Пластикалық деформация.
Металл және қорытпалар қатты күйінде кристалдық құрылымға ие және олардың деформациясы кристалл құрылымының типіне және осы құрылымдағы шектеусіздіктің болуына байланысты.
Монокристалды пластикалық деформацияны қарастырайық. Пластикалық деформация жанама кернеу әсерінен өтіп екі әдіспен жүруі мүмкін:
1.Жазықтықта трансляциялық жылжу. Кристалл атомдарының бір қабаттары басқа қабаттары арқылы жылжиды.Сонымен қатар олар түгел атомаралық қашықтыққа тең дискретті шамаға ауысады. Сырғанау жолдарының аралықтарында деформация жүрмейді. Қатты дене пластикалық деформация кезінде өзінің кристалдық құрылымын өзгертпейді және қарапайым ұяшықтарда атомдардың орналасуы сақталады. Атомдары тығыздау шоғырланған кристаллографиялық жазықтық сырғанау жазықтығы болып табылады. Бұл деформацияның қысым арқылы өңдеудің маңызды түрі.
2.Еселену.Кристалдың бір бөлігінің басқа бір бөлігіне симметриялық жағдайдағы бұрылысы. Еселену жазықтығы симметрия жазықтығы болып табылады. Еселену көбіне кристалдардың көлемдік орталық және гексагональды торымен пластикалық деформация кезінде пайда болады, сонымен қатар деформация жылдамдығының өсуімен және температураның төмендеуімен еселенуге бейімділік төмендейді. Еселену сыртқы күштердің қозғалысы нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар пластикалық деформацияланған денені жасыту нәтижесінде туындауы мүмкін. Бұл кубты қырлы центрленген торлы металдарға тән. Еселену арқылы деформацияның белгісіз дәрежесіне қол жеткізуге болады.
Сүр.6.5. Пластикалық деформацияның әр түрлі әдістерінің сұлбасы, а) сырғанау арқылы; б)еселену арқылы;
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 2322;