және оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнын түсінуі.

Ұлттық мінез-құлық – белгілі бір этникалық топ өкілдерінің тарихи түрде қалыптасқан тұрақты психологиялық белгілерінің жиынтығы.

Ұлттық қызығулар мен бағдарлар – белгілі бір этникалық топ өкілдерінің мотивациялық приоритеттерін бейнелейтін қоғамдық-психологиялық құбылыстар.

Ұлттық сезімдер мен көңіл-күйлер – адамдардың өз этникалық тобына, оның қызығуларына, басқа елдер мен құндылықтарға деген эмоционалды қатынас.

Ұлттық дәстүрлер мен әдеттер – Ұлттың тіршілік әрекетінің ұзақ тәжірибесінің негізінде құрылған және күнделікті өмірде берік тамырын жайған, этникалық топтың жаңа мүшесіне берілетін қылық-әрекеттің ережелері, нормалары мен стереотиптері.

Этнос дегеніміз – белгілі бір территория аймағында тарихи түрде қалыптасып, өзінің этникалық бірлігін саналы түрде сезінетін және мәдениетінің тұрақты ерекшеліктері болатын, соның ішінде ортақ тілі бар әлеуметтік топ.

Этностардың өмір сүруінің негізінде олардың өзінің жалпылығын түсінуі болып табылады. Бұл ортақтықты этностар «Олар» түсінігімен салыстырғанда «Біз» түсінігінің басым болуынан көрініс табады. Бұл құбылыстың деформациясы этноцентризм атауына ие болды, яғни адамдардың әр түрлі құбылыстарды өзінің этникалық тобының мәдени стереотиптерінің негізіндегі қабылдауы. Этноцентризмнің мәні – басқа топтарға қарағанда өз ұлтының қасиеттерін асырмалауда жатады.

Этнология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым және этнография-грек тілінен аударғанда жазамын деген мағынаны білдіреді. Ғылыми білімдердің бір саласы болғандықтан, материалдық мәдениетті, туыстық жүйені, өмірлерін қамтамасыз ету, тәрбиелеу, әр түрлі ұлттардың әлеуметтік және саяси құрылымын, энтогенез, мәдени аралық қатынастар проблемасын, этностарды орналастыру, олардағы демографиялық процесстерді, белгілі бір ұлт өкілдерінің мәдени қасиеттерін салыстыруды зерттеуге бағытталған. Этнография құбылыстарды сипаттайтын ғылым, ал этнология оның теориясы болып табылады. Сонымен қоса этнология, ұлттық салт-дәстүрлерді, дағдыралды, әдеттерді, әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылығының спецификалық ерекшелігін де қарастырады.

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3623;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.