Лекция 16 1 страница

Тақырыбы: Ақпараттың өлшем бірліктері

Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады. Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ», «+» және «–», «сигнал бар» және «сигнал жоқ»).
Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) – 1024 байт; мегабайт (Мбайт) – 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады. Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі бағдарламалар атқарады.

Қандай компьютер сатып алу қажет?

Компьютер сатып алмастан бұрын, мынаны шешіп алыңыз: Сіз оны не үшін пайдаланасыз? Түрлі бағдарламалар компьютер сипаттамаларына түрлі талаптар қояды, олардың ішінде процессордың ырғақтық жиілігіне, тұрғылықты диск көлеміне, оперативті жады көлеміне, дыбыстауыш, бейнелік бейімдеуіш пен желілік тақшаның бар болуына әсіресе назар аудару қажет.
Мысалы, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, электрондық кестелер және т.б. сияқты кеңсе бағдарламалары жұмысы қор көздеріне аса қатты талап қоймайды. Компьютерлердің бұл категориясының құрылымы қарапайымдау, сондықтан недәуір арзандау болады. Бұл мақсаттарда қолдану үшін 1,8 GHz ырғақтық жиілігі бар процессор, сыйымдылығы 80 Gb тұрғылықты диск, 256 Mb оперативті жады, аналық тақшаға қоса орнатылған бейнелік бейімдеуішті қамтитын жүйелік қорап және диагоналы 17 дюйм монитор сатып алса жеткілікті.
Ал егер Сіз тек құжаттарды әзірлеп, кестелермен жұмыс істеп, көрмелерді әзірлеп қана қоймай, кинофильмдер көріп, музыка тыңдап, ойындар ойнағыңыз келсе, алдыңғы жинақталымға бір саты жоғарырақ бейнетақша және дыбыстауыш қосу қажет (қазіргі кезде олар аналық тақшаға қоса орнатылады, сондықтан жеке-жеке сатып алудың қажеті жоқ).
Егер Сізге Internet желісінде жұмыс істеуге арналған компьютер қажет болса, аталған құрылғыларға қоса, желілік тақша мен модем алу керек.
Сипаттамасы бойынша үйдегі компьютерге ұқсас ноутбуктар недәуір қымбатырақ тұрады, өйткені оларда өте кішкентай технологиялар, электр көзінен, яғни аккумулятордан тәуелсіз жұмыс істеуге арналған қуатты үнемдеу жүйелері пайдаланылады. Қазіргі заманғы ойындар компьютердің қор көздеріне өте қатаң талап қояды, сондықтан ол талаптарға сай келетін компьютерлердің құны қымбатқа түсіп отырады. Бұндай жинақталым үшін әдетте ең қымбат бейнелік бейімдеуіштер, қуатты көп ядролы процессорлар, өте шапшаң оперативті жадының аса үлкен көлемі және ауқымды диск кеңістігі қажет.

Лекция 17-18

Дербес компьютер интерфейстері. Енгізу – шығару интерфейстері.

Интерфейс – бағдарламалаушының кәсіптік тілінде компьютерді пайдаланушымен ЭЕМ-мен өзара әрекеттесу «жазықтығы», яғни екі жүйенің, адам мен машинаның арасында мәлімет алмасуды орындайтын ақпараттық-бағдарламалық құралдар жиынтығы. Олар құрылғылар мен бағдарламалардың логикалық немесе физикалық әрекеттестігін атқаратын тәсілдер мен ережелерден тұрады. Ақпараттық интерфейске компьютерге белгілі бір құрылғыны жалғайтын сымдарды, контеллерлерді жатқызуға болады, ал бағдарламалар интерфейсіне онымен әрекеттесу барысында мәлімет алмасуға арналған меню командалары мен әртүрлі амалдарды атқаратын батырмалар тобы, сұхбаттасу терезелері элементтері кіреді.

Компьютерді бір-бірімен жалғау интерфейсінің тарихы спиральді даму теориясын дәлелдейді. COM – портының RS – 232С кезектілік порты бұрын лазерлік принтерлерді қосу үшін де қолданылған болатын. Бірақ мұнда біршама қиындықтар туындай бастады және өнімділік сапасы төмендеп кетті. Мұндай күрделі кедергілер енгізу құрылғыларын ( сканер, принтер ) және тасымалдаушылардың екі түрлі сипатымен берілген құрылғыларын қосуда да туындайды. Жылдамдықты кезектілік интерфейске ( көк жалғаушы кабельдерін дайындау мәселелерін шешеді ) өту арқылы арттыруға болады. Бұл USB Fire және Wire кезектілік шиналарының пайда болуына әкеп соқты. Олар компьютерлік периферияны қосудың күрделі мәселелерін шешуге көмектеседі.

Тактілік бөлімді ұлғайту арқылы өнімділікті арттыру жалғаушы кабельдердің толқындық қасиетіне сәйкес болып келеді.

Екі құрылғыны жалғайтын ( физикалық немесе логикалық ) интерфейс үшін алмасудың 3 мүмкін режимі бар: думплексті, жартылай думплексті және симплексті.

Думплексті режим - бір байланыс каналынан бір уақытта екі бағытта да ақпарат тасымалдауға мүмкіндік береді. Ол ассиметриялы немесе симметрияла да бола алады.

Жартылай думплексті режим - қарама – қарсы бағыттарға кезекпен ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді.

Симплексті ( біржақты ) режим – ақпаратты тасымалдаудың тек бір бағытын қарастырады.

Интерфейстің тағы бір маңызды параметрі болып жалғанатын құрылғыларының мүмкін жойылуы. Ол кабельдердің жиіліктік қасиеттерімен қатар интерфейстердің шуылға қарсы қауіпсіздігі жөнінде шектелген.

USB ( Universal Serial Bus ) - әмбебап кезекті канал орташа жылдамдықты сыртқы перифериялық құрылғыларды қосудың кезектілік шинасы. Ол ақпараттарды екі бағытта тасымалдауды қамтамасыз етеді. Құрылғылар мұнда ағаш топологиясы бойынша байланыстырылады. Бірақ USB өнімділігі видео бейненің тасымалдануы үшін жеткіліксіз.

Интерфейстерді қарастыру кезінде өнімділік қабілеті маңызды болып табылады. Техникалық өркендеу берілегендерін ақпараттың көлеменің өсуіне әкеледі.

Көбіне назар аударыла бермейтін интерфейстің тағы бір қасиеті - гальваникалық атауға болады, дәлірек айтқанда оның мүлдем болмауында.

Берілгендерді параллель тарату

Жалпы интерфейс не үшін қажет? Оның негізгі міндеті берілген мәліметтерді тарату процесін жүзеге асыру және басқару. Параллель интерфейсте сигнал бір уақытта бірнеше кісіге таратылады. Осылайша бір мезетте «N бит» жібере аламыз. Мұндағы «N» интерфейстің разрядтылығын көрсетеді. Бір секунтта бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін осындай берілуді жасауға болады. Бұл параметр тактілік жиілікпен берілген.Тізбекті интерфейсте биттер бірінен соң бірі беріледі. Тізбектей интерфейсте мәліметтерді беру кезінде параллель интерфейсте қол жетпейтін алгаритмдерді қолдана аламыз.

Параллель порттардың эвалюциясы.

Параллель интерфейстер IBM PC де алғашқы версияларынан бастап бар. Ең алғаш 8 разрядтты параллель порт д.п де бір өзі ғана болды, және берілген мәліметтерді бір уақытта максималь жылдамдығы 50 кбайт/с және біраз уақыттан кейін екі бағытты режим (шығаруға 8 бит, енгізуге 4 бит) және өткізу қабілеттілігі 150-200 кбит/с алынды. Алғашқыда параллель порт принтермен жұмыс жасау үшін жобаланды. Оның тақырыбыда 2 LPT (line prin ter) болды, бірақ кейіннен параллельді порттар арқылы компьютерлерді өзара жалғай бастады. Алғашқы мадернизация порттарға 1987 жылышықты және жетті, бұдан кейін ол екі бағыттағы статус алды. Қосу разъемдары және кабельдерде барлығын дәл солай қалдырып тек пайдаланылмайтын контактілерде іске қосу жоспарлайды. Жаңартылған шешімнің жылдамдығы 150-200 кбит деңгейінде қалды. Портты әрі қарай дамыту үшін бірнеше фирмалар қатысты:Intel,Zenith Data System және Xircom.

Өңдеудің соңғы нәтижесі 1991 жылы жетілдірілген параллель порт EPP (Enhanced Paralel Port) сипаттамалары алдыңғы порттарға қарағанда артықшылықтары көп, өткізу қажеттілігі 2 кбайт/с.Бұлым мәліметтерді екі жақтап таратады.Сондай ақ бір портқа 64-ге дейін қосу мүмкіндігі пйда болды.Оларды герменда принципімен жалғайды.Сондай-ақ DMA (Direct Memory Acces) режимін қосу енгізілді – процессорды талап етіп,оперативті жадыға құрылғыны тура қосу. СРР стандартында жаңа режимде порт жұмыс жасау үшін арнайы микросхема Intel SL 360 SL I/O немесе оның аналогтары талап етілді. ЕРР дан басқа жетілдірілген параллель порттың басқа варианттары бар. 1992 жылы Microsoft және Hewleft Packard өздерінің жеке стандартын шығарды.Оның ЕРР дан айырмашылығы 1 портқа 128 құрылғыға дейін қосуға болады және берілген мәліметтерді примитивті, аппаратты сығу жүзеге асырылды. Соңғы бірнеше жылда интерфейс үздіксіз дамып келеді. Сондықтан барлық параллель порттың біріктірілген стандартын шығару қажеттілігі туды. Бұл стандарт 1994 жылы IEEE 1284 деген атпен бекітілді. Ол параллель порттың 4 режимінде стандартты ,екі бағытты, EPP немесе ECP жұмыс жасайды. Сондай – ақ қолданылатын кабельдермен разъмдардың барлық типтерін қатаң ұстайды.

 

Лекция 19-20

 

Тақырыбы: ISA,PCI,AGP,CNR шиналары

ISA шинасы (Industrial Standard Architecture – өндірістік стандарттық архитектура) РС алғашқы моделінен қолданылып стандарт болды. ХТ компьютерлерінде 20 битті адреспен разряды 8 битті шиналар қолданылды. АТ компьютерлерінде шинаның адресін 24 битке және деректердің 16 битіне кеңейтті. Бұндай түрде ол перефериялық адаптерлер үшін ең кеңінен тараған болып саналады. 8 разрядты шина түсінігі, шинада бір циклде 8 бит деректерді жіберіп немесе қабылдауға болады дегенді білдіреді, яғни бұндай шинадағы деректер бір мезетте сегіз параллель өткізгіш бойынша жеткізіледі. 16 разрядтты нұсқасы АТ классты компьютерлерде 6 және 8 МГц тактілік жиілікпен қолданылды. Кейінірек шинаның екі нұсқасына да 8,33 МГц стандартты максимал тактілік жиілікке қол жеткізілді, бұл олардың үйлесімділігін қамтамасыз етті. Шина бойынша деректерді жіберу үшін екіден сегізге дейінгі такті қажет, сондықтан ISA шинасы бойынша деректерді жеткізудің максимал жылдамдығы 8Мбайт/с құрайды.

8 MГц * 16 бит = 128 Mбит/c;

128 Mбит/c : 2 тaктa = 64 Mбит/c;

64 Mбит/c : 8= 8 Mбaйт/c,

8-разрядтты шинада өткізгіштік жолағы екі есе аз (4 Mбaйт/c). Дегенмен, бұл теоретикалық максимумдар екендігін ұмытпаған жөн – деректермен алмасу протоколының күрделігіне байланысты шинаның нақты өткізгіштік қабілеті біршама төмен (әдетте екі есе).

Конструкциялық тұрғыдан шина шығару қадамы 2,54 мм болатын екі қуыс разъемдар түрінде орындалған. ISA-8 жиынтығы тек қана 62 – контактілік слотты қолданады, ISA-16 –да қосымша 36 – контактілік слот қолданылады.

32-разрядты ISA шинасы.

Бұл шиналардың қосымша қосымша желілері жадыны кеңейту платаларымен жәнебейнеадаптерлермен жұмыс барысында ғана қолданылды.

РСІ (Peripheral Component Interconnect)- қосымша модульдерді қосуға арналған: дыбыстық карта, ішкі модем, қосымша контроллерлерді және т.б. жүйелік тақшада РСІ слоттары әдетте төртеу болады, кейде оданда төмен болады. РСІ разъемдары тақшадағы ең қысқа разъемдар, ақ түсті, өзіндік үлгідегі перемычкамен екі бірдей емес бөлікке бөлінген.

AGP (Advanced Graphic Port) - AGP стандартты видеокарталарды орнату үшін арналған, жеделдетілген графикалық порт. Қазіргі уақытта барлық бейне карталар осы разъемдер үшін шығарылады.

CNR/AMR (Audio Modem Riser Card) – компьютерге дыбыстық картаны немесе бекітліген модемді орнату үшін арналған. Оларды бірге қосуға болады, олар бір принциппен жұмыс жасайды- сандық сигналды адам құлағы естуге қабілетті (акустикалық) дыбыстықа айналдырады, қажет болған жағдайда керісінше. AMR слоты Intel чипсеттерінің негізінде құрылған, жүйелік тақшаға орналасқан.

 

Лекция 1. ДК-дің негізгі бөліктері мен қосалқы құрылғыларын жөндеу мен модернизациялау ерекшеліктері

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.

Қазіргі нарықтық кезеңде дербес компьютерлердің ондаған, тіпті жүздеген модельдері кездеседі. Бірақ осы модельдердің барлығы дерлік негізгі деп есептелетін төмендегідей 4 құрылғыдан тұрады:

 жүйелік блок

 дисплей

 пернетақта

 тышқан

Компьютермен жұмыс жасау үшін кем дегенде осы төрт құрылғының болуы қажет, бұларды дербес компьютердің базалық құрамы деп те атайды.

Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін қолданылады.

Сыртқы құрылғылар

Сыртқы құрылғылар - кез келген есептеу кешенінің маңызды құрауыш бөлігі. Сыртқы құрылғылар кейде ДК-нің жалпы бағасының 50-80%-ын құрайтынын айтудың өзі-ақ жеткілікті. Басқару жүйелерінде және жалпы халық шаруашылығында ДК-ні қолдану мүмкіндігі мен тиімділігі көбіне сыртқы құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты.

ДК-нің сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр алуан, олар бір қатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.

Мысалы, міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады:

Сыртқы жадтайтын (есте сақтаушы) құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады ;

Пайдаланушының диалогтік құралдары;

Ақпарат енгізу құрылғылары;

Ақпарат шығару құрылғылары;

Байланыс және телекоммуникация құралдары;

 

Пайдаланушының диалогтік құралдарының құрамына бейнемониторлар (дисплей) –ДК-ге енгізілетін және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы, сирегірек пульттік басу машинкалары ( пернетақтасы бар принтерлер) және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді.

Сөздік енгізу-шығару құрылғылары жылдам дамушы мультимедиа құралдарына жатады.

Сөздік енгізу құрылғылары, бұл-мысалы, адам айтатын әріптер мен сөздерді тануға және оларды кодтауға мүмкіндік беретін күрделі бағдарламалық жасауы бар түрлі микрофондық акустикалық жүйелер, «дыбыстық маустар».

Сөздік шығару құрылғылары-бұл компьютерге қосылған дауыс зорайтқыштар (динамиктер) немесе дыбыстық колонкалар арқылы ойнатылатын, цифрлық кодтарды әріптер мен сөздерге айналдыруды орындайтын түрлі дыбыс синтерзаторлары.

 

Ақпарат енгізу құрылғыларына төмендегілер жатады:

Пернетақта - сандық, мәтіндік және басқарушы ақпараттарды ДК-ге қолмен енгізуге арналған құрылғы;

Графикалық планшеттер (диджитайзерлер) - графикалық ақпаратты, кескіндерді арнайы нұсқағышты (қаламұшты) планшет бетімен жылжытып қолмен енгізуге арналған құрылғы; қаламұш жылжығанда, оның орналасқан жерінің координаттарын оқу және бұл координаттарды ДК-ге енгізу автоматты түрде орындалады;

Сканерлер (оқитын автоматтар) - қағаз тасушыларындағы ақпаратты шығарып оқуға және машина терген мәтіндерді, графиктерді, суреттерді, сызбаларды ДК-ге енгізу арналған құрылғы;

Манипуляторлар (нұсқау құрылғылары): джойстик (тәрте), маус, трекбол (жиекқұрсаудағы шар), сәулелік (жарықтанған) қаламұш және т.б. – графикалық ақпаратты дисплей экранына меңзердің экран бетімен қозғалуын басқару, кейіннен оның координаталарын кодтау және оларды ДК-ге енгізуге арналған құрылғы;

Сенсорлық экрандар – дисплейдің полиэкранынан ДК-ге кескінінің жекелеген элементтерін, бағдарламаларды немесе командаларды енгізуге арналған құрылғы.

 

Ақпарат шығару құрылғыларына төмендігілер жатады:

Принтерлер – ақпаратты қағаз тасушыларға шығаруға арналған басу құрылғысы;

Графиксалғыштар (плоттерлер) – ДК-ден қағаз тасушыларға графикалық ақпараттарды (графктерді, сызбаларды, суреттерді) шығаруға арналған; плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографикалық, электрстатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдаығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар; ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік плоттерлерде болады, бірақ олар өте қымбат.

Байланыс және телекоммуникация құрылғылары ДК-ні байланыс арналарына, басқа ЭЕМ-дерге және есептеу желілеріне қосуға арналған.

Атап айтқанда, желілік контроллер оны басқа ЭЕМ-дермен ақпарат алмасу, есептеу желісі құрамында жұмыс істеу үшін байланыс арнасына қосу қызметін атқарады. Ауқымды желілерде желілік контроллердің қызметін модем атқарады.

Жоғарыда аталған құрылғылардың көбі шартты түрде ерекшелінген топ мультимедиа құралдарына жатады.

Мультимедиа құралдары, бұл – адамға әр түрлі, өзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнені, графиканы, мәтінді, анимацианы және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық және ақпараттық құралдар кешені.

Мультимедиа құралдарына ақпаратты сөздік енгізу және шығару құрылғылары, сканерлер, жоғары сапалы бейнелік және дыбыстық тақшалар, кескінді бейнемагнитафоннан немесе бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.

Сондай-ақ, мультимедиа құралдарына – дыбыстық және бейнелік ақпарат жазу үшін жиі қолданылатын, оптикалық дискілердегі сыйымдылығы үлкен, сыртқы жадтайтын (сақтауыш) құрылғылар жатады.

Компакт-дисклерде (СД) көлемді деректер базасы, тұтас кітапханалар, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, жалпы және арнайы білім беретін пәндер бойныша үйретуші және дамытушы бағдарламалар, сондай-ақ, компьютерлік ойындар жазылып, сақталады.

СД, мысалы, шет тілін, жол жүру ережелерін, бухгалтерлік есепті, заңдарды оқып үйренуде кеңінен пайдаланылады. Мұның бәрі мәтінмен, суретпен, сөйлеу (сөздік) ақпаратпен және мультипликациямен, әуенмен және бейнемен қоса беріледі. Тұрмыста СД аудио және бейнежазбаларды сақтау үшін, яғни плейерлік аудио-таспа және бейнетаспа орнына қолданылады

ДК жөндеу.

ДК – ді модернизация жасау үшін алдымен олардың параметрлерін білу қажет. Кейбір параметрлерді көтеру үшін басқаларын төмендетуге болады. Мысалы: процессордың жылдамдығын көбейту үшін оперативті жадыны ұлғайтуға болады немесе ДК – дің басқа бөліктерінің функционалды мүмкіндіктерін ұлғайту қажет. Ал оперативті жадыны ұлғату үшін қатты немесе иілгіш дискінің жады көлемін ұлғайту қажет. ДК – дің аппараттық бөлігінің кемшіліктерін бағдарламалық жабдықтарды дұрыс таңдау арқылы көтеруге болады. Қажетті ресурсты бағалау өнімділігін жадыны ұлғайту түрлі әдістермен жүргізіледі. Берілгендерді талдау техникалық құжаттарында берілуі мүмкін. ДК үшін тізбекті және параллель порттардың санын аналық тақшадағы кеңейту слоттарының корпустағы окцеп санын білу қажет. Сонымен қатар олардың пайдаланылу қасиеттерін білу керек. Олар ДК – дің мүмкіндіктерін жоғарылату үшін, ДК – дің мүмкіндіктерін көтеру үшін қосатын құрылғылар джойстиктер ойын пульттерін сыртқы жады құрылғыларын CD ROM, дыбыстық карталар, модемдер, факс модемдер, ішкі – сыртқы құрылғылардың түрлі контроллерлерін жалғастыру қажет. ДК – дің архитетурасын ақпараттық және бағдарламалық бөліктері түрлі болуы мүмкін. Олардың барлығын аппараттық бөлігін модернизациялау кезінде және бағдарламалық жабдықтар орнату кезінде ескеру қажет. ДК модернизациялау кезінде аппараттық жабдықтардың параметрлерін білу керек. Ең өнімділігі жағынан тиімді жабдықтар brend name деп аталатын көрсетілген жабдықтарда болады. Ал көпшілікке таныс емес жабдықтарды no name деп көрсетеді. Вrend name арқылы көрсетілген товарлар көпшілікке белгілі. Шығарушы фирмалардың өнімі болады және олар әр жабдықтың техникалық документімен қоса беріледі. Бірақ brend name арқылы көрсетілген товарлар no name арқылы көрсетілген товарлардан бағасы қымбат болады. Бірақ ондай товарлар параметрлері жоғары және тұрақты документтер тіркелген және қолдануға ыңғайлы болады. Бірақ brend name арқылы көрсетілген товарды аппараттық модернизациялау өте қиын. Компьютерді таңдап, оны сатып алар кезде және олардың бағдарламалық аппараттық жабдықтағанда фирмамен пайдалану мерзімін гарантиялық жөндеуден өткізу мерзімін модернизациялау мүмкіндігін және толық жөндеу жұмыстарын жүргізу жайлы келісіп алу қажет.

 

ДК және олардың құрылғылары.

ДК тұрмыстық оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын 3 түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьюерлер қарапайым түрлерін атайды. Олардың жедел жады сыйымдылығы төмен және қарапайым әрекеттерді ғана орындайды. ХХ ғасырдың 80 жылдары оқу орындарында «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні оқылып, үйрену үшін жады көлемі 64 кб және 128 кб болатын Корверт, Ямаха СХ1, МХ2 компьютерлері пайдаланылды. Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын жұмыс істеу әрекетінің жылдамдығы жоғары болатын ДК-лерді кәсіби компьютерлер деп атайды. Бұл компьютер негізгі құрылғысы микропроцессорды шығарумен ең алғаш мынадай фирмалар apple, IBM, Intel т.б. айналысқан. Қазіргі кезде IBM PC үйлесімді көптеген компьютерлер шығарылды. IBM PC үйлесімді Pentium кәсіби компьютері математикалық физикалық есептерді шығарып қана қоймай логиалық операцияларды да орындай алады.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3508;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.027 сек.