Жанжалды жіктеу

 

Әлеуметтік жанжалдың көптеген түрлері бар. Социологиялық талдаудың ыңғайлылығы үшін, жанжалдың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін олардың жіктелімі мен жіктелуі қажет.

Қоғамдық ұйымдарға сәйкес жанжалдар келесі деңгейлерде пайда болады:

индивид;

әлеуметтік топ;

топтар;

социеталды жүйелер;

жалпы қоғам.

Көптеген ғалымдардың бағалауы бойынша, әсіресе байсалды сипатта - әлеуметтік топтар арасындағы жанжалдар мен институционалды жанжалдар қайта жасауға негіз болатын әлеуметтік институттар жоқтығынан аса ірі жанжалдарға ұласады.

Зерттеу барысында әлеуметтік жанжалдың үш үлгісі бөлініп шығады:

Либералдық.

Авторитарлық-консервативтік.

Социалистік.

Либералдық үлгі топтық мүдделердің қақтығысына негізделеді. Авторитарлық-консервативтік - жетекшілік ететін элита мен бұқараны қарама-қарсы қоя отырып, либералдық, парламенттік демократия сынына негізделген. Социалистік үлгі қоғам мен мемлекетті қарсы қоюдан терең таптық жанжалға дейін барады.

Жанжалдардың күшею себебінің сипаты бойынша, олар негізгі үш топқа бөлінеді:

1. Өмірлік құралдардың себептері бойынша жанжалдар немесе қажеттілік жанжалдары.

2. Жанжалдар мүдделердің соқтығысуы ретінде.

3. Құндылықты жанжалдар.

Жанжалдардың күшеюінің негізгі салалары рухани және экономикалық, этносаралық қатынастар болып табылады. Саяси саладағы жанжал билік пен жауапкершіліктің сәйкессіздігі салдарынан саяси мүдделердің, құндылықтардың және көзқарастардың қарама-қайшылығымен негізделген саяси субъектердің алысуы мен соқтығысуы болған кезде пайда болады. Бұл субъектінің басқалармен саяси қатынас жүйесіндегі ықпал үшін, көпшілікке маңызды шешімді қабылдауға қол жеткізу үшін, бір сөзбен айтқанда саяси үстемдік пен билік құрастырғандардың бәрі үшін күрес.

 








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 2342;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.