Лшеудегі кателіктері
Өлшеу құралдарына дайындауға технологиялық жетілмегендік және әр түрлі сыртқы факторлардың әсері,қандай да болмасын,өлшеу процессінде өлшеудің абсолюттік қатесі дельта деген қателіктердің пайда болуына жол береді. Құралдың көрсетуі X шамасы мен өлшенетін нақты мәні Xo шамасының айырымы өлшеу құралының абсолют қатесін береді.
Абсолюттік қатенің өлшенетін шааның өлшеміндей өлшемі болады,демек ол өлшеулердің әр түрлі тәсілдері мен әдістерінің әдістемелік сипатын салыстыруға мүмкіндік бермийды. Сондықтан өлшеу процесіне қатенің салыстырмалы және келтірілген деп аталатын өлшемсіз түрін пайдалануға тура келеді.
Өлшеудің салыстырмалы қатесі б деп,өлшенетін шаманың абсолют қатесінің оның нақты мәніне қатысын айтады. Салыстырмалы қатені пайызбен өрнектейді.
Жүйелі қате: тұрақты болып қалады немесе ол беогілі бір зандылықпен өзгереді. Ол есепке алынуға тиісті кейбір факторлардын ықпалынан пайда болады. Мысалы,оларға температура электромагниттік өріс,радиация,құралдарын жетілдірілмегендігі және т.б жатады.
Кездейсоқ қате: ескеруге болимайтын факторларды салдарынан туатын кездейсоқ заңдылықтардан пайда болады. Мұндай қатені болдырмау үшін бірнеше рет өлшеу жұмыстарын жүргізіп нәтижесіне статистикалық әдісті пайдалану қажет.
Құралды пайдаланумен байланысты негізгі және қосымша қателер деп аталатын ұғымдар ендіріледі.
Негізгі қате: құжатта көрсетіледі,ол құралда қалыпты жағдайда пайдалану кезінде пайда болады.
Қосымша қате: құралды қалыпты жағдайда пайдаланудан аутқыган кезде байкалады.
Пайызбен өрнектелген қатенің мәні (қараңыз: 6.3) құралдың дәлдік класын анықтайды. Бұл мәнді электр өлшеу құралдарды үшін тағайындалған келесі сандардан дейін дөңгелектенеді: 0.05; 0.1; 1.0 ;1.5; 2.5; 4.0
Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 2796;