НАУҚАСТАН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ МАТЕРИАЛ АЛУ ИНСТРУКЦИЯСЫ

Материал алғандағы негізгі принциптері:

Материал алынады-

· зақымдалған ошақтан.

· антибиотикотерапияның алдында.

· материалдың қоршаған ортамен қатынасын болдырмай.

ҚАН АЛУ.

Қанды науқастан төсекте жатқанда немесе таңу бөлмелерінде алады. Қанды екеулеп алған дұрыс. Медициналық қызметкер теріні тазалап және қан алады, екіншісі бұл уақытта ортасы бар флаконның пробкасын оттықтың жалынына жақындатып ұстап ашып, оны шприцтің алдына қояды, флаконның мойнын күйдіріп және жабамыз. Қан алынған венаның терісін 70 град. спиртпен тазалап, одан кейін 5% йод тұнбасы және спиртпен қайтадан тазалаймыз. Венепункцияны дезинфектант толық кепкен соң жасаймыз. Бактериологиялық зерттеу үшін ересектерден 10 мл кем емес, ал балалардан 5 мл кем емес қан алынуы керек. Қанды қызба кезеңінде, химиотерапея алдында немесе препарат енгізгеннен соң 12-24 сағаттан соң. Манипуляция асептиканы сақтай отырып жасалады.

ЛИКВОР

Ликворды люмбальді пункция жолымен алынады, кейде мидың шеткері мишығын пункциялайды. Ликворды алу – дәрігердің манипуляциясы. Пункциялау және материал алу асептика ережесін сақтай отырып жасалады, қызметкер маскамен жұмыс жасайды. Ликвордың алғашқы порциясы – жалпы ликворологиялық зерттеуге, екіншісі порциясы – бактериологиялық зерттеуге арналған, стерильді центрефужалық пробиркаға жинайды. Ликворды шприцпен пробикаға құйғанда инесіз құю керек, пробиркаларды дұрыс қолдану керек. Алынған материал лабораторияға тез жеткізілуі керек, болмаған жағдайда бірнеше сағат 370С температурада (жылы сулы грелка немесе термоста) сақтаймыз.

ЖОҒАРҒЫ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІНДІЛЕРІ

Мұрын қуысынан материалды стерильді құрғақ тампонның көмегімен аламыз, ал аңқадан ылғалды стерильді мақталы тампонмен аламыз. Мұрыннан және жұтқыншақтан әртүрлі тампондармен жұғын алады, жұтқыншақ пен миндалиннен материалды таңертең аш қарында немесе тамақтан соң 3-4 сағаттан кейін аламыз. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы және миндалиннен жұғын алғанда тампонды тілге, таңдайға, тіске тигізбеу керек.

ТӨМЕНГІ ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІНДІЛЕРІ

Науқастан қақырық алар алдында науқастың тісін тазалатып және қайнаған сумен аузын шайғызамыз. Ең маңыздысы болып қақырықтың таңертеңгі порциясы болып табылады. Қақырықты стерильді кең ауызды ыдысқа жинаймыз. Кішкентай балалар қақырық түсіре алмағандықтан, туберкулездің диагностикасы үшін олардан асқазан жуындысы зерттеледі. Исследование смывов из Бронх жұғынын зерттеу қақырық болмаған немесе аз болған жағдайда қолданылады. Бұл әдістің диагностикалық маңыздылығы төмен, себебі ол сумен араластырғанда микроб саны 10-100 есе төмендейді қақырыққа қарағанда. Бронхиальды жұғынды бронхоскопия кезінде алады. Бұл жағдайда бронхқа 5 мл артық физ. ерітінді құмауды ескертеді. Нақты нәтижені алу үшін материалды инфильтрат ошағынан немесе рентгенологиялық бақылау көмегімен абсцестен трансторокальді пункция жасау арқылы аламыз.

ЗӘР.

Стерильді ыдысқа бос түскен ортаңғы порциясынан 3-5 мл көлемінде зәр алынады. Материал алар алдында науқас жыныс ағзасын жақсылап жуады. ДДҰ-ның эксперттері әйелдер мен еркектерде зәрді алудың келесі инструкциясын ұсынады:

· Қолды жақсылап жуу;

· Жыныс мүшесін шығарып аздаған порциясын жібереді.

· Зәр шығаруды қоямыз және зәрді контейнерге жібереміз.

· Контейнерді жабамыз және лабораторияға тапсырамыз.

ӘЙЕЛДЕРГЕ:

· Қолды жақсылап жуу;Стерилді марля салфетка қолданып, жылы сабынды сумен, жоғарыдан төмен қарай жыныс мүшесін жуады.

· Жыныс мүшесін қайтадан жуып, стерильді салфеткамен сүртеміз. Барлық процедура барысында жыныс мүшесін қолмен ұстамау керек.

· Бірінші порциясын жібергеннен кейін, қалғанын стерилді контейнерге жібереді.

· Контейнерді жабамыз және лабораторияға тапсырамыз.

 

 

Стафилококктар

 

Ең алғашқы рет стафилококктарды іріңнен 1878 жылы Кох, 1830 жылы Пастер тапқан. 1881 жылы Огюстон оларды стафилококк деп атауды ұсынды (стафилос- грекше “жүзім” деген) . Таза дақылдарын бөліп алып,оны жан-жақты зерттеген Розенбах (1874).

Терісі іріңдеп қабынған ( тілме) науқастан (1874 Бильрот ),іріңді аурумен сепсис болғанда (1879, Пастер) стрептококктарды табады. Таза дақылын Фелейзен (1883) және Розенбах (1884) бөліп алады,қасиеттерін толық зерттейді

Пневмониялық стрептококкты (пневмококкты) бірнеше зерттеушілер әр кезде ашып,оның белгілерін анықтаған (Кох – 1871,Клебс – 1875,Пастер-Шамберлан,Ру-1881).Таза дақылын 1885 жылы Френкель боліп алады.1886 жылы Вексельбаум жан-жақты зерттейді.

 

ПАТОГЕНДІ КОККТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТУЫСТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

1/ Генетикалық жақындығы.

2/ Морфологиялық және кейбір биологиялық қасиеттерінің ұқсастығы.

3/Қабыну-іріңдеу процесстерін туғызу қабілеттілігі,сондықтан кокктарды пиогенді деп біріктіреді.

4/ Әртүрлі дәрежеде сепсис және септицемия қоздыру мүмкіндігі.

ОЛАРДЫ БІР-БІРІНЕН ТӨМЕНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН

АЖЫРАТАДЫ :

 

1/ Ферменттік белсенділігі бойынша.

2/ Антигендік құрамын анықтау арқылы.

3/ Грам әдісімен бояу арқылы.

 

ПАТОГЕНДІ КОККТАРДЫҢ ТАКСОНОМИЯСЫ (Берджи,2001)

 

Тұқымдастары I.Staphylococcaceae II.Streptococcaceae
Туыстары Staphilococcus Streptococcus
Түрлері 1.Staph.aureus 2.S.epidermidis 3.S.saprophyticus 1.Str.pyogenes 2.Str.pneumoniae
Туғызатын аурулары Әртүрлі іріңдеп-қабынулар:флегмона,сыздауық,күбіртке, абсцесс,сепсис,іш өту,астан улану. Іріңдеп-қабынулар,сепсис,баспа-ангина,скарлатина

 

 

Бөлінеді: 1/ облигатты анаэробтар (Грам+пептококктар,пептострептококктар,Грам-вейлонеллалар)

2/ факультативті анаэробтар (Грам+стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар, энтерококктар )

3/ аэробтар(Грам-гонококктар,менингококктар )

Қозғалмайды,спора түзбейді,пневмококк капсула түзеді.

Грам + (стафилококктар, стрептококктар),Грам – (менингококктар,гонококктар), L-формаға тез өзгереді.

Көректік орталарға талғамсыз,биохимиялық касиеттері белсенді-стафилококктар;ерекше өсу факторларды қосуды қажет ететін- стрептококктар, биохимиялық белсенділігі төмен – гонококктар.

Стафилококктар – морфология: жузім тәріздес, Грам +. Дақылдандыру: факультативті анаэробтар,аэробтар,элективті орталар – сарыуызды- тұзды агар, тұзды және қан қосылған орта. ЕПА-да домалақ,мөлдірсіз,жылтыр,шеттері тегіс,доңес колон иялар. Пигментт –алтынды,лимонді,сары,ақ.Сорпада – тегіс лайлану береді және тубінде түнбаға туседі.Қан қосылған ортада – гемолиз,СТА – колониялардың сыртында жылтыр “қоршау”.

Ферменттік белсенділігі - қанттық және протеолиттік (глюкоза, лактоза, сахароза, мальтоза, глицерин ж.б.). Желатинді ыдыратады баяу,казеинді сүйытады.

Патогендік ферменттер:коагулаза (қан плазмасын суйытады), гиалуронидаза, лецитиназа (торша қабығындағы лецитинді ерітеді), фибринолизин (фибринді лизистейді), ДНК-аза ( ДНК-ның полимеризациясын бұзады), фосфатаза ж.б. Алтынды стафилококкты стафилококктардың басқа тұрлерінен плазмокоагулаза фермент арқылы ажыратады.

Көбі бэт і – лактамаза (пенициллиназа) ферментін бөледі.

Токсиндер:

І / экзотоксиндер,гемолизин 4-типті

а) гемолизинның қасиеттері: гемолитикалық , терінің некрозына әкеледі. Тері ішіне еңгізгенде – некроз,тамыр ішіне еңгізгенде – токсин әсерінен сезімтал жануарлар өледі.

Б) лейкоцидин (лейкоциттерді жояды).

В) эксфолиатиндер 2-типті, жаңа тұған нәрестелердың тері күлдіреуіне әкеледі.

Г) энтеротоксин- тағамнан улану.

Антигендік құрылысы: протеиндік антиген А барлық алтынды стафилококктарға жалпы.Полисахаридтік антиген А,В,С.

АГ: 1/ пептидогликан

2/ тейхой қышқылдар

3/ белок А

4/ агглютиногендер

5/ капсулалық зат

Стафилококктар бактериоциндерді бөледі.Стафилококктардың антибактериальды препараттарға ( R-плазмида) төзімділігі тез белгіленеді.

Плазмокоагуляция реакциясы:қоян қанынан алынған цитраттік плазманы натрий хлор изотоникалық ерітінмен сұйытады 1:4 олшемінде 37,3-4 сағаттан кеін нәтижесін анықтайды.

Гемолиз – ( альфа-гемолизин – қоян және қой қаны қосылған ортада ашық зоналар көрінеді, бэтті-гемолизин қой эритроциттарын лизистейді).

Анаэробты жағдайда маннитты ферменттеу:маннит қосылған жартылай сұйық агарға сеуіп,бетіне вазелин майды қуяды.Оң нәтижесі- ортаның тұсі өзгереді (ортаның ішінде индикатор болады).

қоршаған ортаның факторларына төзімділік: төзімді,70 Сt-10-15 минуттан кейін жойылады;томен температураға шыдамды,қурғатуға да.Таң жарығынан – бір неше минуттан кейін

Стафилококктар сезімтал: бриллиант жасылға, 1% хлораминге, фенолді қолдануға болмайды, ұйткені белоктың коагуляциясы өтсе микробтар жойылудан сақтанылады. Дезинфекциялық заттар – 20-30 минут. Сезімтал жануарлар – ірі және ұсақ кара мал,жылқылар,шошқалар,тауықтар,қояндар,ақ тышқандар,мысықтар.

Инфекция көзі – ауру адамдар және бактерия тасымалдаушылар.

Таралу жолы-контакт арқылы,ауа–тамшы, ауа-шаң, тағам арқылы.
Патогенез: тері және кілегейлі қабықтардан өтеді.

Иммунитет: табиғи,тұрақты,механикалық факторлармен байланысты,фагоцитозбен және АД.

Спецификалық профилактикасы:стафилококкты анатоксин және антистафилококкты иммуноглобуллин.

Емдеуі : антибактериальды препараттар, поливалентті стафилококк бактериофагі,антистафилококк плазма және Іg сепсисте.Созылмалы инфекцияларда – аутовакцина,анатоксин.

Стрептококктар:полиморфті,ұсақ кокктар,шар тәріздес,сопақша,жаңа бөленген дақылдарда кейде капсула тұзеді.

Дақылдандыру: факультативті анаэробтар.Ұсақ,сопақ, сүр тұсті,гемолиз +,минус. .Көмірсу,қан,сарысу қосыл-ған орталарда өседі.

Қант қосылған сорпада стрептококктар пробирка шеттерінде және түбінде ұсақденешектік т ұнба болып тұседі,сорпаның негізі мөлдір болып қалады.

Ферменттік белсенділігі:қанттық қасиеттері-глюкоза,лактоза,сахароза,мальтоза+,минус.

Протеолиттік қасиеттері: төмен (сұтті ірітеді,желатинді ыдыратпайды).

Токсиндер:1/ стрептолизиндер ( эритроциттерді ерітеді,О-стрептолизиндердің кардиотоксиндік әсері бар); 2/ лейкоцидин(лейкоциттерді бұзады)

3/ эритрогенді токсин – скарлатина ауруының клиникасына жауапты.

4/ цитотоксиндер – громерулонефриттердің дамуында маңызды.

Патогендік ферменттер:а) фибринолизин-стрептокиназа

б) гиалуронидаза

в) ДНК-аза

 

Иммунитет:антитоксиндік,антибактериальді

Спецификалық профилактика:жоқ.

Иммунитет скарлатинада:антитоксиндік,тұрақты,қоздырушы S.pyogenes серотоп А.

Дик реакциясы- ( скарлатина ауруына сезімталдықты анықтау ұшін ). Тері ішіне эритрогендік токсинді еңгізеді. Оң реакция- гиперемия,ісіну (қан сарысуында антитоксинның жоғы). Сау адамдарда - өзгерістер болмайды.

Ленсфильд бойынша преципитация реакциясы.

Str. pneumoniae – капсула+,оның астында М-протеин антиген орналасады; диплококк, формасы ланцет тәрізді.

Дақылдандыру: сарысу қосылған ортада нәзік,ұсақ,мөлдір колониялар тұзеді. Қан қосылған ортада – ылғалды колониялар жасыл-сұр түсті (гемоглобин-метгемоглобин).0,2 ,глюкоза,сарысу қосылған ортада – диффуздық лайлану және тубінде түнба береді.

Ферменттік қасиеттері:лактоза,глюкоза,сахароза,инулин +к.

Протеолиттік қасиеттері:сұтті ірітеді,желатинді ыдыратпайды, индол түзбейді.

 

Str. pneumoniae ажырату Str. Pyogenes :

1/ инулинді ыдырату;

2/ өтте сүйықтану;

3/ оптохинға сезімтал.

Токсиндер:эндотоксин,гемолизин,лейкоцидин,антифагин,капсула+. Протеиндік антиген жалпы..Полисахаридтік антиген спецификалық – 84 сероварлары бар:І ,ІІ,ІІІ – патогенді.

Тұрақтылық: тұрақсыз,оптохинге сезімтал.

Таралу жолдары:ауа-тамшы,ауа-шаң. Қоздыратын аурулар: крупозді пневмония,отит,мүйізді қабықтың қабынуы.

Иммунитет:тұрақсыз.

Спецификалық профилактика:поливаленттік вакцина.

Пневмококктардың лабораторлық диагностикасы:

1/ микробиологиялық

2/ микроскопиялық

3/ биологиялық- қақырықпен ақ тышқандарды зақымдайды – қан қосылған ортаға себеді.

ІІІ- зерттеу күні: 1/ Гисс орталарға

2/ инулин қосылған орталарға ( орта қызылтүске боялады)

3/ оптохин қосылған орталарға

4/ өтпен сынама жасайды ( лайлану)

 

Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Қандай лабораторлық диагностика әдістерін білесіздер?

2. Стафилококкалы инфекцияның материалы не болып табылады?

3. Стафилококкалы және стрептококкалы инфекцияның басты лабораторлық диагностика әдістерін атаңыздар ?

Қоздырғыштары стафилококк, стрептококк болып табылатын қандай ауруларды білесіздер

Тақырыбы: Грам теріс кокктар (менингококктар, гонококктар).

Грам- кокктар,диплококктар,коккобактериялар төрт тұыстастықтарға жатады. Адамның патологиясында негізгі маңызы бар Neisseria тұыстастығының екі түрі – N.meningitidis және N.

gonorrhoeae, менингококктық инфекцияны және сөз ауруларын қоздыратын. Вranhamella , Moraxella өкілдері адамда қабыну ауруларды қоздырады. Кейінгі жылдардың корсеткіштері








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 4346;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.033 сек.