Сурет. Топырақтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны

 

Сонымен бірге топырақтың химиялық құрамын, физикалық қасиеттерін анықтауда, зерттеу барысында алынған мағлұматтарды статистикалық жолмен сұрыптап, математикалық болжамды мөлшерлік үлгі (модель) жасау үшін химия, физика, математика, информатика ғылымдарының алатын орыны айрықша.

Топырақтану ғылымының өрістеп-дамуы басқада жаңа ғылым салаларының пайда болуына ықпалын тигізді. Олар биохимия, геоботаника, биогеоценология, ландшафтану, экология ж.б. В.В.Докучаевтың әдістеме жүйесін қолдана отырып, оның оқушысы және жолын қуушы академик В.И.Вернадский биосфера және ноосфера туралы ілімнің негізін қалады. Қазіргі экология және қоршаған орта жайлы ілімдердің дамуына В.В.Докучаевтың дамытқан ғылыми тұжырымдары (концепциялары) қомақты үлес қосты.

Топырақтанудың кең ауқымды түрде басқа ғылымдармен қатынасының тығыз болуы топырақтың ерекше табиғи дене екендігіне және алуан түрлі ғылымдар зерттейтін жер геосфераларының тоғысқан межесінде топырақтың пайда болып, оның дамуының әрі қарай жүріп жатқандығында. Топырақтану ғылымы дами отырып қазіргі кезде әр– алуан ғылыми бағыттағы тарауларға бөлінеді.

Бастапқыда бұл ғылымды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Біріншісі – жалпы топырақтану (іргелі), екіншісі – арнайы топырақтану (қолданбалы).

Жалпы топырақтану бағытында ғалымдар топырақтың негізгі қасиеттерін, пайда болуын, таралуын, жіктелуін зерттейді. Ал арнайы топырақтану бағытында ғалымдар топырақты пайдалану барысында туатын мәселелерді зерттеп, анықтайды.

Іргелі топырақтану ғылымының дамыған салалары: топырақ морфологиясы, топырақ физикасы, топырақ минералогиясы, топырақ географиясы, топырақ тарихы, топырақ құнарлығы, топырақты қорғау, топырақ картографиясы ж.б.

Арнайы топырақтану бағытында осы ғылымның салалары – ауыл шаруашылық топырақтануы, орман шаруашылығы топырақтануы, инженерлік топырақтану, мелиорациялық топырақтану, экологиялық топырақтану болып келеді. Топырақтану ғылымы жоғары дәрежеде ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егіншілік саласымен тығыз байланысты.

Сондықтан ауыл шаруашылығы немесе агрономиялық топырақтану ғылымы кең көлемде дамып жетілген. Осы бағытта топырақтану ғылымының алдына қойылатын, ғылыми және өндірістік дәрежеде шешуін қажет ететін мәселелер келесідей: шаруашылықта жер ауданын ұтымды орналастыруды ұйымдастыру, топырақты егіншілікте тиімді пайдалану, өсімдіктерді топырақтың қасиеттеріне байланысты сұрыптап егіп-өсіру, топырақты ауыспалы егіс жүйесінде қолайлы қолдану, топырақты оның қасиеттеріне, таралу аймағының экологиялық жағдайына байланысты өңдеп-баптау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін, мелиорация тәсілдерін топырақтың құнарлылығының ұдайы өндіріліп отыруын қамтамасыз ету бағытында қолдану, топырақты құнарсызданудан сақтау, жел және су эрозиясынан қорғау.

Топырақтану ғылымы топырақтың дамуын, құрамын, қасиеттерін, оның бойында жүріп жатқан өзгерістерді зерттеу үшін әр саладағы ғылымдардың озық әдістемелерімен бірге келесідей зерттеу әдістерін кеңінен қолданады:

· географиялық салыстырмалы әдіс - топырақты пайда болу жағдайлармен қатар зерттеп, оның қасиеттерімен құрамының топырақ түзуші факторлармен корреляциялық байланысын анықтау;

· далалық тәжірибелерде немесе орнықты түрде топырақтың қасиеттерін, режимдерін зерттеу әдісі;

· топырақтың тік кескінін зерттеу әдісі;

· топырақтағы өзгерістер процестерінің моделін жасау арқылы зерттеу жүргізу әдісі ж.б.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2873;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.