Көпфакторлы экспериментті оңтайлы жоспарлау.

Зерттеушілермен шешілетін міндеттердің барлығы екі топқа біріктіріледі:

- нысан және фактор параметрлері арасындағы байланысты анықтау. Бұл топтың міндеттерін интерполяционды деп атайды.

- зерттеу нысаны параметрлері оңтайландыру, яғни, нақты жағдайда параметрлер мәнінің ең қолайлы үйлесуін анықтау. Бұл топтың міндеттерін экстремалды деп атайды.

Көпфакторлы экспериментті оңтайлы жоспарлау – оңтайландырудың алға қойған міндетін шешуге қажетті және жеткілікті сынақтарды жүргізу шарты мен санын анықтау тәсілі. Мұндай жоспарлау диалогтық режимдегідей (эксперименттің әр кезеңінде негізделген шешім жасау мүмкіндігі) эксперимент жүргізу үдерісінің қадамдық сызбасын анықтау мүмкіндігіне, барлық факторларды бір уақытта түрлендіру кезінде зерттеу нақтылығы деңгейін төмендетпей, экспериментке сынақтың ең аз санын енгізуге негіз болады. Көпфакторлы экспериментте фактор сөзімен зерттеу үдерісінің қандай да бір параметрінің (параметрлерінің) мәніне әсер ететін ауыспалы шамалар түсініледі. Экспериментті жоспарлау кезінде сынақта түрленетін шама мәні деңгей деп аталады.

Көпфакторлы экспериментті оңтайлы жоспарлаудың бірқатар артықшылықтары бар:

- басқа факторлардың өзгермеуі кезінде әр фактордың зерттеліп отырған параметріне әсерін жеке-жеке зерттелетін классикалық бірфакторлы әдіске қарағанда сынақ санының аздығы;

- зерттеу нәтижесін математикалық үлгі түрінде ұсыну мүмкіндігі;

- факторлар қызметінің нұсқаларын оңтайландыру мүмкіндігі.

Экспериментті заманауи жоспарлау кезінде экстремалды көпфакторлы экспериментті оңтайлы жоспарлау – экспериментті зерттеудің негізгі әдістерінің бірі, осыған орай, аталған мәселені барынша жан-жақты қарастыру қажеттігі туындайды, сондықтан да келесі тараушаны осы мәселеге арнаймыз.

 








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 2272;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.