Азіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін жүзеге асыру
Енді координаттардың аспан жүйелерінің әртүрлі жүзеге асыруларын толығырақ қарастырайық.
1998 жылға дейін квазиинерциялық жүйе 1535 жұлдызды кіргізетін FK5 (фундаменталь каталог 5) түрінде жүзеге асырылған еді. Бұл жұлдыздардың координаттары бір жылда ~0’’,08 қателікпен, ал меншікті қозғалыстар доғаның ~1 мс қателікпен белгілі. Қосымша каталог (FK5-sup.) 3117 жұлдызды кіргізеді, олардың координаттары мен меншікті қозғалыстары көбірек қателіктермен белгілі: бір жылда ~0’’,12 және доғаның 2 мс-і, сәйкесінше. FK5 жүйенің негізгі жазықтығы J2000.0 стандарт дәуіріндегі экватормен, ал тік шарықтауларды санау басы – экватордың эклиптикамен J2000.0 дәуіріндегі қиылысуымен, дәлірек айтсақ сол дәуірде Күн центрі аспан экваторын оңтүстік жартышардан солтүстік жартышарға қозғалған кезде қиып өту нүктесімен (^ нүктемен) анықталған еді. Жер мен Күннің координаттары, демек эклиптиканың орналасуы, күн жүйесінің денелерін бақылау және олар үшін динамика теңдеулерін шешу негізінде (яғни динамикалық әдіспен) анықталған. Сондықтан экватор мен эклиптиканың қиылысуымен анықталатын күн мен түннің теңелу нүктелері динамикалық күн мен түннің теңелу нүктелері деп, ал Күн центрінің көктемгі күн мен түн теңелуінің динамикалық нүктесі арқылы өту мезеті – динамикалық күн мен түннің теңелуі деп аталады. Демек FK5 жүйедегі тік шарықтаулардың санау басы динамикалық күн мен түннің теңелу нүктесі болып табылады да, ^J2000.0 деп белгіленеді.
Бірақ АҰБР-ғы бақылаулар нутацияның ХАО1980 теориясында болған қателіктер себебінен J2000.0 дәуіріндегі орташа аспан экваторы FK5 жүйесінің экваторымен беттеспейтінін, сондықтан J2000.0 экваторға сәйкес келетін PJ2000.0 полюсі де PFK5 полюстерге қатысты ығысқан екендігн көрсетті. Осыған сәйкес, FK5 жүйесіндегі тік шарықтауларды есептеу басы (ОFK5) де ^J2000.0 нүктемен беттеспейді.
1998 ж. 1 қантарынан бастап ХАО шешімі бойынша аспан координаттар жүйесі ретінде галактикадан тыс радиокөздер каталогы қабылданған, ол Координаттардың халықаралық аспан жүйесі (International Celesterial Reference System - ICRS) деп аталады. ICRS 212 тірек радиокөздердің координаттарымен жүзеге асырылады. Тығыздау толтырылу үшін оларға координаттары аз дәлдікпен өлшенген 396 қосымша көздер қосылған. Жаңа санақ жүйесінің жасалуы АҰБР –дағы 20-жылдық бақылаулар нәтижелерінің арқасында мүмкін болды. ICRS - ң остері квазарларға қатысты бекітілген.
Жаңа санақ жүйесі кинематикалық принципте негізделген: жүйенің остері Әлемнің белгілі объектер ішіндегі ең алшақтарына қатысты қозғалмайтын болып қалады. ХАО ұсынысына сәйкес ICRS жүйенің полюсі FK5 полюсімен оның қателіктері шегінде ( =доғаның 50 мс) келіседі және J2000.0 полюсіне жақын болып табылады (1.12 сурет). ICRS жүйенің тік шарықтауларды есептеу басы да FK5 жүйемен келісілген және J2000.0 динамикалық күн мен түннің теңелуіне жақын. Яғни ХАО ұсынысы бойынша ICRS остерінің бағыттары FK5 жүйемен келісілген.
Бұны жүзеге асыру үшін ICRS жүйедегі тік шарықтауларды санау басы былай анықталды. Әртүрлі каталогтардан 23 радиокөз, олардың ішінде 3С273 квазар да, таңдап алынды, одан кейін олардың әрқайсысының тік шарықтауларының орташа мәндері есептелінді. Одан кейін көздердің координаттары 3С273 квазардың орташа тік шарықтауының FK5 іргелі каталог жүйесіндегі мәніне (α = 12h 29 m 6 s,6997) сәйкес келетіндей түзетілді, яғни бұл мән мен 3С273-ң орта тік шарықтауының айырмасы қалған 22 көздердің тік шарықтауларына қосылды: . Мұндай анықтау барысында көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі эклиптикаға байланбайды.
1.17 суретте FK5 және ICRS жүйелердегі тік шарықтауларды есептеу басы болып табылатын ОFK5 және ОICRS нүктелері, сондай-ақ динамикалық күн мен түн теңелуінің ^J2000.0 нүктесі белгіленген экватордың бөлігі көрсетілген. J2000.0 дәуіріндегі экватордың эклиптикаға қатысты дәл көлбеуі ε=23026’21’’,448.
1.17 сурет - ICRS полюсі (PICRS), FK5 полюсі (PFK5), PJ2000.0 полюсі, тік шарықтауларды есептеу бастары |
Дата добавления: 2015-05-16; просмотров: 1781;