Жартылай өткізгіштік туралы түсініктер

Жартылай өткізгіш материалдарының меншікті кедергісі 108...106 Ом.м аралығын қамтиды. Жартылай өткізгіштер басқа қатты кристалдық материалдардан өзінің электр өткізгіштігіне , кристалдардың энегиялық күйіне , электр қасиетінің температурадан тәуелділігінің сипатына қарай, сәуле шығару және басқа да сыртқы әсерлеріне қарай ажыратылады. Электрондық процестерді бақылай отырып, жартылай өткізгіш құралдардағы электр тоғын басқаруға болады.

Электр өткізгіштік –дегеніміз еркін электрондардың қозғалысы мен түсіндірілетін қатты денелердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл электрондарымыз кезінде атом ядросымен байланыстарды үзгендіктен осылай еркін қозғалыста болады. Сондықтан мұндай электрондар атомдар арасында еркін қозғала алады және басқа электрондармен ядролармен және электр өрісімен әсерлеседі. Электр өткізгіштігіне қарай барлық заттар шартты түрде өткізгіштер, жартылай өткізгіштер және диэлектриктер деп бөлінеді. Өткізгіштердің (металдардың) электр өткізгіштігі σ=107÷103См.м-1 , жартылай өткізгіштік σ=103÷10-8См.м-1, диэлектириктік - σ=10-8÷10-15См.м-1 . Жартылай өткізгіштік материалдар меншікті және қоспалы деп бөлінеді.

Меншікті жартылай өткізгіштер деп, олардың электр өткізгіштеріне ықпалы болатын, қоспалары жоқ, жартылай өткізгіштерді айтады. Оларға Д.И.Менделеев кестесінің төртінші тобындағы көптеген элементтер жатады. Кристалдарды бұл элементтердің әрбір көрші екі атомы валенттік екі электрондармен біріккен; мұндай байланыс қос электрондық немесе коваленттік байланыс деп аталады.

Қоспалы жартылай өткізгіштердіңэлектр өткізгіштіктері электрондық немесе тесіктік электр өткізгіштігі айқын байқалатын қоспалармен анықталады. Кристал жартылай өткізгіштіктің электр өткізгіштігінің тиімді болу себебі оның басқа түрлі валентті элементтердің болуымен түсіндіріледі. Басы артық еркін электрондар беретін, төрттен жоғары валенттілігі бар қоспаларды донорлық деп атайды. Тесіктердің санын көбейтетін, басы артық тесікте беретін төрттен төмен валенттілігі бар қоспаларды акцепторлық деп атайды. Кремний кристалының бір атомы бес валентті мышьяктың (As) атомы мен ауыстыру схемасы келтірілген.

Тесіктік элекрт өткізгіштігі(р-түріндегі) алу үшін жартылай өткізгіштің құрамына үш валентті элементтер- бор, алюминий, индий және т.б. ендіріледі. Қоспалы жартылай өткізгіштің тесікті электр өткізгіштік механизімі көрсетілген. Шартты түрде, кремний торы және үш валентті бор атомы бейнеленген. Бор атомының үш валенттік электрондары көршісінің төрт валенттігімен байланыс жасауға жеткіліксіз. Сондықтан байланыстың біреуі жарақталмаған болып шығады және ол электронды өзіне тартып алуына мүмкіншілігі бар орынға айналады. Осы орынға көршіден бір электрон көшкендіктен байланыста тұрған көрші кремний атомдардың қос электронының бірінің орны басып, тесік пайда болады. Бұл тесік ендігі жерде кристалда көшіп жүреді. Ал қоспаның атомы қозғалмайтын теріс ионға айналады.

Жартылай өткізгіштердің зоналық үлгісі.Меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштердің электрондық процестерін олардың энегиялық күйлерінің диаграммасы арқылы талғаған жөн.

Алғаш рет жұмыс жасайтын транзисторды Bell фирмасының зертқанасында 1948 ж. Джон Бардин, Уолтер Браттейн және Уильям Шокли жасап шығарды. Электрондық шамдардан артықшылығы жағынан электрондық байланыс құралдар обылысында төңкеріс жасады және есінің көлемі үлкен тез есептегіш электронды –есептеу машиналарында кеңінен қолдануды жүзеге асырды. Транзистордың ең танымал артықшылығы: оның көлемінің аздығы; кернеудің азғана мәнінде жұмыс жасағанда, үлкен қомақты қоректендіру көзін тілемеуі; оның қыздырушы катодының жоқтығы (катодты қыздыруға және жылуды әкетуге уақыт қажет) және ол бір бит ақпаратқа есептегенде аз санды энергия жұмсайтындығы. Қайсыбір сараптамаладың қортындысына қарағанда, бұл энергияның (транзистордың жұмсайтыны) шамасы, мидың нейрондарының пайдаланатын энергиясымен пара-пар екен.

 








Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 11288;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.