Лекция 16 5 страница
Қазіргі жинақтаушылардың көпшілігі Ultra DMA, DMA 2,және DIO бақылаушыларының жұмыс режимін қолдайды. DMA- Disect Memory Access- интерфейс бойынша мәліметтерді ауыстыру ПК-ның орталық процессорының қатысуынсыз жүргізілетін ПК интерфейсі мен жинақтаушының бақылаушысының өзара әрекеті режимі- зерделік-сақтауға тікелей қол жеткізу. DMA режимі барлығын ПК-ның орталық процессоры атқаратын PIO (Programmed Input Oufput) – бағдарламасы кіріс-шығыс салыстырғанда процессорды айтарлықтай босатады. Бұған орталық процессордың қатысуынсыз арнайы бақылаушы және ПК-ның жедел зерделік-сақтауына тікелей жету каналын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Егер бұған операциялық жүйемен қолдау жасалынса, ал бұл кезде ауысу жылдамдығы моделіне сәйкес 16.6 Мб/с жететін болса, қазіргі барлық жинақтаушылар DMA 2 режимінде жұмыс істей алады. Ал жинақтаушылар және Ultra DMA режимін қолдайтын жүйелер тиісті драйверді пайдаланғанда, ақпараттарды 33.3 Мб/с жылдамдықпен қабылдай және хабарлай алады. Бірақ бұл бақылаушы мен жинақтаушының буферінің мәліметтермен алмасуының тек мүмкіндігінше шекті жылдамдығы.
Қазіргі кезде АТА интерфейсті жақсы модельдерде (үлгілерде) оқу-жазудың нақты жылдамдығы 10-11 Мб/саспайды. Жұмыс кезінде негізгі салмақ оқу-жазуға түседі, мәліметтер буфердей алу және буферге салу бұл уақыттың тек аз ғана бөлігін алады және Ultra DMA-ға көшу фактісі әдетте тек аздаған пайызға өседі. Бірақ Ultra DMA жинақтаушыларды әдетте шпиндель қатты жылдамдықпен айналады, яғни оқу-жазудың жылдамдығы өте жоғары.
Бір компьютерден екіншісіне ақпарат тасымалдау үшін дискеталар мен оптикалық дисклер (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM) қолданылады.
Дискета мен дискжетек |
Иілгіш диск (дискета). Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1,44 Мбайт көлемінде ақпарат сыйғызуға болады. Кейбір ақпарат түрлерін сақтап, тасымалдау үшін бұның жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен бұл ақпарат тасымалдаушылар 1970,1980-жылдары және 1990-жылдардың басына дейін қолданылып келді. (Қазір оларды flash-тасымалдаушылар ауыстырды)
Иілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады. Дискжетек дегеніміз – ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Дискетаның ақпарат тасымалдау сенімділігі төмен. Егер дискетаға механикалық зақым тисе, электромагниттік өріс әсер етсе немесе т.б. факторлар әсер етсе дискетадағы мәліметтің жоғалып кетуі әбден мүмкін. Қарапайым мәтіндік құжаттарды, шағын бағдарламаларды сақтау үшін қазірдің өзінде дискеталар жиі қолданылады. Өйткені дискетаның бағасы flash-тасымалдаушыдан ондаған есе арзан.
Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» - жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында.
CD-ROM дискжетегі |
Компакт-дискілерде барлық мәлімет иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады.
Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х.
Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы
компьютерге қосылады.
Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф) және қоректену кабелі (жіңішкерек болады). Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады.
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы (1.7-сурет).
Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.
Компьютерді сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы жолдарында (оперативті жады көлемі және процессордың жылдамдығымен қатар) келтірілгенін көресіздер.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады.
Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды (1.8-сурет). Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.
CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді (1.9-сурет). CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыяды.
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады.
Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды.
Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады.
Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді (1.10-сурет). Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.
Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар (1.11-сурет). «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.
Қатаң дискілер бақылаушылары.
Жинақтаушының бақылаушысы электорниалық платасында орналасқан және өзгерту операциялары мен мәліметті оқу – жазу головкаларынан жинақтаушының интерфэйсіне қайта жіберуде қамтамасыз етуге арналған. Жинақтаушының интерфэйсі немесе жинақтауыш ПК интерфэйсі бақылаушы деп аталады, бұл дұрыс емес. Қатаң дискілердің бақылаушысы өте қиын құрылғы - өзінің процессорын, ОЗу мен ПЗу кіріс – шығыс схемасы мен жүйесі, т.б. бар микрокомпьютер. Бірақ, көбіне бір немесе екі шағын типтерде орналасқан.
Бақылаушы көптеген мәліметтер ағынын өзгерту операциясын айналысады. Жолшалардың ұзындықтары бірде болмағандақтан, әр жолшаға әр кезде жазу керек. Иемді дискілермен салыстырғанда бұл өте тығыз жазылатын ақпарат иелеріне қиындықтар туғызады. Әдетте, жай бақылаушылар әр жолшаларға оның ұзындығына қарамастан бірдей мәлімет жазады. Бұл үшін бақылаушы белгілі бір жолшадан бастап мәліметтерді тығыз жинастырады.
Мәліметтердің ең тығыз цилиндр бастапқы компенсация цилиндрі деп аталады. Оқыған кезде мәліметтердің бұрмалануына компенсациялау үшін мәліметтерді жазу бұрмалауды есепке алатын биттерді алдын ала орнынн жылдытумен жүргізіледі. Көптеген тауар өндірушілер ішкі және сыртқы жолшыларға секторлардың әр түрлі көлемін жазатын құрылғылар жасайды. Бұл бағдарлама мен тұтынушыдан құрылғының физикалық сипаттамаларын оның бақылаушысы мен интерфэйсі деңгейінде аппаратты түрде жасалу арасында мүмкін болады. Сондықтан жинақтаушыларда әдетте цилиндрдің әр түрлі физиалық және логикалық саны болады.
Сонымен қатар тарихи себептерге байланысты BIOS арқылы қатаң магнитті дискідегі жинақтаушылармен жұмыс сітейтін көптеген операциялық жүйелер 1024 – тен көп цилиндрден жұмыс істей алмайтында етіп жасалған. Қазіргі кезде үлкен өлемде жинақтаушыларда 1024 – тен көп физикалдық цилиндр болғандықтан, 1024 – тен көп емес цилиндрі, бірақ шамадан тыс головкалары, беттері, секторлары қолданылады. Секторларға жазылатын мәліметтер оқу – жазудың кейбір қателерден есептеу, сонымен бірге қателерді бақылау коды – бақылау схемасы көмегімен қорғалады. Баттарды дискіге жазғанда адаптер кіретін мәліметтерде циклді бөлу арқылы арнаы полиномға жинайды. Ал бөлгеннен кейін қалдық мәліметтерден бірге бақылаушымен жазылады.
Лекция 11. Процессорлар. Арифметикалық процессорлар құрылымы. Негізгі компоненттернің мәліметтерді өңдеу үстіндегі әрекеттері. Аналық тақша.
Процессор мен аналық платаны жөндеу.
Плата тіктөртбұрышты пластина және ол жадының, процессордың т.б. компьютер бөліктерінің микросхемаларын біріктіретін арнайы разъемдар мен электр тізбектерін монтаждау үшін қолданылады. Компьютер құрамында орындайтын қызметтеріне қарай бірнеше платалар бар. Олар: аналық плата, дыбыстық плата, бейне рлата. Компьютердің өнімділігі процессордың жұмыс істеуімен chipset құрамына сонымен қатар ДК – дің байланыстары мен жүйелеріне тәуелді жұмыс істейді. Компьютердің өнімді жұмыс істеуі ең алдымен аналық платаның мүмкіндіктеріне байланысты болады. Яғни жүйелік плата процессорды байланыстырушы электрондықкомпоненттерге тәуелді жұмыс істейді. Аналық плата күрделі көп функционалдық элементтерден тұратындықтан процессорды пайдалану маңызды роль атқарады. Компьютердің негізгі интегралдық схемалары аналық платада орналасады. Аналық плата компьютердің компьютердің негізгі платасы болғандықтан осылайша аналық платасы деп аталады. Аналық плата компьютердің негізгі құрылғыларын – орталық процессор, оперативті жады модульдерін жалғастыру үшін қажет. Осы аталған құрылғылар компьютерлер моделімен негізгі тахникалық характеристиаларын анықтайды. Платаның жұмыс істеуі процессордың қоректену кернеуі, тактілік жиілігіне және бейне режимнің жұмысына байланысты болады. Платаның орналасуы ондағы сәйкес перемычкалардың санына setup жүйесінің параметрлерін жүктеуге баланысты болады. Платаның элементтеріне мыналар жатады:
1. Бейне адаптер
2. Қатты дискінің, яғни винчестердің контроллерлері
3. Түрлі порттардың контроллерлері
Мұнан басқа аналық палатада бірнеше стандартты разъемдар болып, оған компьютердің басқа да құрылғылары магниттік дискілерді, дисплелерді, клавиатураны қосып, аналық платаның ақпараттық бөлігін, яғни конфигурациясын құрыстыруға болады. Компьютер конфигурациясы оны орындайтын аналық платаға байланысты болады.
Аналық платаның негізгі характеристикалары.
1. Таңдалған платаға орналастырлыған процессордың жұмыс істеуі әр процессор өзінің параметрлеріне байланысты жұмыс істейді. Оның ішінде маңыздысы ішкі және сыртқы тактілік жиілік және қоректену кернеуі. Аналық платаны таңдағанда оның жұмыс істейй алатын процессордың білу қажет. Барлық аналық платалар intel фирмасының процессорларымен үйлесімді жұмыс істейді. Соңғы кезде Pentium процессорларына MMX технологиясымен шығарған платалар пайдаланылады.
2. Chipset қазіргі кезде түрлі чиптерді пайдалануға пайдаланылады. Оларды пайдалану аналық платаның өнімділігін және функционалды мүмкіндіктерін жоғарылатуға әсер етеді.
3. Шиналар. Бағдарлама орындалуы оперативті жадыға байланысты болады. Процессор оперативті жадыдан бағдарлама командасын таңдап, берілгендерді өңдеп, олардың нәтижесін жадыға жазып қояды. Барлық осы мәліметтің мәліметтің берілуі процессормен оперативті жадыда сымдар арқылы жалғастырылады. Әрбір сым арқылы ток бір бит мәлімет беруге болады. Мәліметтердің дұрыс берілуі, арнайы электрондық схемалар арқылы бақыланып отырады. Ақпараттың дұрыс берілуін реттейтін сымдардан, электронды схемалардан тұратын комплексті магистраль немесе жүйелік шина деп аталады. Байттардың адрестері жүргізілетін магистральдың бір бөлігі туралы айтқанда адрестік шина термині қолданылады. Ал берілгендер байттары орналасқан шиналар берілгендер шинасы деп аталады. Шинадағы сымдардың санын оның разрядтылығы деп атайды. Адрестік шинаның разрядтылығы берілген компьютердің оперативті жадының ең жоғарғы мәнімен анықталады. Шина арқылы процессор мен оперативті жадымен қоса дискілер, клавиатура, дисплейді де жалғастыруға болады. Бұл үшін шиналарда сол құрылғы жалғасатын стандартты разъемдар орналасады. Шинаның стандартты разъемдерін порттар деп атайды.
4. Жүйелік блок. Қоректену блогымен қосалқы құрылғыларды ортақ корпусқа біріктіріп оны жүйелік блок деп атайды. Корпусының орналасуына байланысты жүйелік блок 3 бөлінеді:
1) Вертикальды
2) Горизонтальды
3) Столға қойылатын
Жүйелік блоктың ішінде орналасатын барлық құрылғыларды ішкі құрылғылар деп атайды. Ішкі құрылғыларға аналық плата, процессор, оперативті жад, қатқыл диск, видеоадаптер, дыбыстық адаптер, желілік карта, компакт дискілерді оқитын CD-ROM немесе DVD-ROM құрылғысы, 3,5-дюймдік дискетаны оқитын дискжетек (floppy) және процессорды сыртқы құрылғылармен байланыстыратын әр түрлі коммуникациялық порттар жатады.
Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.
Чипсет |
Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғыларменбайланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.
Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:
жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді
енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.
Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.
Микропроцессор |
Процессор, дәлірек айтсақ микропроцессор – дербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық бағдарламалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады. Қазіргі кездегі процессорларда кремнийдің өте кішкене кристалында ойып жасалған миллиондаған транзисторлар бар. Оның өлшемі қолдың үлкен саусағының тырнағындай-ақ. Процессордың негізгі сипаттамасы – оның тактілік жиілігі. Тактілік жиілік мегагерцпен және гигагерцпен өлшенеді. 1 мегагерц - процессор секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз. Микропроцессордағы транзисторлардың саны неғұрлым көп болған сайын оның тактілік жиілігі, сәйкесінше оның жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Мысалға, қазіргі ең танымал процессорлардың бірі Pentium 4 процессорында 42 миллион транзистор орналасады.
Сипаттамасы | Pentium II | Pentium III | Pentium 4 |
Транзисторлардың саны | 7.5 млн. | 9.5 млн. | 42 млн. |
Тактілік жиілігі | 0.45 ГГц | 1 ГГц | 1.4 ГГц және одан жоғары |
Компьютер жұмыс істеп тұрған кезде процессор оперативті жадпен бірігіп үздіксіз жұмыс істейді. Оперативті жадтың микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді. Компьютерлердің көбінде процессор (ең кішкене бөліктерінің бірі) ең қымбат құрауыштарының бірі болып табылады. Қазіргі жүйелердегі процессордың құны ол өзі орнатылған аналық платаның құнынан екі, тіпті он есе де қымбат болуы мүмкін.
Оперативті жад |
Оперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді. Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама (немесе деректер файлы) жадтың өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадтың көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде қолданылатын барлық деректер мен командаларды оперативті жадты қолданбай-ақ неге қатқыл дискінің өзінде сақтамасқа деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл мүмкін емес, өйткені процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадтың ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады.
Қатқыл диск |
Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерде 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады.
Қатқыл дискіге «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың сүйікті мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.
Қатқыл дискінің «қатқыл» деген атауына қарамастан, бұл құрылғы аса күтімді қажет етеді. Қатқыл дискіні қатты соққылардан, вибрациядан, магниттік өрістерден және суық пен ыстықтан қорғау қажет. Қатқыл дискіні басқа жерге тасымалдағанда аса ұқыпты, абай болу қажет.
Микропроцессор үлгілері.
ДК – дің типі онда орнасласқан микропроцессордың үлгілерімен анықталады. Алғашқыда шығарылған 80 – 86, 80 – 88 номерлі IBM PC компьютерінде Intel фирмасы шығарған 16 разрядты микропроцессорлер пайдаланылады. Олардың адрестік шинамен интерфэйсі 20 разрядты, оперативті есте сақтау құрылғысының көлемі 1 Мб болған. Оперативті есте сақтау құрылғысы арифметикалық, логикалық операцияларды орындау алдында берілгендер мен бағдарламалар уақытша сақталатын ішкі жадының негізгі бөлігін жедел жады деп атайды. Оперативті есте сақтау құрылғысының көлемі адрестік шинаның разрядына байланысты анықталады. Компьютер жұмысының жылдамдығы үшін электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынады. Импульс көзі ретінде түрлі сигналдар үзілістерді ұйымдастырушы микросхемадан тұратын импульс генераторы алынады. Оперативті есте сақтау құрылғысының үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуі үшін жадының 2 пайдалану режимі қолданылады. 1. Динамикалық тәсіл. 2. Виртуальды тәсіл. Динамикалық тәсіл кезінде жоғарғы жадының бір бөлігінде 64 кб-қ немесе одан да үлкен бағдарлама бөліктерін кезегімен орындап, орындау аяқталған осң бөлінген орынды автоматты түрде тазалап қояды. Виртуальды тәсілмен құрылған жады арнайы бағдарламалар бойынша ішкі жадының кейбір бөліктерін және пайдаланатын кезінде шешілетін есепке тиісті берілгендер дискіде сақталып тұрады да, олардың қажеттілерін оперативті есте сақтау құрылғысына кезекпен енгізіп отырады.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3994;