Зақымдалу жолдары.

1. Ауа арқылы.

2. Фекалдық-оралды.қоздырғыш зәрмен немесе нәжіспен бөлініп шығады. Зақымдану инфицирленген азық-түлікті немесе суды қолданғанда жүреді.

3. Трансмиссивті, яғни қансорғыш талшықтылар шаққаны арқылы.

4. Әсерлесу – аурумен, реконвалесцентпен, бактериятасымалдаушымен тікелей қарым-қатынас немесе зақымданған заттар арқылы, яғни тікелей емес қатынас арқылы.

5. Жыныс қатынасымен.

6. Стерильденбеген медициналық жабдықтарды қолданғанда, мысалы, шприцтерді.

7. Вертикалды, яғни анадан плацента арқылы балаға туу кезінде немесе одан кейін.

Зақымдалу жолдарына қоздырғыштың ену жолының локализациясына байланысты, сондықтан ол аурудың дамуында маңызды роль атқарады, себебі қоздырғыштар организмге әр түрлі жолдар арқылы енеді. Мысалы, Y.pestis-пен жәндіктер арқылы берілсе, оба жеңіл түрде өтеді, ал ауамен жұқса ауыр формасы - өкпелік формасы жүреді. Сондай-ақ зақымдалу жолдарына қарай туляремияның да бірнеше формасы болады: бубонды немесе бубонды-жаралы (трансмиссивті жолмен зақымдағанда), көз-бубонды (көздің кілегейі арқыл), өкпелік (ауа арқылы).

Бірақ кейбір қоздырғыштар үшін, мысалы ЖИТС үшін зақымдалу жолына байланысты емес, барлық кезде ауру бірдей дәрежеде ауыр жүреді. Сондай-ақ кейбір қоздырғыштар үшін маңызды зақымдалу жолдары болады: ішек инфекцияларының қоздырғыштарына фекальді, тыныс аурулары үшін – ауа арқылы. Организмге енген қоздырғыштың таралуы әртүрлі болады. Сау адам қаны стерильді, яғни оның жоғары антимикробты қасиеттері болады. Бірақ барлық инфекционды процестер кезінде қанда қоздырғыштар, олардың токсиндері немесе қоздырғыш ыдырағанда түзілетін антигендер айналыс жасайды. Қан арқылы жиі қоздырғыштың организмге таралуы жүреді. Қоздырғыш пен оның антигендерінің қанға шығуы көп жағдайда лихорадкамен бірге жүреді.

Қоздырғыштың, токсиндердің, антигендердің қанға енуіне байланысты келесі түсініктер қалыптасты:

Антигенемия (антиген+ грек haima – қан) – қанда басқа антигендер және аутоантигендердің айналыс жасауы. Қанда берілген антигендерге антиденелер қалыптасса, айналыс жасаушы иммунды комплекс түзіледі – АЖИК (антиген+антидене). АЖИК арқылы антигендер организмнен шығарылады. Антигендер мен АЖИК әртүрлі серологиялық реакциялар арқылы да анықталады.

Бактериемия – қанда бактериялардың болуы, қоздырғыш қанға макроорганизмнің қалыпты кедергілері арқылы енгенде немесе ағза уланғанда пайда болады. Ол қоздырғыштың келесі ағзаға түсуін қамтамасыз етеді. Бактериемияның себебі болып: хирургиялық араласулар, травмалар, сәулелендіру салдарынан пайда болған аурулар, қатерлі ісіктер,аурулардың әртүрлі ауыр формалары, септикопиемиялар. Бактериялар қанда көбеймейді, тек қана айналымда жүреді. Бактериеимя ауру симптомы және оның бір стадиясы. Бактериемия диагнозы қоздырғыштың гемокультурасын шығару арқылы немесе лабораторлық жануарлардың қандарын зақымдау арқылы қойылады.

Вирусемия – қанда вирустар болғандағы организм жағдайы.

Сепсис, немесе қан шіруі (грек sepsis – шіру) – ірің ошағынан қанға қоздырғыштардың қайта-қайта түсуімен сипатталатын өткір немесе созылмалы ауру формасы. Сепсиске әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда ірің ошақтары түзілуі тән. Бактериемиядан айырмашылығы, қоздырғыш лимфа және қан айналым жүйелерінде таралады. Жиі жағдайда сепсис ірің ошақтарының жинақталуы болып табылады.Сепсис этиологиясы әртүрлі. Оның жиірек қоздырғыштары – стафилококктар, стрептококктар, Enterobacteriaceae, Pseudomonadaceae туыстастығындағы грам теріс бактериялар, шартты және әлсіз патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтар. Бірінші реттік ірің ошағының жинақталуына байланысты пуерперальді (босанғаннан кейінгі), отогенді, одентогенді, түсіктен кейінгі, перитонеальді, жаралық, күйіктік, ауыздық (стоматогендік), уросепсис және аурулардың басқа формалары.

Септикопиемия – организм интоксикациясымен қатар әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда метастатикалық ірің ошақтарының түзілуі.

Септицемия – метастатикалық ірің ошақтарының түзілуі жүрмей, қоздырғыштың таралу ортасы – тек қан мен лимфа.

Токсемия – қанында бактериальді эндотоксиндер болатын организм жағдайы. Эндотоксині (ЛПС) болатын грам теріс бактериялар тудырған аурулардың ауыр формаларында болады, мысалы: сальмонеллез, эшерихиоз, менингококктың және басқа инфекцияларда. Кей жағдайларда бактериемия мен сепсис қатар жүреді.

Токсинемия – қанында бактериальді экзотоксин немесе басқа токсин болатын организм жағдайы. Қанда қоздырғыш болмайды, ал токсин қан және жүйке жүйесі арқылы нысана-жасушаларға енеді. Қоздырғыштары экзотоксин өндіретін ауруларда байқалады (ботулизм, сіреспе, дифтерия, анаэробты инфекция және басқалар, сондықтан бұл аурулар токсинемиялық деп аталады). Патогенді микроорганизмдердің түрлері барлық органдар мен ұлпаларды зақымдай алады (патогенді стафилококктар,туберкулез қоздырғышы). Сондай-ақ органотроптылық тән, яғни белгілі ұлпаларды таңдамалы зақымдайтын қасиеті тән қоздырғыштар болады. Мысалы, туберкулез қоздырғышы өкпе ұлпасын зақымдайды, гонококктар уретраның кілегейі мен көз коньюктивасын, гепатит вирустары бауыр жасушаларын, грипп вирусы жоғары тыныс алу жолдарының кілегейін зақымдайды. Қоздырғыштардың органотроптылығы 3 жағдайға байланысты. Біріншіден, қоздырғыш пен экзотоксиндер үшін жасуша мембраналарында сәйкес рецепторлардың болуы. Екіншіден, белгілі бір жасушаларда көбею үшін оптимальді жағдайлар табатын микроорганизмдер метаболизміне байланысты. Үшіншіден, берілген ұлпада лизоцим, ингибин, интерферон сияқты қоздырғыш көбеюін тежейтін антимикробты заттардың болуы немесе болмауы. Қан, жұлын сұйықтығы, лимфоидты ұлпа пунктаты және инфекционды аурулардың бактериологиялық диагностикасы үшін материал болып табылады.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Инфекцияның пайда болуы және дамуы немен байланысты?

2. Инфекция дегеніміз не?

3. Адамға патогенді микроорганизмдердің жұғу жолдары?

4. Адамның зақымдалуының негізгі жолдары.

Тақырыбы: Иммунитет.Иммунитет түрлері мен формасы. Арнайы емес қорғаныш факторлары. Антигендер.

Иммунитет

Иммунология арнайы ғылым, иммунитеттің түзілуін зерттейтін ғылым. Жеке ғылым ретінде ХХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасты. Оған дейін иммунология микробиологияның және инфекциялық патологияның бір бөлігі болып келді.

Иммунитет – адам ағзасының инфекциялық агенттерді қабылдамауы.

Иммунитет 2 бөлінеді:

  1. жалпы
  2. жергілікті

Қорғаныштық қызметі ретінде микроорганизмдердің түріне байланысты әртүрлі антигендер бөледі. Осыған байланысты: антимикробты және антитоксикалық болып бөлінеді.

Иммунитет бөлінеді:

  1. туа пайда болған
  2. жүре пайда болған

Жергілікті иммунитет – патогенді әсерлерге кілегейлі қабат пен терінің жауап беруі. Жергілікті иммунитеттің негізгі механизмі – секреторлы антидене (Ig A) және фагоциттер атқарады.

Жалпы иммунитет – ағзадағы ішкі ағзалардың ұйымдасқан қорғаныш қызметі








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 2797;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.