Электр өлшеу құралдарының негізгі сипаттамалары

Өлшеу құралдары белгілі бір сипаттамалармен анықталады,атап айтқанда олар:қателік,сезгіштік,өлшеу диапазоны,тұтыну қуаты.

Құралдың қателігі оның дәлдік класымен анықталады.Құралдың сезгіштігі S деп,өлшеу көрсеткіштігінің орын ауыстыру өсімшесі Δα-ның өлшенетін шаманың өсімшесіне қатысын айтады(S=Δα/ΔX).Егер құралдың шкаласының бөліктері бірдей болса,онда S=a/X.

Сезгіштіктің кері шамасы құрал шкаласының бөліну құны деп атайды (с=1/S).

Өлшеу диапазоны-Х шамасының өлшенетін мәнінің облысындағы құралдың қателігі,дәлдік класына жатқызылады.

Тұтыну қуаты-құралдың қажетті өлшеулерді жүргізу үшін тұтынатын қуаты.Тұтыну қуаты неғұрлым аз болса,соғұрлым құралдың сапасы жоғары болады.

Электр өлшеу құралдарының классификациялары және олардың электр энергиясының өзіне жұмсалулары

Электр өлшеу құралдары зерттеу және қолдану ыңғайына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификацияланады.

Барлық құралдар дәлдік класына қарай бөлінеді.Дәлдік класы құралдың циферблатында көрсетіледі.

Өлшенетін шамалардың түрлеріне қарай электр өлшеу құралдары электрлік (кернеу,ток,қуат,кедергі т.б) және электрлік емес (темп. Қысым, ылғалдылық т.б.)шамаларды өлшейтін құралдар деп бөлінеді.

Өлшенетін шаманы көрсетілу тәсіліне қарай құралдар аналогті және цифрлық деп бөлінеді.Аналогтік құралдардың шкаласы және тілі болады,ол үздіксіз келетін электр сигналдарын өлшейді.Цифрлық құралдар үздіксіз сигналды өлшеп оларды уақыт импульсіне айналдырып,сонан соң ол цифрлық құрылғымен саналынады.

Токтардың түрлеріне қарай тұрақты токтың,айнымалы токтың және құрастырылған өлшеу құралдары деп бөлінеді.

Өлшеу процесіне құралдардаың орналасуы да әсерін тигізетін болғандықтан,құралдың цифрблатына арнайы белгілер қойылады.Құралдың цифрблатына оны пайдалануды жеңілдету үшін негізгі сипаттамаларын шартты белгілер арқылы түсіреді.

 

 

Құралдың аталуы Шартты белгі
Қозғалмалы рамкалы магнитоэлектрлік  
Қозғалмалы рамкалы логометр      
Қозғалмалы рамкалы магнитоэлектрлік  

 

Электромагниттік      
Электромагниттік логометр  
Электродинамикалық  
Электродинамикалық логометр  
Ферродинамикалық  
Ферродинамикалық логометр  
Индукциялық  
Электростатикалық  
Дірілдеткіш  
Термоэлектрлік  
Магнитоэлектрлік өлшеу механизмді термоэлектрлік  
Магнитэлектрлік өлшеу механизмді түзеткіш  

 

 

Өлшеу құралы есептейтін тоқтың түрі және оның шартты белгілері төменгі кестеде берілген

 

Токтың түрі Шартты белгілері
Тұрақты
Айнымалы(бір фазалы жүйе)
Тұрақты және айнымалы
Үш фазалы жүйе (жалпы белгіленуі)
Үш фазалы жүйе (фаза жүктемелері симметриялы емес)
Шкаланың вертикаль жағдайы
Шкаланың горизанталь жағдайы
Изоляция 2 кВ кернеумен тексеріліген
Сыртқы магнит өрісінен қорғау
Сыртқы электр өрісінен қорғау
   

 








Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 6103;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.