Ші тақырып Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі теориялық әдіснамалық аспектілері.
Этникалық психология-өте жас, тәуелсіз сонымен қоса күрделі білімдер жүйесі болып табылады. Ол психология, социология, философия, мәдениеттану, этнология, яғни адамның және топтың ұлттық-психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылымдардың негізінде пайда болды.
Философия-грек тілінен аударғанда ақылдылықты жақсы көремін деген мағынаны білдіреді. Этникалық топтар мен топ мүшелерінің әлеуметтік және жартылай психологиялық ерекшеліктерін, ұлттың спецификасын, оның топішілік, топаралық қарым-қатынастарға, өзара әрекеттесулерге деген әсерін методологиялық және теориялық тұрғыдан түсіндіреді.
Әлеуметтану-латын тілінен аударғанда қоғам туралы ғылым және мәдениеттану-латын тілінен аударғанда даму туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Әлеуметтік, мәдени жиындардың өкілдері ретінде ұлттық топтардың сапалық мінездемелерін зерттейді, олардың дамуының әлеуметтік және мәдени концепцияларын ұйымдастырады. Сол себепті осы құбылыстардың психологиялық мазмұны мен түсіндірмесіне көңіл аудармау мүмкін емес. Әлеуметтану мен мәдениеттану әр түрлі этностардың арасындағы айырмашылықтарды, өзара әрекеттесу заңдылықтары мен мәдени қатынастарының жалпы тенденцияларын деманстрациялау үшін, терең зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Этнология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым және этнография-грек тілінен аударғанда жазамын деген мағынаны білдіреді. Ғылыми білімдердің бір саласы болғандықтан, материалдық мәдениетті, туыстық жүйені, өмірлерін қамтамасыз ету, тәрбиелеу, әр түрлі ұлттардың әлеуметтік және саяси құрылымын, энтогенез, мәдени аралық қатынастар проблемасын, этностарды орналастыру, олардағы демографиялық процесстерді, белгілі бір ұлт өкілдерінің мәдени қасиеттерін салыстыруды зерттеуге бағытталған. Этнография құбылыстарды сипаттайтын ғылым, ал этнология оның теориясы болып табылады. Сонымен қоса этнология, ұлттық салт-дәстүрлерді, дағдыралды, әдеттерді, әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылығының спецификалық ерекшелігін де қарастырады.
Әлеуметтік психология-латынның қоғам, гректің жан туралы ғылым деген сөздерінен тұрады. Адамдардың ұлттық психика ерекшеліктерінің, нақты әлеуметтік топ өкілдерінің функциясы мен заңдылықтарының нақты анализын, талдауын жасауға бағытталған. Әлеуметтік психологияның ерекше бір саласы-этникалық психология бөлініп шығып, продуктивті дами бастады. Этникалық психология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Этнопсихологиялық құбылыстардың функциясын, мазмұнын, көріну спецификасынның түп негізін түсіну үшін, психология мен жоғарыда қарастырылған ғылымдарды дұрыс түсінуіміз керек. Отандық этнография-ғылым ретінде пайда болып, ұлтттардың, ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерді, сенім-нанымдарды, өмір сүру стилін, тәсілін, тұрмыстық айырмашылықтарды, мәдени байланыстарын, психологиялық мінездемелерін талдап, түсіндіруге бағытталған. Осы білімдер жүйесінде этносоциология деп аталатын ғылыми бағыт пайда болды.
Әлеуметтік және мәдени специфика ұлттардың өмірін дұрыс түсіну қатал тиым салынуда болған кездің өзінде, басқа ғылымдардан бұрын өзінің қызығушылығымен адамдардың ұлттық және ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге кірісті. Бірақ, этнографтардың айтулары бойынша, этнопсихологиялық феномендер адамдардың индивидуалды және қоғамдық саналары психологиялық заңдылықтар емес, әлеуметтік және мәдени білімдерге түсіндіреді деп есептеген.
Шетелде жоғарыда көрсетілген бағыттар бір-бірінен алшақтап, қазір олар тек қосымша мақсатта ғана қолданылады. Этникалық психология әрине басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Оның басқа ғылымдармен өзара әрекеттесуі, зерттеушілердің ортақ құбылысты зерттеу қызығушылығының болуына шартталған. Этнология және әлеуметтану психологтарға ұлттық топтың, сол топ өкілдерінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, құндылықтарын, эмоция мен сезімдерін, салт-дәстүрлерін, әдет-қылықтарын; оладың өзара әекеттесулерін, әсер ету механизімдерін методологиялық дұрыс, жан-жақты білікті нақты түсінуге көмектеседі. Әлеуметтанушылар мен этнографтардың зерттеулері бойынша, бір адамды екіншісінен айыратын айырмашылықтарға ұлттық-психологиялық ерекшеліктер емес, әлеуметтік-мәдени феномендер-ұлттардың материалдық мәдениеті, олардың құрылымы, туыстығы мен өмірлік қамтамасыз ету жүйесі, топаралық және топішілік этникалық қарым-қатынастардың спецификасы екендігі анықталды.
Ежелгі ғылым психологтарға этникалық топ өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасу негізі мен әсер ету факторларын нақты әрі дұрыс интерпретациялауға, адамдардың әр түрлі даму деңгейіндегі психиканың қалыптасуының, жұмыс жасауының, трасформация көріністерінің ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, этносоциология-гректің тайпа, халық және латынның қоғам, гректің ғылым деген сөздерінен тұрады. Этносоциология- этнография мен социология ғылымдарының түйісу негізінде пайда болған, әр түрлі этностық жиындарда болатын қоғамдық құбылыстарды зерттеумен айналысатын ғылыми пән. Бұл бағыт құбылыстардың заңдылықтарын психологиялық немесе әлеуметтік деп жіктеп түсіндірмейді, керісінше оларды араластырып түсіндіреді.
Этномәдениеттану-гректің тайпа, халық және латынның даму, гректің ғылым деген сөздерінен тұрады. Бұл мәдениет туралы ғылымның бір саласы, ол ұлттардың этнопсихологиялық мінездемесін анықтайтын факторға мәдениеттік ортаны жатқызады. Бұл бағыт бойынша, мәдениет деген қоғамдық ортаға шек қоюдан басталады. Ежелгі даму жолында әрбір ұлтта мәдени құндылықтардың біржақты жүйесі қалыптасып, оны ұлт өкілдері этникалық сананы көрсету үшін пайдаланады.
Мәдени антропология-латынның даму, гректің адам туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Мәдени антропология-этнография мен мәдениет ғылымдарының түйісуінің негізінде пайда болған, адамдарды әр түрлі ұлттың өкілдері, мәдениеттің өкілдері ретінде қарастырып, зерттейтін ғылым болып табылады.
Этнопедагогика-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Оның зерттейтін мәселелері:
- нақты ұлт өкілдеріне тән мақсат-міндеттерін, амал-тәсілдерін, тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін;
- әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқытудың салыстымалы спецификасын;
- белгілі бір ұлт өкілдерін тәрбиелеу мен оқытуға ұлттық психологияның әсерін;
- педагогикалық және үйретушілік процесс әсерінің заңдылықтарын.
Этнопедагогика этникалық психологиямен тығыз байланысты, бірақ оларды біріктіруге болмайды.
Этнопсихолингвистика-гректің тайпа, халық, жан, латынның тіл деген сөздерінің жиынынан тұрады. Этнопсихолингвистика-лингвистикалық ғылымның бір саласы, этностық психиканың қалыптасуының негізгі факторына этностық тәжірибені көрсететін, оның тілді, ойлауды жатқызады. Осы ғылым өкілдерінің ойларынша, тілдің құрамы ойлаудың құрамын анықтайды, ал тілдің спецификалық функциясы психикалық процесстердің дамуының ерекшелігіне әсер етеді.
Этнопсихология -адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.
Халықтық психология -адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.
Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.
Ұлттық мақтаныш - тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезіну.
Ұлттық психология– қоғамдық сана-сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Адамдар мен топтардың қимыл-әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана-сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер, философия.
Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс әдісі.
Халық қағидалары, ұлттық ұғымдар адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде өміршеңдігін жоймаған, халықпен бірге жанданып, өзгеріп, түлеп отырады. Қазақтың дала заңдары, болжам – түйіндері, философиялық тұжырымдаулары халықтың ауыз әдебиетінде көрініс тапқан. Қазақ халқы ұрпағының болашағын болжап, алдын – ала қам жасауы, ол туралы әр түрлі топшылау тұжырым келтіріп, қалыптастырған дала заңы мен тәртібі қанша ғасыр өтсе де маңызын жоймауы, яғни халық кәдесіне жарауында деп түсінген жөн.
Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру.
Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса , сонша көкейкесті мәселе болып келеді.
Қазіргі таңдағы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықтық қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы – бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім – тәрбиесі мен ұлттық әдет – ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Ұзақ уақыт бойы этникалық психологияның жалпы мойындалған категориясына өзінің бастауын тұрмыстық өмірден алатын психологиялық жиын жатқызылады. Бірақ бұл сөз қазіргі күнге дейін реалды мағынаға толған емес. «Ұлттың психологиялық жиыны» сөзінің синонимы ретінде «ұлттық мәнез», «ұлттық сана-сезім», «ұлттық психология» сөздері қолданылады. Осындай түсініктердің көп болуы «ұлттық психологиялық жиын (национальный психологический склад) » терминін түсіндірмейді, тек қана терминалогиялық әр түрлілік енгізеді.
Этнопсихологиялық құбылыстың құрылымын нақты мазмұнға толтырған кезде екі түрлі көзқарастың әсері әлі күнге дейін байқалады. Бірінші көзқарас бойынша, элементтер жүйесінің құрылымы әр түрлі ұлт өкілдерінің мінез, темперамент, сезім, ерік және тағы басқаларынан тұрады. Екінші көзқарас бойынша, этнопсихологиялық құбылысты құрайтын мазмұн мен формаларға ұлттық психиканың, ұлттық мінездің жалпы және ерекше қасиетттері кіреді.
Біздің пікіріміз бойынша, екі көзқарас та көңілге алынуы керек. Сонымен қоса, бұл көзқарастар бір-бірінен тәуелсіз жеке, дара қолданылғанымен, толық түсініліп, зерттелген емес. Шын мәнінде бұл бағыттарды ортақ қызығушылық негізінде бірге жұмыс жасатуға болады, себебі екі бағыт та адамда көрініс беретін, саналы ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді жоққа шығармайды.
Ол үшін бар көзқарастарды нақты талқылап, түсініп, бар пікірлерді ортақ біріктіріп жүзеге асыруға болады. Бірінші тенденция, психологиялық жүйені ұйымдастырып, қалыптастырушы этникалық жиын өкілдерінің элементтерінен түрады, оларға ұлттық мінез, ұлттық темперамент және тағы басқалар. Соңғылардың функциясының ішінде нақты жүйе ішілік бөлімдердің-ұлттық мінез, темперамент, сезім қасиеттерінің және тағы басқалардың бар екендігі анық. Екінші тенденцияға кіретін психологияның жалпы ұлттық мінездемелері бірінші тенденцияның жүйе ішілік бөліміне кіреді.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер қоғамдық санада және қоғамдық тұрмыстағы әлеуметтік-психологиялық феномендер болып келеді. Оның бар екендігін социология мен этнография ғылымдары да мойындауда.
Ғылыми тұрғыда социология мен этнография әр түрлі ұлттардың психика ерекшеліктерін ерте кездерден бері зерттеуде. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер жалпы адамдардың психикасының функциялық қасиеттерінің спецификалық формасы болып табылады.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер ұлттардың ғана емес, барлық этникалық топтардың психологиялық дамуының ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Осы сипаттарды анықтау арқылы біз, кез келген этнос өкілінің негізгі психикалық мінездемесін, сипаттамасын анықтай аламыз, яғни этникалық емес, ұлттық, нақты қалыптасқан спецификаны көруге болады.
Ұлт-этникалық жиын дамуының жоғарғы деңгейі.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді тәжірибелі түсіну үшін, тағы екі сипаттамасын білген жөн. Бір жағынан ұлттар психикасының ұлттық-психологялық ерекщеліктеріне аса мән беруді, ұлттардың этноспецификалық қасиеттерінің ең маңыздысы деп есептеген дұрыс болмас. Екінші жағынан, әр түрлі ұлттардың ұлттық психологиясы қайталанбас психологиялық қасиеттер түрінде емес, дифференциялық жиынтықта көрінеді.
Сөйтіп, этникалық психология - жеке адамдардың нақты ұлт өкілдері ретіндегі ұлттық-психологиялық ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Ол әлеуметтік психологияның бір саласы және социология, философия, этнографиямен тығыз байланысты. Этникалық психология және зерттеуші ғалымдар айналысатын зерттеу жұмыстары оларды кім жасайтынына байланысты екі түрлі болып келеді:
Біріншіден, зерттеушілер белгілі бір этникалық топ мүшесінің өкілдері ретінде адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Ол қасиеттердің тума немесе жүре пайда болған екендігіне мән берместен, олардың көрініс беруі мен функциясының заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер онтогенезде, филогенезде дамығандықтан адам психикасының дамуымен байланысты болып келеді. Сонымен қоса, этникалық психология интеллектуалды-танымдық процесстерді, эмоционалды-еркітік құбылыстарды, адамдардың өзара әрекеттесуі мен әрекет-қылықтың психологиялық ерекшеліктерін, ұлттық-сецификалық қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, құндылықтарды зерттейді.
Екіншіден, социологтар мен этнографтар этномәдени зерттеулер жүргізген. Олар ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді емес, мәдени қажеттіліктер мен салт-дәстүрлерді, әлеуметтік әрекет-қылық стереотиптерінің ерекшеліктерімен айналысады.
Этникалық психологияның өзіне тән міндеттері бар:
1. нақты этникалық топ өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер ететін факторлар мен себептерді жан-жақты түсіну; соның негізінде ұлттардың әлеуметтік-саяси, экономикалық, тарихи, мәдени дамуының спецификасын, психологиясын анқытау;
2. адамдардың ұлттық психикасының мотивациялық-фондық сферасын мотивациялық және басқа қасиеттерді талдау мақсатында анықтау;
3. нақты ұлт өкілдерінің интеллектуалды-танымдық белсенділіктерінің ұлттық дифференциалды мінездемелерін зерттеу;
4. нақты ұлт өкілдерінің ұлттық сезімдерінің, динамикасы мен мазмұнының заңдылықтарын, эмоция мен эмоционалды әрекет-қылықтың көріну спецификасын зерттеуді ұйымдастыру;
5. белгілі бір ұлт өкілдерінің ұлттық психика функциясын, еріктік белсенділікті орналастырудың ерекше спецификасын; адамның әрекетіне әсер ететін еріктік процесстің тұрақтылығын, еріктік күштің көрініс беруін зерттеу;
6. белгілі бір ұлт өкілдерінің өзара әрекеттесуінің, қатынас жасауының спецификасын анықтайтын коммуникативті сфераларының көрінуін зерттеу;
7. ұлттық психиканың көрінуі мен жұмыс жасауының жалпы заңдылықтарын анықтау мақсатында, дүние жүзіндегі әр түрлі ұлттардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттеу;
8. нақты мемлекеттердегі топтардың дамуы мен жұмыс жасау заңдылықтарын анықтау мақсатында, әр түрлі классатрдың, конфессионалды топтардың ерекшеліктерін, ұлттық қасиеттерін, анықтау, зерттеу;
9. этникалық сана мен өзіндік сананың ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне әсерін зерттеу;
10. саяси, тәрбиелік, ағартушылық, әлеуметтік, мәдени-массалық, кеңестік-коррекциялық жұмыстардың эффективтілігін жоғарлату мақсатында, адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін ескеру және пайдалану;
11. этникалық жиын өкілдерінің еңбектік, оқытушылық, әскери, және тағы басқа әрекет түрлерін ұйымдастыру сапасын және оның жүзеге асырылуын зерттеу;
12. басқарушыларға арналған тәжірибелік ұсыныстар жасау;
13. біздің мемлекетіміздің ұлттарының психологиялық спецификасын зерттеу;
14. біздің мемлекетіміздің әр түрлі аудандарындағы саяси, ұлттық дамуының әлеуметтік және психологиялық болжауын жасау;
Ресейдегі этнопсихологиялық ғылымның алдындағы міндеттер әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады:
Біріншіден, бұл сала білімдерінің теориялық және методологиялық жоспарын тиянақты ұйымдастыру;
Екіншіден, этнопсихологтардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге деген мүмкіндіктері бар себебі, этникалық жиынның өкілдері өте көп болып келеді.
Үшіншіден, этнопсихологиялық міндеттер басқа ғылым салаларымен бірлесе отырып шешілуі мүмкін.
Этнологиямен бірлесе отырып, этникалық психология әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылықтарын, әрекеттерін, салт-дәстүрлері туралы ақпарат жинап, зерттеуді жүзеге асыруы керек.
Философия мен әлеуметтанудың көмегінсіз этноспихология ұлттық-психологиялық құбылыстарды интерпретациялағанда, методологиялық және теориялық нақтылыққа жете алмайды.
Ежелгі ғылымның ғылыми көмегімен этнопсихология өзі зерттейтін құбылыстарды, факторларды, дамуды, спецификаны, қалыптасуды дұрыс түсіне алады.
Өз кезегінде саяси, ол қоғамдағы саяси процесстер ағымының адамдардың санасы мен әрекеттеріне әсерін зерттейтін білімдер жүйесі. Саяси ортада жұмыс жасайтын әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Этникалық психология саяси психологиямен бірлесе отырып, қоғамда пайда болған әлеуметтік құбылыстарды талдайды:
1. этникалық топ өкілінің саяси санасының дамуына қандай ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің әсер ететіндігі;
2. этникалық топ өкілінің қажеттіліктерінің, мотивтерінің, құндылықтарының қандай этникалық спецификалық ерекшелігінің бар екендігін;
3. ұлттық психологияның қажетті-мотиациялық компоненттері қоғамдағы сана, нормаларға қарама-қайшы ма әлде жоқ па;
4. бірлесіп саяси жұмыс жасағанда ұлттық өзіндік сананы құрайтын қандай танымдық-интеллектуалды компоненттер ескеріледі;
5. нақты ұлт өкілінің саяси өзіндік санасының қорғаныс механизімі қандай;
6. интерұлттық тәрбиелеуді эффективті қылдыратын нақты ұлттық-психологиялық әрекеттер, амалдардың бар-жоқтығы;
Сонымен қоса этникалық психология өзінің міндеттерін педагогикалық психологиямен өзара әрекеттесе отыра жұмыс жасауы керек.
Этнопсихология педагогикалық психологиямен бірлесе отырып, келесілерді зерттейді:
1. белгілі бір ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессін қабылдау ерекшеліктерінің спецификасын;
2. әр түрлі ұлт өкілдеріне тәрбиелеу мен оқыту процессінің қалай әсер ететіндігі, тәрбиелеу мен оқыту процессінің өзара ерекшемазмұнының болуы;
3. әр түрлі ұлт өкілдерінің оқыту мен тәрбилеу процессіне бейімделу ерекшеліктерін;
4. әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессінде эмоционалды-экспрессивті сферасының көрінуін;
5. әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессінде конфликтілік қатынастардың көрінуін қадағалау;
6. педагогикалық өзара әрекеттесудің нақты формалары мен амал-тәсілдерін зерттеу.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2115;