Түрге байланысты иммунитет

Түрлік иммунитет дегеніміз – генетикалық бекітілген қабылдамаушылық, жеке бір түрді. Мысалы: адамдар ауыратын аурумен жануарлар мүлдем ауырмайды.

Жүре пайда болған иммунитет дегеніміз – адамның өмір сүру барысында пайда болады,ол ұрпаққа берілмейді.

  1. Табиғи жүре пайда болған иммунитет – бұл инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін дамиды. Қоздырғыштың түріне және ағзаның иммундық жүйесіне байланысты.

А) өмірлік (қызамық)

Б) ұзақ уақыт (бөртпе сүзегі)

В) қысқа уақыт (тұмау)

Инфекциялық (стерильді емес) иммунитет - жүре пайда болған иммунитеттің ерекше формасы, инфекциялық аурудан жазылған соң да инфекциялық агент ағзада кездеседі.

Жасанды жүре пайда болған иммунитет – вакцинация, серопрофилактика (сарысу енгізу) жүргізгеннен кейін дамиды.

1. активті жүре пайда болған иммунитет - өлі немесе әлсіреген микроорганизмдер және олардың антигендерімен иммунизация жасаған соң дамиды. Иммунизациядан соң 1-2 апта өткен соң иммунитет қалыптасады, кейбіреулері жыл, ондаған жылдар немесе өмір бойы сақталады.

2. пассивті жүре пайда болған иммунитет – дайын антидене енгізу, кейде сенсибилизирленген лимфоциттерді енгізеді. Бұл кезде иммундық жүйе пассивті түрде қалыптасады, иммундық жүйе керекті уақытынан кеш дамиды. Дайын антидене жануарлардан иммунизация жолымен алынады. Кейбір уақытта ағзаға дайын антидене енгізгенде кері әсерлері дамиды, сондықтан бұл препараттарды емдік мақсатта қолданады және жоспарлы иммунопрофилактикада қолданбайды.

Қазіргі уақытта антитоксиндер кең қолданылады. Антитоксиндер – микроорганизмдердің токсинін ыдыратады. Пассивті жүре пайда болған иммунитет – тез дамиды, препаратты енгізгеннен соң бірнеше сағаттан соң дамып және тез жойылады.

Инфекциялық агенттен ағзаның қорғаныш факторлары

1. туа пайда болған (конституциональді)

2. жүре пайда болған (индуцирленген)

Туа пайда болған иммунитет

1. механикалық

2. физико-химиялық

3. иммунобиологиялық

Механикалық барьер. Адам ағзасын патогенді агенттерден тері және кілегейлі қабат қорғайды. Көптеген қоздырғыштар адам ағзасына тері және кілегейлі қабаттағы мирожарақаттар немесе қан соратын жәндіктер арқылы енеді.

Физико-химиялық барьер. Әртүрлі терідегі бездердің бөлінділері. Кілегейлі қабатта ферменттердің секрециясы және антидене (лизоцим, сілекей, сурфактант).

Иммунобиологиялық барьер. Ішкі ағзалардың қорғаныштық қызметі – гуморальді және торшалыболып бөлінеді. Олардың негізгі қызметін комплемент және фагоцитирлеуші торшалар атқарады.

Комплемент.

Комплемент жүйесі – қан сарысуында кездесетін 26 ақуыз, қабыну процесінде гранулоциттер мен макрофагтар қатысады. Комплемент компоненттерінің негізгі механизмі – фагоцитозды қалыптастыру, микроорганизм клеткасының қабырғасының бүтіндігін бұзу және қабыну медиаторларының жауабын қалыптастыру.

Комплемент компонентінің активтелу жолы

1. классикалық жол

2. алтернативтік жол

Классикалық жолда комплементтің барлық 9 фрагциясы да қатысады (С1-С9), рет-ретімен.

Алтернативтік жолда антидене қатысуынсыз өтеді және қысқа жол. Грам теріс бактерияларға тән. Грам теріс бактериялардың торша қабырғасындағы липополисахаридтің пропердин системасы арқылы тікелей С3 фрагцияға әсер етеді.

 

Фагоцитирлеуші торшалар

Фагоциттер тек қана қорғаныш қызметі ғана емес, сонымен қатар дренажды қызмет атқарады (өлген бактерияларды жояды).

Фагоцитирлеуші торшалар – полиморфты-ядролы лейкоциттер және макрофагты-моноцитарлы жүйедегі (моноциттер, тіндік макрофагтар) торшалар атқарады.

Полиморфты – ядролық лейкоциттерде ядросы және көптеген ұсақ цитоплазматикалық грануласы болады (сондықтан оларды гранулоциттер деп атайды).

Боялуы бойынша 3 түрі бар: нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер.

Нейтрофильдер – жедел қабынуда пайда болатын негізгі торшалар, ересектерде олардың саны лейкоцитте көптеп кездеседі. Нейтрофильдердің негізгі бөлігі қанда 6-7 сағат циркуляция жасады. Қанда нейтрофильдер саны көбейсе қабыну реакциясы деп түсінеміз.

Эозинофильдер – глисті инвазия. Гистаминді бұзады.

Макрофаг және моноцит.

Макрофагтар қанда 2-4 күн жүреді, негізгі қызметі фиксирленген тіндік қорғаныш. Альвеоларлы және өкпелік макрофагтар (интерстициальді), бауыр макрофагы (фон Купффер торшасы), дәнекер тіні (гистиоциндер), бүйрек (мезангиальді клетка).

Фагоцитоз.

Фагоцитоз – микроорганизмдерді жұту және фагоциттерді бөлу процесі.

Фагоцитоз төрт сатыдан тұрады:

1. хемотаксис

2. адгезия

3. жұту

4. фагоцитарлық реакцияның аяқталуы

Хемотаксис – (грекше chemea – химия, toxis-мөлшерін келтіру) бөгде торшаны танып фагоциттердің соған қарай жылжуы.

Адгезия – фагоциттердің бөгде торшаға жабысуы

Жұту – бөгде торшаны жұтуы

Фагоцитарлы реакцияның аяқталуы – бактерия жойылады немесе бұзылады. Кейбір бактериялар лизосомальді ферменттердің әсеріне тұрақты келеді, сондықтан бактерия өлмейді. Бұл жағдайда аяқталмаған фагоцитоз дамиды.

Иммунологиялық ареактивтілік

Арнайы иммундық жауап беруі.

Антиген

Антиген – бөгде зат, ағзаға енгенде иммундық жауап тудырады.

Антигеннің ерекшелігі:

1. бөгделілік

2. жоғарғы молекулалық

3. арнайлылық – арнайы антигенге қарсы арнайы жауап пайда болады.

4. иммуногендік – иммунитет қалыптастыру қабілеті

5. антигендік – аз немесе көп антидене тудыру қабілеті

Антиген түрлері

1. толық антиген

а) антидене тудырады

б) дайын антиденемен байланысады

2. Гаптен немесе толық емес антиген – антигендік қасиеті бар, бірақ иммуногенділігі жоқ. Сондықтан оларды толық емес антигендер деп атайды.

 

Адьюванттар – бір мезгілде антиген немесе гаптенмен бірге енгізгенде иммундық жауаптудыруын күшейтеді.

Микробтардың антигендері

  1. О-соматикалық антиген – барлық микроорганизмдерде кездеседі.
  2. К-антиген (капсулалық)
  3. Н-антиген (талшықтардың антигені)

Антигенді анықтау арқылы нақты диагнозды қоюға болады.








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 5021;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.