Лекция 16 3 страница

Касперский антивирусы – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтін – мәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын бастау бас мәзіріне үстеді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүенің жүелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламалардың белгішесі пада болады. Касперский антивирусының көмегімен жергілікті, иілгіш, ықшам дискілерде вирустардың бар – жоғын тексеруге болады. Касперский антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған жұқтырмағанына толық тексеру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Касперский антивирусы. Вирусқа қарсы бағдарламасын ашу.

2. Қорғаныс қосымшасын таңдау

3. Менің компьютерімді тексеру дегенді басу

4. Тексеру нәтижелерін жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар жоғын көрсетеді.

5. Содан кейін касперский антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.

 

 

 

Лекция 4. Монитор. Мониторға видеокарта таңдау. Монитор экранындағы бейнелердің дұрыс шығарылуын қамтамасыз ету.

Монитор немесе дербес ЭВМ-нің міндетті түрде қажетті қосалқы құрылғысы. Ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплей монохромды және түрлі-түсті, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді. ЭВМ-нің экранда мәлімет көрсетуі 2 бөліктен тұрады.

1. Монитор

2. Адаптер

Адаптер – ЭВМ-нің қорабының ішінде орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды-сәулелі түтікше орналасады, ал адаптерде бейнелеу сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Электрондық сәуле экранда секундтың 1/50 бөлігінде жүріп өткендіктен экранда бір бейне сигшналы бірнеше рет қайталанып, беріліп отырады. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтайтын бейне жады орналасады. Символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан 25 қатар мәліметтерді орналастыруға болады., ал графиктік режимде экранның бейнелеу қабілеті адаптер платасын жүйелік блокпен байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады. Экрандағы бейне көріністің сапасы графиктің, адаптердің типіне байланысты болады. Оның мынадай 4 түрі бар:

1. MDA – Monrhirome Display Adapter

2. CGA – Color Graphics Adapter

3. EGA – Enhanced Graphics Adapter

4. VGA – Video Graphics Array

Соңғы кезде көп пайдаланылатын бейне адаптер SVGA – Super Video Graphics Array. Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графиі тік режимінде экранда көрсете алатын нүктелер (пиксельдер) санына байланысты болады. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті монитор вертикаль бағытта 348, ал горизонталь бағытта 720 нүктені көрсете алады. Адаптер стандартты түрлі-түсті монитордағы түстер жиынын анықтайды. Олардың үлгілері бойынша экран сыйымдылығы мына таблицада көрсетілген.

 

Бейне адаптер үлгілері Экран сыйымдылығы
Мәтіндік режим Графиктік режим
MDA CGA EGA VGA 80*25,2 түс 80*25,16 түс 80*25,16 түс 80*25,16 тс ------ 320*200,4 түс 640*200,16 түс 640*480,16 түс

 

Берілгендерді экранға шығару жылдамдығын арттыру үшін жоғарғы жылдамдықты шиналар қолданады. Бұл жиналар берілгендерді өткізу жылдамдығын және басқарушы сигналдардың жылдамдықтарын арттыру қажет. Мұндай шиналар ретінде VLB және PCI шиналары қолданылады. Егер бейнеадаптер EISA шинасымен жұмыс істейтін болса, онда графиктік бейнелер мониторға үлкен жылдамдықпен шығарылады. Бұл шина 32 разрядтан құралған, ал тактілік жиілігі 8 МГц-ті құрайды. VLB шинасы 32 разрядтан тұрады, ал тактілік жиілігі типтеріне байланысты 25,33,40 МГц-ты құрайды. PCI шинасы 32 разрядтан тұрады, тактілік жиілігі 33 МГц. ISA шинасы 16 разрядтан тұрады, тактілік жиілігі 8 МГц. Соңғы кезде пайдаланып жүрген бейнеадаптер үлгілері VGA, SVGA бейнеадаптерлері үшін MDA, SGA, EGA бейнеадаптерлерінің жұмыстарымен үйлесімді болады, яғни олардағы бағдарламаларды пайдалануға болады, ол ескі монитор. EGA контроллерлерді пайдалану барысында берілгендерді кодтау қажет. Берілгендерді кодтау 2 түрлі әдіспен жүргізіледі.

1. Параллель

2. Тізбектей

Параллель кодтау әдісі тізбектелген кодтау әдісіне қарағанда берілгендерді кодтауды жоғары жылдамдықпен жүргізеді. Монитордың бейнелерді шығару санасын арттыру үшін монитордағы түстер жинақтылығын олардың сызықты және бейнелердің бір қалыпты орналасуын реттейді. Монитор элементтерін пайдаланғанда олар электронды-сәулелі түтікше арқылы жіберіледі. Бұл түтікше магниттелуіне байланысты бейнелердің сапалы шығуына әсер етеді. Мониторды пайдалану реттейді көпшілік жағдайда бейнелердің горизонталь бойымен реттелуіне әсер етеді. Арзан тұратын монитор үшін теріс емес түтікшелер пайдалынады, яғни олар шеткі бейнелердің дұрыс көрсетілуіне әсер етеді.

 

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

ЭCТ (сол жақта) және сұйық кристалды (оң жақта) монитор

Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.

Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.

Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.

Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.

LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.

Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.

СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды. Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.

Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1 дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады.

Видеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.

Видеоадаптер

Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін. Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады. Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді.

Видеокартаның қосқышы жүйелік блоктың артқы тақтасына шығып тұрады. Осы қосқышқа монитор жалғанады.

Мониторлар және оларды жөндеу

 

Түрлі түсті бейнелерді көрсету үшін және оны экранға шығару үшін жоғары есептеу қуаттылығы қажет. Әсіресе қуаттылықтың жоғары болуы графиктік бейнелерді шығаруға қажет болады. Егер компьютердің жылдамдығы төмен болса, экранда бейнелер бөлектеніп шығарылатын суреттер жыпылықтап тұрады. Мониторда екі құраушы бөліктер қолданылады. Олар жүйелік блоктың аппараттық құрылғысы әр түрлі белгілердің арталдарында орналастырылады және бір омбинаторлық адаптерда, яғни дисплей адаптерында бірігеді. Компьютердің шинасында мониторды қосыға мүмкіндік беретін адаптерді бейне адаптер дап атайды. Бейне адаптер мониторға бенелер сигналдарын арнайы плата арқылы жүргізіледі. Мониторды қосуға мүмкінді беретін 2 түрлі болуы мүмкін: 1. Алфавиттік – цифрлық, 2. Графиктік. Графиктік адаптер бағдарламалау форматының графиктік және текстиік кескінде қызмет атқаратын компьютер шинасындағы элемент болып табылады. Бейне адаптердің өздері арнайы бене процессормен чипсеттен құралады. Сонымен қатар ішкі шина, арнайы BIOS және жадының буферлік элементтерінен тұрады. Бейне адаптердің бене жады көлемі 1,2,4, Мб болуы мүмкін. Бұл элементтер компьютерге бейнелер шығару мүмкіндіктерін ұлғайтады және түрлі – түсті графиктік бейнелерді шығаруға мүмкіндік береді. Берілгендерді шығару жылдамдығын ұлғайту үшін жоғары жылдамдықты шиналарды пайдалануға болады. Бұл берілгендерді жоғары жылдамдықпен және басқарушы сигналдар арқылы өткізуші локальды шиналар болуы мүмкін. Бейне адаптерді локальды шинаға қосу арқылы мониторға берілгендерді шығарудың жылдамдығын арттыруға болады. Жылдамдықты жоғаырылату үшін VLB және PCI локальды жүелік шинасы қолданылады. Компьютердің монитор экранының сапалы жұмыс істеуі экранда орналасқан жолдардыңжиілігіне байлансыты олады. Жолдың жиілігі дегеніміз – жолдың 1с – та шығаратын сандары. Жолдың экранда орналасуы бейнелердің шығу сапасына әсер етеді. Экранда бейнелердің шығарылуының 2 түрлі тәсілі болуы мүмкін:

1. Жолдық

2. Жол аралық

Монитор негізгі шығару құрылғысы болып есептеледі. Мониторға шығарылатын бейнелердің экранда дұрыс көрсетілуі мынадай элементтерге байланысты болады:

1. Жүйелік процессор

2. Жүйелік шина, олардың интерфэйсі және бейне плата

3. Бейне платадағы бейне жады

4. Бейне платадағы чиптер

5. Бейне платадағы цифрлық – аналогтық өзгерткіш

Бейне платаның негізгі міндеті процессордың ақпаратты алып, мониторға жіберу. Бағдарламадағы берілгендерді шығару үшін процессорға берілгендерді сақтап, оларды бейнеплатаға шығарады.

 

Лекция 5. Принтерлерді жөндеу.

Баспа құрылғысы.

 

Ақпараттың қағаз бетіне басылу қажеттілігін баспа құралдарының көптеген түрлерімен модификайиялауына алып келеді. Соның ішінде металл мен пластикадан құрылғаны: баспа машинкалары, матрицалық сия бүріккіш, лазерлік принтерлер және арнайы жіңішке принтерлер шығарылды.

Баспа машинасы – баспа құралының ең көп тарағаны баспа машинасы. Оны қолдану жеңіл, әрі қымбат металдарды қажет етпейді. Оның көмегімен тексті, тексті ақпаратты басуға болады. Механикалық баспа машинкаларында әрбір перне белгілі бір соңғы жағында сәйкес әріп болатын рычагпен байланысады. Пернені басқан кезде матрица бояйтын таспаға басылады. Ал таспадан қағазға басылады. Баспа машинкалардың ең үлкен кемшілігі – графикалық бейнелерді, түрлі өлшемді әріптерді баса алмайды. Ақпараттың шығу жылдамдығы жұмыс жасап отырған адамның жылдамдығына тәуелді. Қазіргі заманғы баспа машинкаларында терген тексті есте сақтау мүмкіндігі, осы тексті машинкада орналастырылған миниатюралық дисплейде редакциялау есте сақталған парақтардың типраждалуына мүмкіндігі бар. Баспа жылдамдығы минутына 240 белгіден кем болмайды.

Принтерлер – қағазға ақпаратты шығаруға арналған перифериялық құрылғы немесе пластикалық тасушы. Принтерлер баспа әдісіне байланысты 3 бөлінеді:

1. Матрицалық

2. Сия бүріккіш

3. Лазерлік

Құрылымы бойынша принтер бөлек құрылғы ретінде дайындалған қағаздар үшін жаймасы бар (қағазды қолмен беруге арналған қабылдауыш) және басқару пернелері болады. Принтерлердің барлық түрлерінде бір немесе бірнеше пернелері және принтер жағдайын көрсететін жарық индикаторлары: қағаздың болуы, таңдалған шрифт түрі, басқару панелі болады. Компьютерге принтер Atonics интерфэйсі бар арнайы кабель көмегімен жалғанады, принтерлердің жаңа модельдері USB интерфэйсімен жабдықталған сонымен қатар Note Book – ге арналған портативті принтерлер құжаттарды баспаға шығару үшін кабельсіз жалғанатын компьютерден 1,5 метр ара қашықтыққа дейін бола алаын инфрақызыл порты бар принтерлерді жатқызады.

Матрицалық принтерлер – ЭЕМ – гі ақпаратты қағаз бетіне шығаруға арналған құрылғылардың біріншісі болып табылады. Бұл принтерлердің артықшылығы кез келген қағазбен жұмыс істей алатындығы. Мұнда бір уақытта бірнеше өшірмені басып шығару мүмкіндігі болады және ол копирка – жіңішке брошюралар көмегімен орындалады. Матрицалық принтерлерде белгілерді қағазға түсіру әдісі өте қарапайым. Матрицалық принтер белгілерді принтер головкасында орналасқан бірнеше инелермен қалыптастырады. Оның негізгі элементі басып шығаратын головка, 7 – ден 48 – ге дейінгі тік орналасқан инелер, бояйтын таспаға соғылуына дейін электромагниттермен итерілетін шишкалар болады.

Принтердің маңызды сипаттамасына ине диаметріне мәндері милиметрдің 1/10 бөлігі, яғни 85 – 127 нүкте/дюймға дейін болады. Соңғы шыққандары 48 инелі матрицалық принтерлер. Онда 300 нүкте/дюймге дейін рұқсат берілген. Қағаз беру механикасы: мұнда қағаз бойы көмегімен тартылады, принтер иненің бұл таспаға соғуының әсерінен қағазға боялған із түседі.

Сия бүріккіш принтерлер – мұнда басылатын бояу ретінде сия пайдаланылады. Мұны арнайы құрылғы сопла деп аталады, яғни баспа головкасында бейнені қағазға қалыптайтын микротамшыларға лақтырады. Жұмыс істеу принципі: сия бүріккіш принтерлерде бейнелерді қалыптастыру үшін арнайы құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғылар арқылы қағазға сия беріледі. Шаштан жіңішке арнайы құрылғы микробөлшектер мияқты құрылғыдан тасымалдау материалына өтетін сұйық сиясы бар құты орналасқан. Сияны сақтау 2 әдіспен орындалады:

1. Принтер головкасы сиясы бар құрылымдық бөлігі болып табылады, сиясы бар патрон ауыстыру головка ауыстырумен байланысты

2. Компилярлар жүйесі арқылы принтер головкасын сиямен қамтамасыз ететін бөлек ауыспалы құты қолданылады.

Өндіруші фирмалар қағазға сияны жағудың түрлі әдістерін қоладанады.

 

 

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

1 2 3
1- матрицалық, 2- сия бүріккіш, 3- лазерлік принтерлер

 

Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де болады.

Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады.

Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып оған жабысады.

Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады.

Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан LED принтерлері біршама арзандау болып келеді.

Плоттер

Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару құрылғысы - плоттер қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат

 

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Планшетті(сол жақта) және қол сканері(оң жақта)

Сканерлердің негізгі екі түрі болады:

 - Қол сканері

 - Планшетті сканер

Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп шығу керек. Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады. Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады.

Модем немесе модемдік плата бір-бірінен алшақ орналасқан компьютерлерді телефон желісі арқылы өзара байланыстыру үшін қолданылады. Модем (екі сөздің қосындысынан шыққан модулятор/демодулятор) – телефон желісі арқылы сырттан келіп түскен аналогті сигналды сандық кодқа өзгерту үшін немесе осыған кері әрекетті орындау үшін қолданылатын құрылғы. Модемнің ақпаратты өткізу жылдамдығы Кбит/секундпен (қабылдау - 56 Кбит/c, жөнелту - 33 Кбит/c) өлшенеді.

 

Iшкі және сыртқы модемдер

Модемнің ішкі (жүйелік блоктың ішінде орналасады) және сырқы (жүйелік блоктан бөлекорналасып, онымен кабель арқылы байланысады) түрлері болады. Ішкі модемдерді бөлек сатып алудың қажеті жоқ, олар жүйелік блоктың ішінде, аналық плата орналасады. Бұл модемге келіп түскен барлық мәліметті арнайы драйвер немесе процессордың өзі өңдейді. Сондықтан жұмыс кезінде бұндай модемдер процессорға артық салмақ түсіреді және бұлардың бағдарламалық жабтықтамасы операциялық жүйеге тәуелді болады. Сыртқы модемдердің бағасы қымбат болғанымен, жұмыс істеу сенімділігі мен байланыс сапасы жоғары. Модемнің алдыңғы панелінде жұмыс режимі туралы мәлімет беріп отыратын жарық индикаторлары орналасады.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2504;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.03 сек.