Тарау. ҚАЗІРГІ ЗАМАН СОЦИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

 

Социология жеке индивидтерді, түрлі әлеуметтік топтарды, жалпы қоғамды, әлемдік немесе қазіргі атауы ғаламдық қауымдастықты зерттеумен келеді. Сонымен қатар түрлі дәуірлердегі социологияда бірінші, кейде екінші әлеуметтік бірліктерге көңіл бөлінді. Бұл жағынан келгенде социология тарихын, парадигмалардың ауысуы немесе макросоциологиялық (қоғам және басқа да ірі әлеуметтік құрылымдар) және микросоциологиялық (сараптаудың негізгі пәні - индивид) амалдардың айналымы ретінде қарастыруға болады. Макросоциологиялық теориялардың ішінде құрылымдық функционализм жетекші орын алады.

Жаңа заман социологиясының ерекшелігі екі тәсілдің синтезінде, бұл жерде әңгіме Энтони Гидденс, Пьер Бурдье, Питер Штомпка және басқа белгілі социологтардың идеялары мен еңбектері туралы болып отыр.

Жаңа заман социологиясының тағы бір ерекшелігі, оның индивид пен топтар арасындағы өзгеріс пен дамуға бағытталған байланыстар мен өзара әрекеттерге баса көңіл бөлуінде. Бұл тұрғыда социологиялық теориялар өзгеше жолмен түрлендіріледі: эволюционизм, жүйелік теориялар және қақтығыс теориялары.

Теориялық социологияның қазіргі жай-күйі социологтар, зерттеушілер алдына социологиялық парадигма таңдау мәселесін қойып отыр. Жаңа социология ілімінің жай-күйіне жиырмасыншы ғасырдың ірі социологтары П.Сорокин, Т.Парсонс, Э.Гидденс, Н.Луман, П.Бурдье және басқалардың тұжырымдамалары зор ықпал етті. Сонымен қатар қазіргі заман қоғамын түсіндіру үлгісі ретіндегі классикалық социология ілімінің мүмкіндіктерін жоққа шығару үрдісі жеткілікті түрде айқындала түсіп, классикалық емес социологиялардың, дәстүрлі емес социологиялық парадигмалардың негізі бар тұжырымдамалар кең етек жаюда. Дегенмен, көптеген парадигмалар мен социологиялық бағыттардың ішінен ХХІ ғасырдың ықтимал перспективасы ретінде - әрекет-белсенділік тәсілін айтуға болады. Ол Энтони Гидденс, Маргарет Арчер, Пьер Бурдье, Джеффри Александер, Питер Штомпка және басқа социологтар жасаған тұжырымдамаларда көрініс тапты.

Бұл тарауда қазіргі заманғы социология ғылымының жаңа теориялары мен тұжырымдамалары қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда жаһандану теориясы социологтардың шағын тобына ғана керек емес, саясаткерлер де, экономистер де, журналистер де жаһандану теориясымен танысуға мұқтаж болып отыр.

 








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 2211;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.