Арай жіктеу

 

Механикалық элементтердің атауы Көлемі, мм
Тас >3
Қиыршық тас 1-3
Құм ірі 1 - 0,5
орташа 0,5 – 0,25
ұсақ 0,25 – 0,05
Шаң ірі 0,05 - 0,01
орташа 0,01 – 0,005
ұсақ 0,005 – 0,001
Тозаң ірі 0,001 – 0,0005
майда 0,0005 – 0,0001
Коллоидтар < 0,0001

 

Механикалық элементтер пайда болуына байланысты минералды, органикалық және органо-минералды болып келеді. Олар тау жыныстарының сынықтарынан, минералдардан, қарашірінді заттардан, органикалық және минералды заттардың әрекеттесуінен пайда болған қосылыстардан құралады.

Көлемі 0,01 мм-ден үлкен механикалық элементтер физикалық құм, ал 0,01 мм-ден кішілер физикалық балшық деп аталады. Көлемі 1мм-ден үлкен бөлшектер топырақтың қаңқасын (тас бөлігін), ал 1мм-ден кіші бөлшектер топырақтың майда бөлігін құрайды. Топырақтың құрамында механикалық элементтер топтарының мөлшері әр түрлі болады. Олардың бір-бірімен салыстырмалы мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамы деп аталынады. Топырақты гранулометриялық құрамына қарай жіктеу үшін оның құрамындағы физикалық балшық және физикалық құмның салыстырмалы көрсеткіші қолданылады. Н.А.Качинскийдің (1965) топырақтарды гранулометриялық құрамына байланысты жіктеуі іс жүзінде қолдануға өте ыңғайлы. Ол топырақ зерттеушілер арасында мақұлданып, кең тараған (10-кесте). Гранулометриялық құрамы құм, құмайт болып келсе олар «жеңіл» топырақтар, ал ол ауыр құмбалшық, саздақ, балшық болса – «ауыр» топырақтар қатарына жатады.

 

10 – кесте. Топырақтың гранулометриялық құрамының жіктелуі

Физикалық балшық мөлшері (0,01мм–ден кіші бөлшектер), % Гранулометриялық құрамның атауы
Дала аймағы топырақтары Кебір және өте кебірленген топырақтар
0-5 0-5 борпылдақ құм
5-10 5-10 біріккен құм
10-20 10-15 құмайт
20-30 15-20 жеңіл құмбалшық
30-45 20-30 орташа құмбалшық
45-60 30-40 ауыр құмбалшық
60-75 40-50 жеңіл құмбалшық
75-85 50-65 орташа балшық
> 85 > 65 ауыр балшық

 

Топырақтың гранулометриялық құрамы оның пайда болу процестеріне, қасиеттеріне әсер етеді. Топырақтың гранулометриялық құрамы өзгеше болса, онда табиғи жағдайлар бірдей болып келгеннің өзінде қасиеттері әр түрлі топырақтар құралады. Топырақтың ылғалдылық, физикалық, физикалық–гранулометриялық, ауа, жылу қасиеттері, сіңіру қабілеті, қоректік заттар мөлшері оның гранулометриялық құрамымен өте тығыз байланысты. Гранулометриялық құрамы құм, құмайт «жеңіл» топырақтардың су өткізгіштігі жақсы және тез қызады. Бірақ біршама нашар қасиеттері де бар. Олардың су тұту қасиеті және сіңіру қасиеті төмен, қоректік заттар мөлшері аз. Сонымен бірге осындай топырақтардың байланыстылығы қасиеті өте нашар болып, үгіліп эрозияға тез шалдығады.

Қазақстанның солтүстік өңірінде тараған қара топырақ және қоңыр топырақ типтерінің ішінде жеңіл гранулометриялық құрамы бар 3 млн. 738 мың га топырақ ауданы бар. Олар аталған топырақ типтері жамылғысы ауданның 13,8% құрайды. Әсіресе жеңіл топырақтар Павлодар облысында көп кездеседі.

Ауыр құмбалшықты және балшықты гранулометриялық құрамы бар топырақтардың байланыстылығы және ылғалды сіңіріп ұстауы жақсы. Олар, қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілген. Бірақ оларды өңдеуге көп қуат жұмсалады. Гранулометриялық құрамы ауыр топырақтардың физикалық, физикалық-механикалық қасиеттері, су өткізгіштігі нашар, тығыздығы жоғары, жабысқақ, ауа және жылу қолайсыз болып келеді.

Түйіртпектілігі нашар дамыған топырақтардың гранулометриялық құрамы жеңіл құмбалшық және орташа құмбалшық болып келгенде олардың қасиеттері жақсарады. Ал далалық аймақтың құрылымы жақсы қара топырақтарының ауыр құмбалшықты, балшықты түршелері мол ылғал қорын жинақтап өсімдіктердің өніп-өсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Топырақтардың гранулометриялық құрамы аналық тау жыныстарынан көшкен аса өзгермейтін тұрақты белгі. Топырақты пайдаланғанда, оның гранулометриялық құрамының ерекшеліктері әрқашанда ескеріліп отырылуы қажет.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3491;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.