Атты ерітінділер. Еңгізу және орналастыру қатты ерітінділер. Шектелген және шектелмеген қатты ерітінділер.

Металдық қорытпаның құрылысы қорытпаны құрайтын компоненттердің қандай әрекетке түсетініне тәуелді.Металдардың көбісі сұйық түрде бір-бірінде ериді.

Компоненттердің әрекеттесуына байланысты қорытпалар былай бөлінеді:

1) механикалық қоспа

2) химиялық қосынды

3) қатты ерітінді

Компоненттер қатты күйде бір-бірінде ерімесе және де химиялық реакцияға түспеген жағдайда механикалық қоспа түзіледі.Қорытпа оған кіретін компоненттің кристалдарынан тұрады(4.1.сур). Қорытпада компоненттердің кристалдық торы сақталады.

Сүр. 4.1. Механикалық қоспаның микроқұрылымыңың схемасы

Құрылысы мен қасиеттері әртүрлі элементтер арасында түзілетін қорытпа химиялық қоспа деп аталады.

Осы қорытпалардың ерекшеліктері:

1.Құрамының тұрақтылығы, яғни қорытпа компоненттің белгілі бір қатынасында түзіледі,химиялық қосынды An Bm деп белгіленеді.

2.Химиялық қосынды құрайтын, элемент торларынан ерекшеленетін, атомдары дұрыс ретпен орналасатын спецификалық кристалдық тор түзіледі.

3. Өзіне тән қасиеттер айқын көрінеді.

4. Кристалданудағы температураның тұрақтылығы,таза компоненттер сияқты..

Сүр. 4.2.Химиялық қоспаның кристалдық торы

 

Қатты ерітінді қорытпасы дегеніміз- компоненттер арасындағы қатынас өзгере алатын қатты фаза. Олар кристалдық заттар болып табылады.

Қатты ерітінді бірдей дәндерден тұрады.(4.3 сур)

Сүр.4.3. Қатты ерітіндінің микроқұрылымыңың схемасы








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1654;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.