Вакциналар типтері
«Вакцина» термині Дженнердің сиыр оспасымен классикалық жұмысы бір жылдығында Л.Пастер енгізген болатын. «Вакцина» термині барлық антигендерге қолданылады.
Вакцинаға бактериядан, вирустан және басқа микроорганизмдерден немесе өмір барысындағы қалдықтардан алынатын препараттар жатады. Оларды негізгі екі топқа бөлуге болады: белсенсіз вакциналар және тірі вакцина.
Вакциналардың мынадай типтері болады: тірі, өлі, компонентті, суббірлікті, рекомбинантты, синтетикалық олигопептидті, антиидиотипті, т.б.
Белсенсіз вакциналарды мына топтарға бөледі:
Тірі вакциналар егілген организмде ары қарай көбеюге қабілетті, инфекциялық ауру жұқтыруға қабілетсіз. Вакцина енгізілген ағзада вакциналық инфекция негізінде тұрақты иммунитет пайда болады. Вакцина штаммалары әртүрлі жолдармен алынады: аурулардан мутанттарды алу жолымен (Джерил Линнің қызылша вирусының штаммасы.; сыртқы ортадан вакциналық клондардың селекциясы арқылы (Сібір язвасы штаммы); ұзақ уақыт тәжірибелік жануарлар организмінде (сары қызбаның 17D вирусының штаммы).
Тірі вакцина енгізілгеннен кейінгі иммунитет белсенсіз вакцинаға қарағанда организмде ұзағырақ сақталады. Сондықтан қызылша, корлық вакциналардың бір тер негізгендегі иммунитеттің сақталу мерзімі 20 жылға дейін жетеді, ал сары қызба – 10, тулярия вакцинасынікі – 5 жылға ейін ғана.
Осының негізінде бірінші және кезекті екпелердің арасындағы интервалдар анықталады. Ал полиомиелит ауруынан толық иммунитетке ие болу үшін бірінші жылы үшвалентті тірі вакцинаны уү рет енгізеді, ал ревакцинацияны екінші, үшінші жылдакрында қайталанады.
Тірі белсенсіз вакциналарды көбінесе моно препарат ретінде қолданады. Біздің елімізде ассоциациялық препараттардың ішінен АКДС вакцинасы ғана шығарылады. Қалған ассоциациялық препараттар басқа шетелдерде шығарылады. Оған коклюш, дифтерия, соғыспа, полиомиелиттен, корь, эпидемиялық паротит, қызылша т. б.вакциналары жатады.
Корпускулярлы вакциналар –химиялық (формалин, спирт, фенол) немесе физикалық (жылу, ультрокүлгін шағылу) әсерлерден белсенсіздендірілген бактериялар мен вирустар жатады. Корпускулярлы вакциналарды даярлау үшін микроорганизмдердің вирулентті штаммдары қолданылады. Себебі олар антигедерге бай болып келеді. Корпускулярлы вакциналардың мысалы ретінде коклюш, (АКДС қосылысы), антирабтық, лептоспироздық, тұмаулық белсенсіз вакциналар, кене және жапон энцефалитінің , т.б. вакциналар қатары жатады.
Әлсіз вакциналар.Бұл вакциналардың өлі вакциналарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болады. Олар микроорганизмдердің антигендік жиынтығын толық сақтайды және де қабылдамаушылықты жағдайды ұзақ уақыт қалыптастырады. Тірі вакциналарды полиомиелит, туляремия, бруцеллез, корь, сары қызба, эпидемиялық паротиттің алдын алуы үшін қолданады. Кемшіліктері – организмге қажетті антегендерден басқа организмге зиянды да антигендер түзіледі.
Белсенсіз бактериялар және вирустық вакциналар құрғақ және сұйық түрде де шығарады. Ақырғысында консервант бар. Толық иммунитетті шығару үшін екікратты және үшкратты белсенсіз вакцина қажет. Дамып келе жатқан иммунитет аз өмір сүреді, оны биік деңгейде ұстап тұру үшін ревакцинация қажет.
Жақында анықталғандай, керек қозғыш антигенді кодтайтын өзгерген ДНҚ, пациенттің бұлшық етіне немесе теріге егуге болады.
Өлген вакциналар – ол вакциналық препараттар, құрамында тірі микроорганизмдер болмайды. Вакциналар құрамында толық микротар болуы мүмкін – чумаға, гриппке, полиомиелиттік Солкаға қарсы вакциналар, жәнеде бөлек компоненттер немесе иммуналогиялық белсенді фракциялар. Құрамындағы антигендерге байланысты бір қоздырғышты және көп қоздырғышты деп бөлеміз. Өлген вакциналар ережеге сай аз иммуногенді,тірі реактогендерге қарағанда, ағзаның сенсибилизациясын шақырады.
Компоненттік вакциналар басты антигенді компоненттерден тұрады, оларды протективный иммунитетпен қамтамасыз етеді. Олар :
- Клетка құрылысының компоненттері
- Анотоксины – токсикалық құрамынан айырылған, бірақ жоғары антигенді және иммуногенді сақтаған,құрамында модифицировалық химиялық жолмен экзотоксині бар препараттар. Ол препараттар антитоксиклық иммунитті өндіреді. Әсіресе дифтериялық және сіреспе анатоксиндері кең қолданылады. Химиялық жолмен алынған вакциналық препататтар – химиялық вакциналар деп аталады.
- Конъюгирлік вакциналар – азиммуногенді полисахаридтер және жоғарыиммуногенді анотоксиндер комплексі, мысалы: Haemophilus influenza антигенімен дифтериялық анатоксиндер қосындысы.
- Суббірлікті вакциналар. Гепатит В вирусына қарсы вакцинаны беткейлік ақуыз НВs-нан дайындайды. Қазіргі кезде бұл вакцинаны рекомбинанттық негіз ретінде қабылдайды – ашытқы клеткада плазмида көмегімен, НВs антигенін кодтайды.
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 4520;