МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТҮСІМІ ЖӘНЕ ШЫҒЫНЫ.

1). Мемлекеттік бюджеттің мәні, функциялары және рөлі.

2). Бюджеттік жүйе және оның құрылымы.

3). Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.

 

Мемлекеттік бюджеттің мәні, функциялары және рөлі.

Қазіргі жағдайдағы мемлекеттік қаржылардың рөлі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне ықпал ету, экономика­лық өсудің қарқынын ұстап тұру, шаруашылықтың шешуші салаларын дамыту, экономиканы құрылымдық қайта құру, ғылыми-техникалық пргресті (ҒТП) бюджет арқылы жеделдетуге ықпал етуден көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен кірістерінің не­­­гізгі бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Мемле­кет­тік бюджет үкіметтің басқаруында болатын, аса ірі орта­лық­­тандырылған ақша (кіріс) қоры болып саналады.

Кесте.

Мемлекеттік бюджет, ұлттық табысты (ҰТ) бөлу және қайта бөлу себептері бойынша мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары арасында қалыптасатын ақша қатынас­тарын көрсетеді. Оған кіретін ұйымдық құрылымдардың жиынтығы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және әкімшілік ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасқан бюджет жүйесін қалыптастырады.

Унитарлық құрылымды елдердегі бюджет жүйесінің құрылымы - мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұратын екі сатылы құрылымға ие, ал федералдық құрылым (АҚШ, ГФР, Ресей Федерациясы) - штаттардың, губерниялардың, аймақтардың, федерация субъектілерінің аралық буындарына ие.

Мемлекеттік бюджеттің көмегімен: салықтарды, бюджеттік дотацияларды, трансферттерді бөлу арқылы орталықтардың және аймақтардың жергілікті мүдделерін үйлестіру жүзеге асырылады. Бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саяси және әлеуметтік серпінін (динамикасын) көрсетеді.

Жергілікті бюджет - штаттардың, губерниялардың, аймақтардың, федерация субъектілерінің бюджеттері. Өндірістің күрделене түсуі мен ҒТП жеделдеуі, экономикалық дербестік арқылы нарықтық қатынастардың дамуымен жергілікті билік органдарының ықпалы артып және нығая түседі. Осылардың барлығы жергілікті бюджеттің маңызын, беделін және үлес салмағын күшейте түседі. Федералдық мемлекеттерде олардың үлесіне барлық бюджеттік ресурстардың 40-тан 50%-ке дейінгі үлесі келеді (унитарлық мемлекеттердегі оның үлесі 30%-тен аспайды).

Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджет көздері, шығыстары бойынша да бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарын келісім қағидалары негізінде бірлесе отырып шешеді. Саяси партиялар, қаржы-өнеркәсіп топтары, монополиялар, кәсіпкерлер одағы мен кәсіподақтар бұл мүдделерді таратушылар болып саналады.

Бюджетке сондай-ақ әр түрлі бюджеттік емес қорлар немесе мақсатты тағайындалған ақша қаражаттары жатады. Бұл - арнайы салықтардан, займдардан және бюджеттік субсидиялар есебінен құралатын зейнетақы қорлары. Экономикалық және әлеуметтік қатынастардың күрделене түсуіне байланысты олардың саны да өсе түсуде, мәселен, АҚШ бюджетіндегі олардың саны 800 қордан асып жығылады. Қазақстанның өтпелі экономикасында олардың саны мен маңызы да тура солай өсуде. (4. кестені қараңыз).

Кесте

Бюджеттік жүйе арқылы бюджеттің бөлу және бақылау қызметтері жүзеге асырылады.

Бөлу қызметтері әртүрлі түсу жолдары арқылы, яғни шаруашылықтарды, арнайы саясатты, ғылымның, мәдени­еттің, білімнің, ел қорғанысы мен мемлекеттік басқарудың дамуын қаржыландыру үшін, оларды қалыптастыру және пайдалану арқылы ақша қаражаттарын шоғырландыруды болжайды.

Бақылау қызметі – бұл мемлекеттің ақша қаражат­тарының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ету мен оларды мақсатты тағайындалуы бойынша пайдалану. Оны салық инспекциялары, қаржы полициясы, мемлекеттік қазына­шылық, орталық банкі және басқа органдар жүзеге асырады.

Бюджеттен тыс қорлар бюджет пен парламенттік бақылаудан өтіп, мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласу мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Кез келген мемлекеттің бюджеттік құрылымында кірістері мен шығыстары бойынша бюджеттің ішкі құрылымдары бөлініп көрсетіледі.

Мемлекеттік бюджетті меншікке, табыс пен еңбек­ақыға салық салу мәселелері бойынша жалданып жұмыс жасайтындар мен меншік иелері арасындағы; жалпы­мемлекеттік және жергілікті мүдделер арасындағы; салықтар мен бюджеттік дотацияларды бөлу мәселелері бойынша өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы аудандары арасындағы мәміле (компромисс) деп айтуға болады. Мұндай әрбір мәміле парламент қабырғалары мен баспасөз беттерінде саяси және сайлау алдындағы күреспен ілесіп жүреді.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1739;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.