Электр өлшеу құралдары
Электр өлшеудің түрлері және әдістері туралы жалпы түсінік
Электрлік қондырғылардың қалыпты жұмыс жасауын жүйелі түрде бақылаусыз қалдыру мүмкін емес.Барлық электрлік және магниттік шамалар электр өлшеу объектілеріне жатады,олар:тоқ,кернеу,қуат,энергия,магнит ағыны және т.б.
Электр өлшеу құрылғылары электрлік емес шамаларды(темп,қысым және т.б.)өлшеу үшін де кеңінен пайдаланылады.Өлшеудің мұндай әдістері электрлік емес шамдарды электрлік өлшеу деген атпен белгілі.Өлшеудің электрлік әдістеріне қолдану өлшеу нәтижелерін алыс қашықтыққа салыстырмалы түрде оңай беруге,машиналары мен аппараттарды басқаруға өлшенетін шамалармен автоматты түреде математикалық жолымен амалдар орындауға,процесстерді бақылау жолдарын жүзеге асыруға және т.б. мүмкіндік туады.
Құрылғылардың есептеу түріне қарап,оларды аналогты және цифрлық құралдар деп бөледі.Есептік құрылғы орналасқан қозғалмалы бөлікке аналогтік құралдардың өлшенетін немесе оған пропорционал шамасы тікелей әсер етеді.Ал цифрлы құралдарда қозғалмалы бөлік жоқ,өлшенетін немесе оған пропорционал шама,сандық баламаны түрлендіреді.Микропроцессорлар өлшеу құралдарының өтімділігін және дәлдігін мейлінше жоғарлатып,қондырғыларын өңдеуде оларға қосымша функциялық рөл береді.
Күрделі объектілерді зерттеуде автоматты өлшеу жүйелері қолданылады.Бұл жүйелер датчиктер,өлшейтін және тіркейтін құралдар,құрылғы және оның түйіндестері және басқарудың жиындарынан тұрады.
Қазіргі таңда осы заманғы өндірістің қай саласын алмасақ та,оларды өлшеу жұмыстарынсыз көзге елестету қиын.
Өлшеу-бұл арнайы техникалық құралдың көмегімен физикалық шаманың мәні тәжірибе жүзінде анықтау.Өлшеуді жүргізуге мүмкіндік беретін құрылғыны өлшеу құралы деп атайды.Өлшеу процессін ең оңай жүргізуге мүмкіндік беретін электр өлшеу құралдары аса маңызды рөл атқарады.
Өлшеу нәтижелерінің алынуына қарай өлшеулер тікелей және жанама болып бөлінеді.Өлшеудің тікелей түріне өлшенетін шаманы тікелей құралдың көрсетуі бойынша анықтайды(мысалы тоқты амперметрмен,кернеуді вольтметрмен,электр энергиясын-санағышпен өлшеу).
Жанама өлшеу оның нәтижесі өрнектер арқылы анықталады.Ол өрнекке кіретін шамалардың мәндері тікелей өлшеу арқылы алынады(вольтметр және амперметр арқылы электр кедергіс
ін өлшеу-әуелі кернеу мен тоқ өлшенеді,сонан соң Ом заңы бойынша кедергіні есептейді).
Электр өлшеу әдісінің негізінен екі түрі бар:тікелей бағалау және салыстыру.
Тікелей бағалау әдісінде өлшенетін шама құралдардың көрсетуінен тікелей алынады.Құралдың шкаласы оны заводта дайындау кезінде эталондық құралдардың өлшеу бірліктеріне сай градуирлейді.Мысалы ретінде,вольтметрмен,амперметрмен,фазаметрмен,ваттметрмен және т.б. өлшеулер жүргізуді алуға болады.
Бұл әдістің негізгі артықшылығы өлшеудің қарапайымдылығы және оған уақыттың аз кетуі.
Салыстырып өлшеу әдісінде,өлшенетін шама эталондық үлгімен немесе жұмысшы өлшемімен салыстырылады.Өлшеу дәлдігі едәуір жоғары,бірақ өлшеулер күрделігі жоғарлай түседі.
Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 17064;